«Тапқыр достар» сайысы
Жүргізуші:Құрметті жетекшілер мен білімге құмар,өнерге құштар лагерь демалушылары! «Тапқыр достар»атты сайысымызға хош келдіңіздер! «Білекті бірді,білімді мыңды жығады»,-дегендей бүгінгі сайыста білімдерің шыңдала берсін,биіктерден көріне беріңдер деп сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші:Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба орта жолда қалыспа.
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс,мәре жақын ба,әлде алыс па!-деп әділқазылар алқасымен таныс болайық!
Сайыс шарттары:
1.Таныстыру 2.Сөз тапқанға қолқа жоқ
3.Кім жылдам? 4.Тапқыр болсаң тауып көр!
5.Кім көп біледі?
Жүргізуші:Өнер менен білімде,
Әркімнің өз жолы бар!
Сайысарлық бүгінде,
Өзіндік менің үнім бар!- деп білімпаз жастар өздерін таныстырып өтсін.
2- бөлім «Сөз тапқанға қолқа жоқ»- әр қатысушыға әріптер таратылып беріледі, сол әріп бойынша сұраққа тез жауап беру керек
1.Танысып қояйық,есіміңіз кім? 2.Нешедесіз?
3.Мектепке не үшін келесіз? 4.Лагерьде достарың кім?
5.Болашақта кім болғың келеді? 6.Ең сүйікті пәнің?
7.Лагерьді не үшін жақсы көресің? 8.Білім не үшін керек?
9.Соңғы оқыған кітабың қалай аталады? 10.Кітапханада қандай кітаптар бар?
Әділқазы бағасы
3-бөлім «Кім жылдам?»- сұраққа жылдам жауап беру шарт
1-топқа:
1.Егемендігімізді қашан алдық? - 1991ж. 16 желтоқсан
2.Соңғы Президент сайлауы қашан өтті? 2011 жыл,3 сәуір
3.Бес арыс кімдер? Мағжан,Ахмет,Міржақып,Жүсіпбек,Шәкәрім
4.«Қазақ хрестоматиясын»жазған кім?-Ы.Алтынсарин
5.Қазақтың ұлттық ойындарын ата.Тоғызқұмалақ,бес тас,ханталапай
6.Мақалдың жалғасын тап: Кітап-білім бұлағы.......
7.Неше дауысты дыбыс бар?- 12
8.Ана туралы мақал-мәтел айт.
9.Ұннан жасалатын тағамдарды ата.
10.Нумизматика нені зерттейтін ғылым?- ақша
11.Білім-теңіз,---- кеме : Мектеп-школа –school
2-топ:
1.Әнұран авторлары?- Н.Назарбаев,Ж.Нәжімеденов,Ш.Қалдаяқов
2.Азиада ойыны қашан болды ?-2011 жыл, 30 қаңтар -7 ақпан
3.Қазақтың атақты би-шешендері-Жиренше,Досбол,Төле би,Әйтеке би
4.М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда»поэмасындағы көл аты-Жетімкөл
5.Қазақтың ұлттық тағамдарын ата-бауырсақ,құрт,ірімшік,
6.Мақалдың жалғасын тап -Әдепті бала-арлы бала,.....
7.Неше дауыссыз дыбыс бар?- 26
8.Отан жайлы мақал-мәтел...
9.Геральдика ұғымы нені зерттейді?-елтаңба
10 Грек авторлары «азиялық скиф» деп атаған тайпалар?-сақ
11.Ауылдан асқан байлық жоқ,неден қымбат қазына жоқ- кітап-книга-book
Әділқазылар бағасы
4-бөлім: «Тапқыр болсаң, тауып көр»-әр түрлі заттарды мимикамен көрсету
1-топ: қалам,су,кітап,нан,мұғалім,парта,компьютер
2-топ:дәптер,қария,тарақ,биші,өшіргіш,стол,телевизор
Әділқазылар бағасы
5- бөлім: «Кім көп біледі?»-2 топқа логикалық сұрақ беріледі
Әділқазылар бағасы
-Осымен сайысымыз аяқталды. Әділқазылар бағасын шығарғанша музыкалық ән-шашуымызды тамашалаңыздар!
Жүргізуші: Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да,
Оған да үкі,тұмар тағылса да,-дегендей сөз кезегі
Әділқазылар алқасына беріледі.
Жеңімпаздар марапатталады.
Жүргізуші:Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Біліммен аспанға жол салынар,-деп білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік!
1-топ:
Адам тоғызқұмалақты 1 сағат ойнайды.2 адам неше сағат ойнайды?
Ағаштың басында отырған 10 қарғаның біреуін аңшы атып түсірді.Неше қарға қалды?
1 жұмыртқа 5 мин.пысады.5 жұмыртқа неше мин.пысады?
2-топ:
Тауық 6 кг.тартады.Егер 1 аяғымен тұрса,неше кг.тартады?
Қандай санды оңға қарай оқысаң да,солға қарай оқысаң да сол сан шығады?
Теректің басында 50 алма пісіпті.Оның 30 алмасынан тосап қайнатылды.Қанша алма қалды?
Достарыңызбен бөлісу: |