Жұмбақтар мен логикалық сұрақтар
Пешсіз піскен,
Ыдыссыз ішкен. (ана сүті)
Тарағым бар таранбаймын,
Орағым бар лора алмаймын.
Сақалым бар ал бірақ,
Мен ақсақал бола алмаймын.(кірпі)
Екі басты айдаһар
Бәрін қырып-жояды.
Екі аяқпен жер тіреп,
Қағазды жеп қояды(қайшы)
Ақ көбік боп көпірген,
Керексізді кетірген. (сабын)
Сарғайып отсыз піседі,
Үзіліп жерге түседі. (өрік)
Өзі түзу, ізі қисық бір аттың,
Өшпес ізін бала кезден ұнаттым.
(қалам)
Инеліктен аумайды,
Қанаты бір талмайды. (ұшақ)
Бап-бап, бапылдақ,
Бапылдақта – қызылтақ.
Қызылтақта – үш тармақ,
Үш тармақта – шұңқыршақ,
Шұңқыршақта – бал қаймақ,
Бал қаймақта – сұр жайдақ,
Сұр жайдақта – сері бойдақ. (от, шоқ, ошақ, қазан, тамақ, қазанның қақпағы, шөміш)
Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (ауа)
Өзінде жан жоқ,
Бойында қан жоқ.
Айтқанды ұғады,
Көңілден шығады. (робот)
Тегі шөп, түсі көк,
Өзін әркім-ақ ұнатады,
Жеген адамын жылатады.
(сарымсақ)
Доп -домалақ шар,
Ортасында оты бар. (электр шамы)
Төрт бұрышты, қатты,
Дәмін татсаң тәтті. (қант)
Сумен дос ғажабы,
Содан келер ажалы. (сабын)
Найзасымен піседі,
Піскен жері іседі. (ара)
Оңтүстікте өседі,
Жаз бойы су кешеді.
Сол маржанды аяулы,
Ел ырысы деседі. (күріш)
Көктемде көктеп масағы,
Шілдеде жайнап шашағы.
Тамызда толық толықсып,
Қауызын күзде ашады.
(бидай)
Жылы үй, темір оның дөңгелегі,
Түссе де қанша салмақ өңгереді.
Көздеген жеріңе тез апарады,
Сол үймен жүргенді ел жөн көреді.
(пойыз)
Төрт саусағы сүйір,
Шөпке өзі үйір. (айыр)
Айдалада бір айна,
Беті көкшіл шар айна. (көл)
Көзбен оқисың,
Көңіліңе тоқисың. (кітап)
Денесі жоқ, иығы бар.
Бірақ өзі киім құмар. (киім ілгіш)
Үлкендігі алмадай,
Сырты жанған қызыл от.
Ішін жарып қарасаң,
Майда-майда қызыл шоқ. (анар)
Бір қарттың болады екен төрт баласы:
Кенжесінің тым қатал
көзқарасы,
Ортаншысы қабағын
түйген қыңыр,
Ал, екеуі- атайдың ханзадасы.
(жыл мезгілдері)
Бір атадан 42 ұрпақ тарайды,
Сол ұрпақтар ұқтырады талайды.
(әліппе)
Күн қосыла береді,
Бұл таусыла береді. (күнтізбе)
Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты. (алма)
Сырты-қызыл, іші-ақ,
Ортасында бір таяқ. (жиде)
Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні. (сәбіз)
Күннен көзін алмайды,
Мойыны бірақ талмайды.
(күнбағыс)
Арасынан гүлдердің,
Ұшып жүрген гүл көрдім.
Қырға біткен гүлдердің
Шырын, сөлін жиып жүр.(көбелек)
Қалтасына баласын
Салып алып қашады.
Секіре, таң қаласың
Алты қырдан асады.(кенгуру)
Суда жүзу, мұзда жүру
Оған қиын іс емес.
Ол не болды сондағы
Балық емес, құс емес.(кеме)
Екі көзі шарадай,
Түнде жарық шашады.
Қараңғыда қапысыз
Тышқандарды көреді. (жарғанат)
Тақияға шанышқан
Жапырлаған көп ине,
Ұстайын деп асықсам,
Кілең көзі жоқ ине.(кірпі)
Үсті тас, асты тас,
Екі тастың арасы
Төрт аяқ пен жалғыз бас.
Саз балшықтай көл дейтін
Жер түртуді жөн дейтін
Қорсылдаған бір хайуан
Он-он бестен төлдейтін.
(доңыз)
Мұхиттарда жүзетін
Бір керемет бар тағы:
Арқасынан тыз етіп,
Атқылайды фонтаны. (кит)
Достарыңызбен бөлісу: |