«Т абиғатым-тал бесігім»
Мақсаты: Оқушыларға қоршаған орта,табиғат аясы туралы ой-өрісін кеңейту, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру,әсемдікке,әдемілікке тәрбиелеу.
Аталған тақырып бойынша көрме жасалынып, бұл сайыс табиғат аясында жазғы бақта өткізіледі.
1-Жүргізуші: Балалар біз қайда келдік? (жазғы баққа,табиғаты әсем өлкеге,т.б.) Ал ендеше табиғатпен, даламен амандасайық!
1-2 Жүргізушілер: -Армысың, қайырымды Аспан-ата! Армысың, мейірімді Жер- ана! - Армысың, шұғылалы Алтын-күн!
2-Жүргізуші: Балалар, мынау әсем табиғатка қарай отырып, туған жерге, елге деген сүйіспеншілігімізді жыр жолдарымен,қылқалам ұшымен жеткізсек қалай қарайсыңдар?
1-жүргізуші: Алтын сары, қызыл, көк,
Алуан- алуан жапырақ.
Жазғы бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
2-жүргізуші: Ой, жарайсың, тамаша !Енді менің ақындығымды сынап көр!
Шашу шашты жапырақ,
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жатып ап!
1-жүргізуші:Бәрекелді!Керемет!
2-жүргізуші: Ендеше ,балалар,әр бала өзінің өнерін сурет немесе өлең жолдары арқылы көрсетсін.Үздік өлеңдер мен суреттер арнайы көрмеге қойылады.Іске сәт!
«Менің өлкемнің тарихи құндылықтары»
1- жүргізуші: Туған жердің қойнауында құт қонған,
Туған жердің әр тасында сыр тұнған.
Шежіресі ұрпақтарға сабақ боп,
Егеменді ел болуы сондықтан.
2-жүргізуші: Қандай бақыт өз елінде туғаның,
Қандай бақыт балалық дәурен,бал шағың.
Қандай бақыт қара жолда шапқылап,
Шаң шығарып,гүл көбелек қуғаның.
1-жүргізуші: О,туған жер,сенің сырың сан қилы,
Суың мол,сарқырап,арнасынан тасиды.
Ну орманың толы түрлі жасылға,
Ішінен жұпар иістер аңқиды.
2-жүргізуші:Иә, туған жерге жетер ел де,жер де жоқ. Ғасырлардан ғасырларға мирас болып келе жатқан қасиетті мекен үнемі жүрегіңнің түкпірінде, көңіліңнің төрінде сақтаулы болмақ.
1-жүргізуші:Дұрыс айтасың.Біз бүгін туған еліміздің кереметіне тағы бір мәрте куә болдық.Саяхатқа шықтық,өзеніне шомылдық.Көңіл-күйіміз тамаша емес пе,балалар?
2-жүргізуші:Олай болса,бүгінгі алған әсерімізді туған елдің тасы мен жасыл шөптерінен,әсем гүлдерінен жасалған әдемі табиғат көріністерін тамашалайық!
1-жүргізуші:Шеберлеріміздің қолынан шыққан туындыларды бағалайтын әділқазылар алқасына сөз берейік!
1-жүргізуші:Ортаға «Атамекен»тобын шақырайық!
«Жас қыран»
«Ұлытау»
Достарыңызбен бөлісу: |