Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру



бет15/36
Дата02.01.2022
өлшемі1.82 Mb.
#452323
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36
Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру.

«Лагерь аруы -2013»

Жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары ,жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,

Қ апысыз қалай айтқан қайран бабам.


Жүргізуші:«Жас өркен» сауықтыру лагерінің бүлдіршіндері, тәрбиешілер, ұстаздар,ата-аналар,көрермендер! «Лагерь аруы 2013» сайысына қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Ал,қане қолды соғайық,

Ару қыздарды ортаға шақырайық!


Жүргізуші:Осы ару қыздарымызға әділ баға беретін әділқазы алқасымен таныс болайық.

Сайыстың шарттарымен таныстырып өтсек:

1.Таныстыру

2.Сұрақ-жауап

3.Ою ою

4.Өз өнерін көрсету

5.Үй тапсырмасы (қол өнер жасап әкелу)
Ескерту:

1.Әр топтан 1 қыз қатысады,1 музыкалық номер дайындау.

2.Сахна мәдениеті,өзін-өзі ұстау,сөйлеу мәдениеті

3.Жанкүйерлердің белсенділігі


Жүргізуші:Қыз сыны,қыз келбеті,қыз әдебі,

Тал бойы жарасқан күлкі әдемі.

Сайысқа келген қыздар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе дейміз. Сайысымыздың 1- шарты бойынша «Таныстыру»


Жүргізуші:Сендер өтер әлі де талай сын бар,

Тапсырма ал,қоржыннан қымсынбай кеп,

Жауап берсең сұраққа жарайсыздар!

Келесі бөлім сұрақ- жауап.Сайыскерлер сұраққа дайын болғанша «Бәйтерек тобының дайындаған музыкалық номерін тамашалайық!


Жүргізуші: Бармақтарың майысып,түрлі ою ойысып,

«Шебер болар мекенсің» деп үйреткен аналар.

Қолөнерді көрейік,әділ баға берейік,

Жаңылмаған ата-баба жолынан.

Келесі бөлім ою ою.(«Достық» тобының номерін тамашалау)
Жүргізуші: Ал,кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп,ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі сайыста бәйге алуға,

А л,кәнеки, қыздар аянбай жан салайық.

Олай болса келесі бөліміміз- «Өз өнерін көрсету».Қыздарымыздың өнерлерін тамашалайық!
Жүргізуші: Келесі бөлім үй тапсырмасы.Әр ару өзінің қолдан жасаған бұйымын қорғау!
Жүргізуші: «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» демекші,сайысымыздың соңына да жеттік.Ендігі сөз кезегін әділқазы алқасына берсек.
Жеңімпаз аруларды марапаттау «Бірлік»тобының өнерін тамашалайық!
Жүргізуші:Құрметті көрермендер, «Лагерь аруы-2013 »сайысы өз мәресіне жетті.Жеңімпаз аруларымызды құттықтаймыз!Келесі кездескенше күн жақсы! Қош,сау болыңыздар!


«Дос болсаң,берік бол,досыңа серік бол!»
Мақсаты: Оқушыларға «достық» ұғымын түсіндіру.Ұлы адамдардың достық туралы ұлағатты сөздерін талдау.Адал дос пен айнымалы достықтың айырмашылықтарын анықтау.Лагерьдегі балалардың бір-біріне деген қарым-қатынастарын нығайту.
Жоспар: «Достық» туралы бірер сөз

Әбунасыр әл-Фараби достық туралы

Әйтімбет шешеннің достық жайында айтқаны

«Екі дос» аңыз әңгімесін тыңдау

Пікірталас

Қорытындылау

1.«Достық» туралы бірер сөз.Достық –ортақ көзқарас пен мүдде, мақсат бірлігі негізінде пайда болып, уақыт сынынан өткен үлкен адамгершілікке тән жоғары сезім. Достық адамды асқақтатады, ол жан мен тәннің гүлдене түсуіне жәрдемдеседі. Ол – адамның бір-біріне сөз жүйесінде де, іс жүзінде де адал және шынайы болу, бір-біріне терең сенім, қайғы мен қиыншылықта өзара қол ұшын беру, өзара жауапкершілік пен қамқорлық. Достардың мінез, темперамент ерекшеліктері түрліше болып келуі де мүмкін.

Нағыз достық адамға шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға жәрдемдеседі. Бір-бірінің кемшіліктерін айтпау,бір-біріне жөндеп талап қоймай, болмашы істерін дәріптеп сөйлеу – бұл жалған достық.




2. Әбунасыр әл-Фараби достық туралы айтқаны.

Достық екі түрлі болады. Оның бірі – адал дос та, екіншісі –айнымалы, алдамшы дос. Адал досқа үнемі зор ілтипатпен қарап, одан айырылып қалмау жағын көздеген дұрыс, адамдар бір-біріне жақсылық, өзара қамқорлық жасауы қажет. Жақсы достың сенімін ақтаған абзал. Осындай достар ащы-тұщыны бірдей татысып, нені болса да бірдей көретін болады. Жалған досқа адам өзінің құпиясын, мінез-құлқындағы кемшіліктерін айта берудің қажеті жоқ.

3. Әйтімбет шешеннің достық жайында айтқаны.

Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:

-Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда әйтімбет тұрып:

- Достық екі түрлі болады. Бірі –адал достық та, екіншісі – амал достық, дейді.

- Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? – дегендерге:

-Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, - деп жауап берген.

4. «Екі дос» аңыз әңгімесін тыңдау

Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойында шатыр тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың көптеген қалың қолы шабуыл жасапты. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:

-Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер малым, мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол- өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар,ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді.

Қолбасы ойланып тұрып оны сынамақ болады.

-Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.

-Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

-Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын.

-Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды босат, -дейді. Жігіт бұл сыннан өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, соқыр күйінде қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасы «Мынандай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады» деп ой түйеді.

Сөйтіп өз әскеріне шегінуге бұйрық берген екен.

5. Пікірталас. Жоғарыда айтылған әңгімелерді талдап, оқушылар өз ойларын ортаға салып пікірталастырады.



Қорытындылау . Салыстырмалы кесте арқылы ойларын білдіру





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет