Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру



бет18/36
Дата02.01.2022
өлшемі1.82 Mb.
#452323
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36
Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру.

« Толағай» сайысы
Мақсаты: оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларға сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру.

1-жүргізуші: Құрметті лагерь демалушылары, жетекшілер және оқушылар! «Денсаулық-байлық негізі» дегендей бүгінгі «Толағай» сайысына қош келдіңіздер!




2-жүргізуші: «ТОЛАҒАЙ» сайысы әр топ оқушылары және жетекшілері арасында өткелі отыр. Сайысқа әр топтан бір оқушы топ жетекшісімен шығады. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.


1-жүргізуші:Денсаулық-ол шыныққан,

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық-ол тыныққан,

Жүйке тамыр жүйесі.


2-жүргізуші:Денсаулық-ол күлуің,

Көңіл-күйің жадырай.

Денсаулық-ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.


1-жүргізуші:Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

__________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________

1-жүргізуші:Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Сондықтан бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыру сауықтыру лагерінің басты мақсаты.

2-жүргізуші: «Спорт – денсаулық кепілі» десек, «ТОЛАҒАЙ» сайысы салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біріншіден, дені сау ұлттың қалыптасуына ат салысады, екіншіден бағдарламаға қатысқан әр қатысушыларға рухани және мәдени мереке сыйлайды.

1-жүргізуші: Ендеше, «ТОЛАҒАЙ» сайысы – оқушыларды спортқа баулиды. Тәрбиеші мен баланың арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайта түспек!


2-жүргізуші: Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Қатардан артта қалып қоймайық,

Белсенді болайық ортада,

Уақытты тектен-тек жоймайық!


1-жүргізуші:Ойнайық,ойнайық та ойлайық!

Күшімізді көрсетейік,сынайық!

Жеңсең де,жеңбесең де ренішсіз болайық,

Қаймықпай,көңілді болып тарайық!




2-жүргізуші:Бүгінгі спорттық сайыс 7 кезеңнен тұрады.


1-жүргізуші: Сайысқа ...........команда қатысады.Ал, енді «Таныстыру» кезеңін бастайық!

(топтың атауы, эмблемасы, ұраны)

Әр топ өздерін таныстырып өтеді.
2-жүргізуші: ІІ кезең: «Шынықсаң шымыр боласың» дене жаттығуларын жасаудан сайыс өткізіледі.

І тур: «Кім жылдам?» (тәрбиеші допты полға ұрып, оқушысына алып барады. Оқушысы допты алып, колесоға түсіру қажет,түсіргенге дейін тұрады. Түсірген соң, тәрбиеші допты алып, 2 оқушыға жүгіріп алып барады. Оқушысы (қыз) да допты 1оқушыға (ұл) алып келеді.)

ІІ тур: «Білімді кенгуру»(команда мүшелері кезекпен допты тізеге қысып, жасалған кедергілерден секіріп барып, математикалық бір-бір есепті шығару керек)

2-жүргізуші: ІІІ тур: «Кім көп секіреді?»(оқушылар скакалканы екі жақтан ұстап, тәрбиешіні секіртеді) /10-нан аса/


1-жүргізуші: ІҮ тур: «Эмоцияны немесе іс-әрекетті қайтала!» (оқушылар кезекпен-кезек орындықта байланып тұрған шарды алып, отырып жару керек. Шардың ішіндегі жазылған эмоцияны түсіндіру керек. Кезекте тұрған тәрбиеші соны шешу керек, яғни айту керек. /Шар жарылғанша, қайталайды./ Кездескен кедергілерден өту қажет: обручтан өту, бір аяқпен секіру)
2-жүргізуші: Ү тур: «Жеңіске жету» (Оқушылар кезекпен-кезек кездескен кедергілерден өтіп, /змейка- доппен, обручты айналдыру-3 рет, скакалкамен ту тұрған жерге жетіп, туды алып келеді де кезекте тұрғанға береді. Ол алып қайтадан орнына апарады және соңғысы алып келеді.Кім жылдам әрі бірінші алып келсе,жеңіске жетеді)
1-жүргізуші: Денсаулықтың маңызына қанығып,

Халқымыз жүр шат күлкіні жамылып.

Той – думанда да, кездесу мен жиын да,

Өтеді әр кез салауаттың бағында.

2-жүргізуші: Ендігі кезек, бүгінгі сайыста белсенділік танытып отырған көрермендерге берейік. Сонымен «Белсенділер» тобымен өткізілетін сайыс:

1-жүргізуші: 1. Қол күресі. (ұлдар үшін)

2. Арқан тартысу. /оқушылар және тәрбиешілер/

3 .Мақал-мәтелдер сайысы. /Мақалды аяқтау және осы мақалдың мағынасын түсіндіру/

Денсаулық - ........................ (зор байлық)

Тәні саудың - ...................... (жаны сау)

Емнің алды - ....................... (еңбек)

Тазалық – саулық негізі,

Саулық - .................. негізі. (байлық)

Шынықсаң - ......... ........... (шымыр боласың)

Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын ............. ізде. (жол)

Сау дене,озат ақыл, адал көніл-

Үшеумен бақытты болады ....(өмір).


1-жүргізуші:Салауат бағы баулиды бізді жақсылыққа,

Жетелейді елдің сәні ынтымаққа.

Денсаулықтың түсіндіріп қадірін,

Жол салады айдын шалқар болашаққа.

2-жүргізуші: Өмір,өзін қайдасын,

Күн мен түнді жалғайсың.

Жақсыларға жақынсың,

Жамандарға шалғайсын.

Уақыт, уақыт, куәсің сен бәріне,

Нұр төгеді сиқырлы кітап біздерге.

Денсаулықтың әліппесі әрқашан,

Жыр шашады қуана мына еліне.


1-жүргізуші:Ендеше, осы денсаулықтың әліппесін әрқашан жадында ұстанатын белсенді де білгір, денсаулығы мықты, спорт десе, ішкен асын жерге қойып, спортты сүйетін топтардың жетістіктерін марапаттау рәсіміне көшелік.
2-жүргізуші: Марапаттау рәсімін әділқазылар алқасына береміз.

(Әділқазылар алқасы марапаттау рәсімін өткізеді)


1-жүргізуші: Ұрпақ керек ертеңгі алға,

Болашақты болжайтын.

Дені таза, тәні таза,

Елін, жерін қорғайтын!


2-жүргізуші: Денсаулық-басты байлық өмірдегі,

Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.

Салауатты өмір салтын насихаттап,

Атанайық жақсы азамат өңірдегі.

1- жүргізуші:Еліміздің болашағы- дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық.

2- жүргізуші: Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулелендірейік! «Толағай» сайысы осымен тәмамдалды. Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рахмет!







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет