Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру



бет17/36
Дата02.01.2022
өлшемі1.82 Mb.
#452323
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36
Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру.

«Лагерь аруы» байқауы
Мақсаты: Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай

қасиеттерге бағыт- бағдар бере отырып, олардың бойында

қарапайымдылық, әсемділік, өнерге қызығушылық, сахна

мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, салт-

дәстүрімізді ары қарай жалғастыруға себепші болуға баулу.

Көрнекілігі:күйтаспа, қанатты сөздер, қабырға газеттері, сахна шармен, гүлдермен безендіріледі.
Дайындық барысы:

1. Қыздарға қойылатын талаптармен таныстыру

2. Қазақтың салт -дәстүрлері туралы мағұлматтар жинау.
Төмендегі номинациялар бойынша өнер көрсетеді:

1. «Менің бейнем»

2. «Менің анам»

3. «Ұлттық киім»

4. «Менің тілім»

5. «Бес ғасыр жырлайды»

6. «Білімдіге бес сауал»

7. «Көрермендер көзайымы»

8. « Ұлттық тағам»презентация

Байқаудың әр шарты өз кезегінде түсіндіріліп отырады.

1-Жүргізуші: Армысыздар, Лагерь қонақтары,тәрбиешілер, оқушылар! «Лагерь аруы» байқауына қош келдіңіздер!

Бұл байқау қыздарымызға эстетикалық тәрбие беруді көздейді. Өйткені қыздарға жан сұлулығымен қоса тән сұлулығы бірдей болғандығы жарасады. Сондықтан ибалы, инабатты қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.


2- Жүргізуші: Аруларға әділ баға қоятын әділқазы мүшелерімен танысайық

1- Жүргізуші:Ал енді, бүгінгі байқауымызға қатысатын аруларымызды қарсы алайық.

Ән салуға жалықпайды,

Шаршамайды, сірә бір

_____________ сан өнері бар,

Сырын терең ұға біл.

1 – ші талапкеріміз ______________________________________________


2-Жүргізуші: Ұстазын анасындай құрметтеген,

Жаны мөлдір, ісі жоқ дүрмекпенен.

__________қыз ұстазының айнасы ғой,

Сегіз қырлы, бір сырлы болсам деген

2– ші талапкеріміз ___________________________________________

1-Жүргізуші: Сыпайы оның мінезі,

Күліп жүрер ақырын.

Қыз сынына кеп қапты,

Жүрек жұтқан ____________ қыз

3 – ші талапкеріміз ____________________________________________

2-Жүргізуші: Алайық қарсы __________,

Үлгілі қыз бұл ибалы.

Мерекеге бүгінгі

Әкелген көп бар сыйлары.

4– ші талапкеріміз ___________________________________________ 1-Жүргізуші: Еңбексүйгіш, ерінгенге жаны қас,

Бір жұмысты екі істеп сабылмас.

Ашық қабақ,торсық шеке,томпақ бет,

___________ ер жүрек қыз табылмас

5– ші талапкеріміз ______________________________________________

2-Жүргізуші: ______________ өнерлі,

Күліп жүрер ақырын,

Жолың болсын ______________,

Өнеріңді төк енді.

6– ші талапкеріміз ____________________________________________

2- Жүргізуш:Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші,

Аруы деп мектептің жүрейікші.

Әділқазыларға тек әділдікті,

Ал аруларға сәттілік тілейікші!



1- сынып оқушыларынан би шашу.

1-Жүргізуші:Өнер қуып арулар өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәсекеге түскен алты ару кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін.




1-номинация «Менің бейнем». Сахнадағы алғашқы көрініс өзін -өзі таныстыру. Белгілі бір музыка ырғағында қыз бала сахнадан жүріп өтеді. Қимыл-әрекеті жарасымды қозғалыспен сән үлгісін ұсынады. Бұл номинация бойынша олардың жүріс- тұрысы, сырт келбеті бағаланады.



Әділқазы бағаларын береді.
2-номинация «Менің анам». Бұл номинация бойынша қыздар өз аналары жайлы сыр шертеді.Жазылған шығарманың мазмұны және оқу мәнері бағаланады.

Әділқазы бағаларын береді.
3-номинация «Ұлттық киім». Талапкерлер өздері киіп шыққан ұлттық киімдерін қорғайды. Бұл талап бойынша ұлттық киімнің әсемдігі, қонымдылығы,дұрыс қорғалуы бағаланады.

Әділқазы бағаларын береді.
4-номинация «Менің тілім». Бұл талап бойынша талапкердің тіл байлығы , ой ұшқырлығы, ақылдылығы бағаланады. (Мақал-мәтел, шешендік сөздер )

Әділқазы бағаларын береді

.

5 -номинация «Бес ғасыр жырлайды». Толғау, жыр, поэма, дастандардан үзінді оқу. Есте сақтау қабілеті, оқу мәнері бағаланады.



Әділқазы бағаларын береді.
Жекжат кім, жұрағат кім, жамағат кім,

Көңіліне тоқып бәрін жүрмей ме екен?

Туысты қалай атау керектігін

Кәнеки, біздің қыздар біле ме екен ?

6-номинация «Білімдіге бес сауал». 5 сұраққа нақты әрі толық жауап беру қажет.

1- туыстық атау ,2-әлемнің қыры, 3-мақал мәтел.4- салт дәстүр 5- үй жабдықтары

н шашу, 2 ән орындалады.

Әділқазы бағаларын береді.

7-номинация «Көрермендер көзайымы». Бұл талап бойынша талапкердің сырт келбеті, жүріс тұрысы, шаш сұлулығы бағаланады.

Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы ай менен таласатын.

Өнеріне сай келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасасың.



Әділқазы бағаларын береді.

8-номинация «Ұлттық тағам» презентация.




Көрсетті өнер әр салада сайысып,

Қимылдары бір жүргендей жай ұшып,

Мерекелік ас мәзірін жасапты,

Қыздарымыз тез арада майысып.

Бұл бөлімде аруларымыз өздерінің аспаздық өнерлерін көрсетеді



Әділқазы бағаларын береді.

1-Жүргізуші: Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі қыз сынында бәйге алуға,

Арулар аянбай -ақ жан салыпты

Әділқазы өз бағаларын береді

1-Жүргізуші: Әділқазы алқасы ортаға шығып өз пікірлерін білдіріп, аруларға жинаған ұпайларына сай атақтары мен мақтау қағаздарын береді.

Берілетін атақтар: «Лагерь аруы 2013 »

«Білімді ару»

«Инабатты ару»

«Өнерлі ару»

«Сымбатты ару»

«Ақылды ару»

2-Жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!

Құрметті қонақтар, келгендеріңізге көп -көп рахмет!

Байқау шарттарына арналған сұрақтар (Үлгі)

№ 1

1.Әпкеңнің қызы саған кім?



2.Үш арсызды ата

3.Қалыңсыз қыз болса да, ....

4.Қыз ұзату деген не?

5.Кілем деген не?

№2

1.Немере кім ?



2.Үш қадірсізді ата

3.Қыз жігіт көзіне түсем деп бой түзейді,...........

4.Сүйінші деген не?

5.Сырмақ туралы не білесің?

№3

1.Шөбере кім?



2.Бес парызды ата

3.Қыз өссе,елдің көркі,..............

4.Ат қою деген не?

5.Кебеже деген не?




№4

1.Бөле кім?



2.Үш із

3.Ана көрген тон пішер,.....

4.Сүндетке отырғызу

5.Келі деген не?

№ 5

1.Нағашың кім болады?



2.Жеті жоқты ата

3.Баланың ұяты әкеге,.................

4.Бастаңғы деген не?

5.Кесеқап деген не?

№6

1.Әже кім?



2.Жеті қазынаны ата

3. Жасауды алты жастан жисаң асады,............

4.Тұсау кесу деген не?

5.Торсық деген не?

№7

1.Ағаңның қызына сен кім боласың?



2.Бес парыз

3.Әке –тірек,............

4.Шілдехана деген не?

5.Күбі деген не?

№8

1.Ер баланың үш жұртын ата



2.Жеті ғалам

3.Еркек- бас, ............

4.Құда түсу деген не?

5.Ожау деген не?







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет