Жазушы Дүкенбай Досжаның «Алаң» шығармасының тілі



бет9/25
Дата13.10.2023
өлшемі0.68 Mb.
#480676
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
asem

Профессор Ф. Ш.Оразбаева өзінің «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында:Омонимдерді қазақ тілінде қарастырған ғалымдардың ішінде К.Аханов «Дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары басқа-басқа сөздер – омонимдер» десе, Т.Р.Қордабаев материалдық ұқсастықтары, бірліктері ғана болмаса, мағыналық жағынан бір-біріне ешқандай ұқсастықтары жоқ сөздерді омоним сөздерге жатқызып, «омонимдердің мағыналары бір сөздің әр түрлі мағыналары емес, оның әр мағынасы әр түрлі сөз болады» - дейді.
Мысалы
  • Социалистік Еңбек Ері жұлдызы бұйырды, отыз бес жаста екінші жұлдыз, қырық бір жаста үшінші жұлдыз, қырық бес жаста Нобель сыйлығының иесі.

  • (“Алаң ”, 3-бет)
    Жұлдыз 1) зат. астр. Жерден өте қашық орналасқандықтан нүктедей ғана болып жылтырап көрінетін аспан денесі;2) зат. көне. Жылдың он екіден бір бөлігі, ай.
    [ҚТТС, 99 бет]

Қорыта айтқанда,Дүкенбай Досжанның «Алаң» романын талдау барысында 30 оминим теріліп, талдауға түсті. Олардың әрқайсысының мағынасы ашылып, стильдік қабаттарға бөлінді. Соның ішінде 9-ы лексикалық омоним, 11-і лексика-грамматикалық омоним,10-ы аралас омоним.
1.2.Кірме сөздер,эмоционалды–экспрессивті (бейнелі)сөздердің қолданысы
Кірме сөздер
Ғалым Ә.Болғанбаев «Қазақ тілінің лексикологиясы» еңбегінде кірме сөздерге қатысты:
Қазақ халқының басынан кешкен ұзақ даму тарихында бірсыпыра елдермен араласып, әр кезеңде түрлі қарым-қатынастар жасағандығы мәлім. Ұзақ ауыс-түйіс, мол байланыстан кейін қазақ тілінің сөздік құрамында қыруар кірме сөздер пайда болған.
Қызырова Ә.М.«Ағылшын кірме сөздерінің қазақ тіліндегі ассимиляция үдерісі» атты докторлық диссертацияның авторфератында: кірме сөздер көбінесе әдеби тілдің экзистенциялық түрінде немесе әлеуметтік диалектілердің құрамында жиі кездеседі, соның ішінде әлеуметтік диалектілердегі шетел сөздерінің қолданылуы және қалыптасуы басымдырақ екені байқалады. Әлеуметтік диалектілердің төрт түрі жіктелінеді:
  • Кәсіптік лексикалық жүйе;
  • Кәсіптік жаргондар;
  • Арго;
  • Сленг;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет