Жұбаева О. ҚАзақ тілінің когнитивті грамматикасы



бет7/85
Дата23.06.2022
өлшемі1.82 Mb.
#459438
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   85
Жұбаева монография

Тілдік концептілер мен метатілдік морфологиялық концептілердің арақатынасы



Тілдік морфологиялық концептілер

Метатілдік морфологиялық концептілер

Дайындықсыз қалыптасады

Грамматикалық теорияда, актуалды санада қалыптасады

Сөйлеуші жадында тілдегі грамматикалық тұлғаларды бейнелеп, бекітеді.

Нысанды – тілдік морфологиялық концепт пен теория ұғымын бейнелейді.

Грамматикалық құрылымда сөйлесім әрекетінде, сөз тұлғаларында объективтенеді.

Грамматикалық ұғымдарды сипаттайтын метатіл мен терминологияда объективтенеді.

Тілдің грамматикалық құрылымының дамуына қарай өзгеріп отырады.

Лингвистикалық теорияның дамуына байланысты, концептуалды мазмұны тілдің дамуына байланысты өзгеріп отырады.

Метаконцептілер белгілі бір жүйе түзіп, өзара байланысты болады. Түрлі теорияларда түрлі метатілдік концептілер қолданады. Бір термин әдіснамаға, ғалым концепцияларына байланысты түрліше сипатталуы мүмкін. Жұмысымызда мән, мағына, мазмұн, концепт, концептуалдау, категория, категориялау сияқты атаулардың мәнін нақтылай кетуді жөн санап отырмыз. Концепт сөзінің баламасы ретінде мән сөзін, смысл сөзінің орнына мәніс сөзін, сондай-ақ категория сөзінің орнына жік, категориялау сөзінің орнына жіктеу, концептуалдау сөзінің орнына мәндеу түрінде қолданғанды дұрыс көріп едік. Алайда, біріншіден, концепт сөзі біршама тұрақтанып қалуына байланысты әрі мән сөзінің бүгінде басқа мағынада жұмсалып жүруіне байланысты шартты түрде концепт сөзін қалдырып отырмыз. Терминнің басты шарты – түсініктілік пен нақтылық болғандықтан, категориялау, концептуалдау сөздерінің бір мәнді, дұрыс қабылдануы үшін әзірше осы атаулары қалдыра тұрғанды жөн көрдік. Сол сияқты значение сөзінің баламасы ретінде бүгінде қалыптасып қалған мағына сөзін, содержание – мазмұн, смысл – мән сөздерін қолданып отырмыз.


Н.Уәли тілдік ортада мәдени-тілдік дәстүрдің, оның нормаларының қалыптасуына тілдік тұлға әсер ететінін айта келіп, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов сынды жұртшылық идеал тұтатын біртуар жазушы-ғалымдарды элитарлық топтың өкілдеріне жатқызады. Ғалым тілдік тұлғалардың әдеби тілді игеру, пайдалану деңгейі бірдей емес екенін ескерте келіп, тілдік тұлғаларды төрт типке бөледі:
1) әдеби тілді шығармашылық деңгейде тұтынатын тип. Бұлар элитарлық тілдік тұлғалар;
2) әдеби тілдің ауызша, жазбаша нормаларын сақтай білетін, ара-тұра кодификацияланған нормадан қате жіберетін, сөйлеу тілі мен кітаби тіл элементтерін кей тұста айқын аңғара алмайтын мәдени-тілдік орташа тип. Сан жағынан басымы да осы орташа әдеби тип;
3) негізінен әдеби сөйлеу тілін қолданатын, арасында қарапайым сөйлеу тіліне тән элементтерді қосып сөйлейтін тілдік-мәдени тип. Сан жағынан, шамамен, орташа типтен кейінгі орында;
4) қарапайым сөйлеу тілімен сөйлейтін, бейәдеби элементтер мен диалектизмдерді қолдана беретін коммуниканттар [7, 52-б.].
Қазақ ғалымдары тілтанымдық тұжырымдары арқылы қазақ тіл білімінің ғылыми бейнесін қалыптастыруға ықпал етті. Сол себепті ғалымдардың грамматикалық категорияларды танып-түсіндіруге қатысты ұстанымдарын, жіктеулерін қазақ тіл білімінің ғылыми бейнесіне қосылған үлес ретінде бағалауға болады. Н.Уәлидің тілдік тұлғаларды жіктеуін басшылыққа ала отырып, тіл білімінің дамуына өзіндік үлес қосқан, қазақ тіліндегі грамматикалық категорияларды танып-танытуда өзіндік орны бар ғалымдарды элитарлық тілдік тұлға ретінде сипаттаймыз.
Тілдік тұлға мен ұлттық мәдениеттің арақатынасын сөз ете келіп, профессор Г. Смағұлова былай дейді: «Тіл бір адамның меншігі емес десек те, сол тілде сөйлейтін жеке адам өз ұлтының бүкіл бітім болмысы, өмірлік тәжірибесін, дәстүрлерін меңгеру, сіңіру арқылы ол да өз тарапынан ұжымдық мәдениетке үлесін қосады. Осындай ерекшеліктер арқылы тұлға ретінде ұлт өкілі боп сақталады» [39, 145-б.]. Ғалымдардың еңбектерін негізге ала отырып, элитарлық тілдік тұлғаға ұлттық тілдің жанрлық-стилистикалық ерекшеліктерін толық меңгерген, лексикалық, фразеологиялық, паремиологиялық бірліктердің семантикасын жан-жақты түсініп, орнымен қолдана алатын, коммуникативті стратегиялар мен тактикаларды, вербалды және бейвербалды қатынас талаптарын толыққанды меңгерген, ұлттық тіл мен мәдениет концептосферасын құрайтын концептілердің ұғымдық, бейнелі-ассоциативтік, құндылық сипатын білетін тілдік тұлға деген анықтама беруге болады. Элитарлық тілдік тұлғаға ақын-жазушы, филолог, журналистермен қатар тіл білімінің дамуына үлес қосқан ғалымдарды да жатқызуға болады. Зерттеуші-ғалымдар ұстанымы өз кезеңінің, белгілі бір дәуірдің, тілтанымдық білімнің деңгейімен айқындалады. Осыған байланысты қазақ тіл білімінің дамуына қосқан үлесін салмақтау мақсатында қазақ тіл білімінің тарихын шартты түрде төрт кезеңге бөліп қарастырамыз [73]:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет