Жұбаева О. ҚАзақ тілінің когнитивті грамматикасы



бет4/85
Дата23.06.2022
өлшемі1.82 Mb.
#459438
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Жұбаева монография

АШАМАЙ з а т. 1. Алды-арты сүйемелі биіктеу келген екі қасының жоғарғы ұшы айқастырылып жасалған балаға арналған ер. Тағы да мен айтпаған мосы қалды, Ыңыршақ пен а ш а м а й қоса қалды (ХІХ ғасыр. қазақ поэзиясы). Телғозы тұйық адам, көп сөйлемейтін момын кісі, кішкентай шегір көз сары баласын а ш а м а й ғ а мінгізіп, қасына тастамай ертіп жүретін көрінеді (С.Талжанов, Ұлдай.). 2. Нардың немесе түйенің өркешіне жүктің салмағын түсірмей тұратын ағаш. Қоймасын тастай салды көңмен жауып, Жүк жеңіл болуының ебін тауып, Бел жіп, үзік, а ш а м а й салқам-салқам, Су құяр арбасына ауық-ауық (С.Торайғыров, Шығ.). Түйеге жүк арту үшін арнайы жасалған ер тәрізді сайман. Нар менен мая, үлекке Кигізді арнап а ш а м а й. Келтіріп бәрін ретке, Тұратын етті босамай (А.Тоқмағамбетов, Дария сыры). А ш а м а й ы н ы ң басына ілулі томпиған әлдене бұлғаң-бұлғаң етеді. Шамасы, сусын болса керек (Ә.Кекілбаев, Бір уыс.). Бір үлкен, биік қара атан жатыр. Беліне шом салып, екі өркешінің арасын жоталап биіктепті де, соның үстінен бастыра бір а ш а м а й д ы орнатып, мықтап шандып, таңып тастапты (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Айыр түйеге белдік, қоспаққа жазы, нарға а ш а м а й салынады (Ө. Жолымбетов, Айгөлек). 3. Тармақ, аша, айырылатын жер. Бір кезде Мақсұт үлкен бір бұтаның а ш а м а й ы н шүберекпен сүртіп жатыр еді (С.Сарғасқаев, Көңілді бала.).
Ашамай ер. Баланы атқа мінуге үйрету үшін қолданылатын ердің қарапайым түрі. Ердің қазақ ері, қоқан ері, құранды ер, а ш а м а й е р, қазық бас ер, орыс ер деп аталатын түрлері бар (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері). Бірақ өз қолыммен әшекейлеп, күміспен күптеп жасаған алақандай а ш а м а й е р д і ң өзі-ақ атымды ешбір байдың атынан артық болмаса, кем етіп тұрған жоқ (С.Бақбергенов, Қарға там.). Қазақ шеберлері ұлға немесе қызға арнап «А ш а м а й» е р жасаған ұл баланы үш-төрт жастан бастап атқа мінуге үйреткен (Қаз. тілі термин. Тамақ.).
Ашамай сайғақ. Бас киімнің түрі. Бәрінің де басында а ш а м а й с а й ғ а қ бар (М.Мағауин, Аласапыран).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет