Жұбаева О. ҚАзақ тілінің когнитивті грамматикасы



бет50/85
Дата23.06.2022
өлшемі1.82 Mb.
#459438
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   85
Жұбаева монография

Ұлттық тіл білімі қалыптасқан кезеңдегі ғалымдардың етісті жіктеуі:



А.Байтұрсынұлы

Қ.Кемеңгерұлы

Қ.Жұбанов

1. өздік: -н
2. ырықсыз: -л
3. ортақ: -с
4. салт
5. сабақты
6. беделді: -дыр
7. өзгелік: -ғыз
8. шығыс: -стыр
9. өсіңкі: -қыла
10. дүркінді: -ңқыра

1. өздік (возвратный): -н
2. ырықсыз: (страдательный): -л
3. ортақ (взаимный): -с
4. салт (средний)
5. сабақты етіс –т, -ыр/-ір/-р, -дыр/-дір, -қыз/-кіз
6. беделді етіс: -т, -ыр/-ір/-р, -дыр/-дір, -қыз/-кіз

1. өздік етіс
2. ырықсыз: -л
3. ортақ: -с

4. салт
5. сабақты
6. өзгелік етіс: -тыр/-тір, -қыз/-кіз, -ыт/-іт, -ыр/-ір



прогрессивный вид: -қыла/-кіле
многократный вид: -ңқыра/-ңкіре

7. өсіңкі етіс: -ңқыра/-ңкіре

Ғалымдар салт, сабақты, өздік, ырықсыз, ортақ етістерді бірдей таныған. А.Байтұрсынұлы әр етіс түрін даралап, әрқайсысының көрсеткіштерін көрсетіп, оған өзінше ат беруге тырысса, Қ.Кемеңгерұлы мен Қ.Жұбанов мағыналық, тұлғалық ұқсастықтарына байланысты басын біріктіріп, жинақтауға ұмтылған. А.Байтұрсынұлы жіктеуіндегі беделді етіс, өзгелік етіс, шағыс етістерді топтастырып, бір етіс түрінде беру, дүркінді етісті (многократный вид) етіс қатарына қоспау жағынан келгенде, Қ.Кемеңгерұлы мен Қ.Жұбанов еңбектері өзара ұқсас. Қ.Жұбанов өсіңкі етісті етіс қатарына шартты түрде қосып отырғанын айта келіп, былай дейді: «Өсіңкі етіс мағынасы жағынан етіс емес, сонда да құрылысы жағынан (етіс үстеулері сияқты мұның үстеуі түбір мен -ма-ның аралығына тығылатын болғандықтан) етіске ұқсас болғандықтан, жетінші етіске мұны да санадық» [2, 380-б.].


А.Байтұрсынұлы жіктеуіндегі беделді етіс, өзгелік етіс, шағыс етістерді Қ.Кемеңгерұлы мен Қ.Жұбанов жинақтап, өзгелік етіс (беделді етіс – Қ.Жұбанов) түрінде берген. Қ.Кемеңгерұлы -т‚ -р‚ -қыз‚ -тыр т.с.с. жұрнақтардың сөздің соңғы дыбысына қарай ауысып отыратынын, алайда олар сөзге бірдей мағына үстейтінін көрсетеді. Қ.Жұбанов беделді, өзгелік етістерді топтастырып беру себебін былайша түсіндіреді: «Бұрынғы өзгелік етіс пен беделді етісті екеуін бір қостық. Үйткені екеуі де – өзге біреу арқылы істелетін іс. Өзге біреуге беделіңді саласың ба, қорқытасың ба – бәрібір. Тіл мұнысын айырмайды» [2, 381-б.]. Сол сияқты өсіңкі, дүркінді етістерді етіс категориясына қоспаған. Сондықтан А.Байтұрсынұлы етістің 10 түрін көрсетсе, Қ.Кемеңгерұлы 6 түрін, Қ.Жұбанов 7 түрін көрсетеді.
Жоғарыда аталған етіске қойылатын талаптар үдесінен тексеретін болсақ, сабақты етіс етіске қойылатын талаптарға толық жауап береді. Сабақты етіс те, басқа етістер сияқты, қатынас идеясын репрезентациялап, субъектілі-объектілі қатынасты білдіреді. Сабақты етіс тұлғалары морфологиялық жолмен берілетін етіс концептінің мазмұнында «белсенділік» сипатын активтендіреді. Сол арқылы «белсенділік» морфологиялық мәні түзіліп, бастауыш қызметіндегі субъект қимылдың иесі екенін білдіреді. Мысалы: Шашбауын сылдыр еткізіп, сып етіп түрегелгені, тізесімен ақ көйлегін серпе таста, аяңшыл бедеудей кербездене аяқ басқаны, тысқарда жүріп, жеңгесімен сыбырлап сөйлесіп, дауысы күмістей сыңғырлап тәп-тәтті күлгені; әнтек жымиып келіп, шәй жасап, өп-өтірік сызылғансып, үш саусағының үшімен шыныаяқ әпергені, салалы, қою кірпігін салмақпен қағып, анда-санда көз астымен бір қарап қалғаны; мұның шыныаяғына білдірмей бір қант тастап жібергені; бір жолдасы сөз қатқаны (Ж.Аймауытұлы, Шығ.). Шілденің шеке қызар, ми қайнар күні. Ділграмның тақтайдай қара жолмен қос ат жеңіл тырашбеңкені быжылдатып келеді. Тырашбеңкеде Қасен мен Қартқожа, кеудені ашып тастап, қолды сермеп, әңгіме соғып келеді. – ...Сол атыс боп жатқанда, ішінде жүрдіңдер ме? – Жүрдік. Өлімге басты байлаған соң... (Ж.Аймауытұлы, Шығ.). Сәуірдің алашабыр бұлты арылмай-ақ Баянауыл, Қызылтаудағы қалың сүйіндік атандарын алқынтып, бұйдасын көш құлаш созып, Бөкембай, Арқалық, Жаманадыр, Желдіадырдан асып, Шідертіге қарай ағыл-тегіл құлай бастайды (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Бұл мән жалпылық сипат алып, субъектінің бастауыш қызметінде, объектінің толықтауыш қызметінде жұмсалатынын білдіреді. Ол семантикалық, синтаксистік және мәнмәтін факторлары сияқты қосымша лингвистикалық факторлардың көмегімен нақтылана түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет