Жұбаева О. ҚАзақ тілінің когнитивті грамматикасы



бет22/85
Дата23.06.2022
өлшемі1.82 Mb.
#459438
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   85
Жұбаева монография

-атын/ -етін тұлғасының өткен шақтағы дағдыға айналған амал-әрекетті білдіретіні туралы Қ.Жұбанов еңбектерінде де сөз болады. Ғалым есімшенің бұл түрін дағдылы тел есімше деп атайды. Т.Қордабаев өткен шақты айғақты және айғақсыз өткен шақ деп жіктеп, -атын/ -етін тұлғасын айғақты өткен шақтың бұрынғы түріне жатқызады. Ғалым мұнда сөйлеушінің іс-әрекет, жай-күйдің болғандығына күмәнданбайтынын, өз көзімен көргендей сеніммен айғақ бола айтатынын негізге алады. Сол сияқты А.Ысқақов та ауыспалы өткен шақ тұлғасын анық (айғақты) өткен шақ ретінде айқындайды. Бұл жұрнақтың ерекшелігін ғалым былайша сипаттайды: «-атын (-етін, -йтын, -йтін) жұрнағы арқылы жасалатын есімшенің қай мезгілді білдіруі контекске байланысты, өйткені оның қай шақты білдіру айналасындағы сөздерге қарай ауысып отырады. Бірақ бұл форма, әдетте, бұрынғы я ертерек кезде болған амал-әрекетті қазіргідей етіп, қалтқысыз сенерліктей етіп көрсету үшін көбірек қолданады да, осы шақ пен келер шақта болатын әрекетті білдіру үшін сирек жұмсалады. Оның бұл ауыспалы сипаты жұрнақтың күрделілігінен туған сияқты, мысалы, өткен шақтың мән жұрнақтың құрамындағы әуелі -ған (тұр + ған) бөлшегінен тиген енші болса, осы мен шақтық мән әуелгі -а (-е, -й) жұрнағы тұр етістігінен қалған болса керек. Ал -атын жұрнағының келер шақтық мәні (баратын жұмысым бар; жөнелетін жолаушыларым бар) сөз тіркестерінің ауқымынан пайда болатын ерекшелік тәрізді. Мысалы: біздер уақыт-уақыт жиналатынбыз да, әлеуметтік жай, әдебиет мәселелері жөнінде пікір алысатынбыз, тіпті, кейде қатты таласатынбыз... сияқты тексте, әрине, өткен бір кездерде болған іс-әрекет жайында сөз болып отырғаны айқын. Сонымен қатар, ол формадан өткен уақыттарда болған іс-әрекет бір жолғы құбылыс емес, үнемі болып отырған, әдетке айналған, дағдылы машық болған амал-әрекет екені де бағдарланады. Осыдан бұл форманың, контекске қарай, бірде осы шақ, бірде келер шақ мәнін білдіру қасиеті қалыптасқан» [78, 302]. Яғни Қ.Жұбанов, Т.Қордабаев, А.Ысқақов сияқты ғалымдар -атын/ -етін тұлғасының мәнін айқындауда модальдық ұстанымды басшылыққа алған.
Ауыспалы өткен шақ мәніне аспектуалды формалар да ықпал етеді. Өткен шақ тұлғаларының ішінде -атын/ -етін тұлғасы шақ мағыналарымен қоса аспектуалды семантиканы білдіруге қатысады. Олар сөйлеу сәтіне дейін болған қимылдың бірнеше рет қайталану нәтижесінде дағдыға, әдетке айналғандығын да білдіре алады. Мысалы: Әнуар күнде кешке қарай тот басқан ескі мылтығын алып, күзетке кететін (Ә.Нұрпейісов). Ақбілек өзінен бетер сол екеуінің жетімдігіне қабырғасы қайысатын (Ж.Аймауытұлы, Шығ.). Сол арқылы морфологиялық жолмен берілетін «қимылдың өту сипаты» концепті активтеніп, оның мазмұнында «ұзақтық» үстеме сипаты пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет