Жұбаева О. ҚАзақ тілінің когнитивті грамматикасы



бет21/85
Дата23.06.2022
өлшемі1.82 Mb.
#459438
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   85
Жұбаева монография

Ауыспалы өткен шақ бірде өткен шақтық, бірде келер шақтық мағынада қолданылады [77, 517-б.]. Ауыспалы өткен шақ есімшенің -атын/-етін жұрнақтары арқылы жасалып, морфологиялық жолмен берілетін уақыт концептінің жиі қолданылып, «сөйлеу сәтінен кейінгі іс-әрекет» сипатын үстеп, «сөйлеу сәтінен кейінгі іс-қимыл» морфологиялық мәнін түзеді. Ол мәнмәтін факторы арқылы нақтыланып отырады. Соған сәйкес сөйлем-сөйлесімде мезгіл пысықтауыштар мен мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдер қолданылып, қимыл-әрекеттің шақтың қай түріне қатысты екені айқындалып отырады. Мысалы: Баяғыда бір шадыр сары ноғай болды ғой... Лапке ұстайтын. Соның қатыны қазақ болатын (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Сөйлем-сөйленім ыңғайына қарай -атын /-етін тұлғасы жүйелі түрде қайталанып тұратын, дағдыға айналған қимылды да білдіреді. Мысалы: Аузы даладай боп кәртайып қалса да, «Бозінген» жаулығына кір жуытпайтын, мақтаншақ, ұры кеппелеу кісі болатын (Ж.Аймауытұлы, Шығ.). Баласы қайда Күнікейдің, «апалап» бір уақ келетін? Жұбайы қайда , қияметтік жолдасы? Күнікей бүйтіп жатқанда, жастық қойып басына, қолынан сусын беретін? Аулы қайда Күнікейдің, келіп-кетіп жүретін? (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Бүгінде ауыспалы өткен шақ көрсеткіші ретінде аталып жүрген -атын/-етін тұлғасын М.Терентьев, Н.Созонтов осы шақ есімше деп, П.Мелиоранский, И.Лаптев долженствовательное причастие деп атаса, А.Байтұрсынұлы ұйғарынды есімше деп, Қ.Жұбанов дағдылы тел есімше деп, І.Кеңесбаев, Т.Ерғалиев [136], Ғ.Бегалиев, Н.Сауранбаев ауыспалы келер шақ есімше, Н.Сауранбаев келер шақ есімше, С.Аманжолов өткен-келер шақ есімше, Ы.Маманов дағдылы өткен шақ, Ж.Болатов, Ғ.Әбуханов ауыспалы шақ, М.Серғалиев, Ш.Бектұров ауыспалы өткен шақ есімше, А.Ысқақов жалпы осы шақ есімше деп атаған. -атын/-етін жұрнақтарының жалаң түрін Қ.Жұбанов кесімді келер шақ деп түсіндіреді, ал І.Кеңесбаев, С.Аманжолов бұл қосымшаны өткен шақтың көрсеткіші ретінде түсіндіріледі. Яғни зерттеушілер бұл тұлғаны мәнмәтін ыңғайына қарай келер шақ, өткен шақ мәнінде келетінін ескере отырып атау берген. Т.Қордабаев ауыспалы өткен шақ тұлғасының келер шақ пен осы шақ мәнінде жұмсалуы мәнмәтінге байланысты болатынын айта келіп, бұл қосымшаның ертеде болған іс-әрекеттің бір емес, бірнеше рет болғанын немесе дағдыға айналғанын білдіретінін ескертеді өткен шақтағы дағдыға айналған амал-әрекетті білдіруі -атын/ -етін тұлғасының төл мағынасы екенін айтады [133, 64-б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет