Жұбаева О. ҚАзақ тілінің когнитивті грамматикасы



бет34/85
Дата23.06.2022
өлшемі1.82 Mb.
#459438
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   85
Жұбаева монография

Анайы түрі

жекеше:

көпше:

І жақ

мен



ІІ жақ

сен

сендер

ІІІ жақ

ол

олар

Сыпайы түрі

жекеше:

көпше:

І жақ

біз

біздер

ІІ жақ

сіз

сіздер

ІІІ жақ

ол кісі

ол кісілер

А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде анайы жіктеудің І жақ көпше түрі жоқ екені айтылады. Мен есімдігінің (І жақ) ерекшелігі түркі тілдерінде‚ оның ішінде қазақ тілінің материалдары негізінде өте айқын көрінеді. Функционалды-семантикалық өрісте сөйлеуші мен тыңдаушы орындары өзара алмасып отыратындықтан‚ сөйлеуші (І жақ) әрдайым жекеше түрде қолданылады. І жақтың көпше түрі болмайды‚ ал сен ретінде сөйлеушіден басқа тыңдаушылардың бәрі қолданыла алады‚ яғни сендер: сен+сен+...+сен. І (сөйлеуші) жақ пен ІІ (тыңдаушы) жақ ерекше референтті білдіріп‚ өзара қарсы қойылады. ІІ жақтың көпше түрі бірдей адамдардың көптігін емес‚ әртекті референттердің жиынтығын білдіреді. Ендеше‚ сендер әртекті референттен құралуы мүмкін болғанмен‚ мен (І жақ) әртектілік құрай алмайды. Соған сәйкес сен есімдігінің көпше түрі сендер болғанмен‚ мен есімдігінің көпше түрі мендер бола алмайды. Бұдан І‚ ІІ жақ «бірегейлік/жиынтық» корреляты бойынша қарсы қойылғанда‚ олар өзара тең түсе алмайтынын көреміз. Ал кейінгі грамматикаларда көрсетіліп жүргендей, біз, біздер есімдігіне ауысса, ол сыпайы жіктеуге айналып кетеді. Яғни сөйлеуші әрдайым біреу ғана болғандықтан‚ ол көптік тұлғада қолданыла алмайды. Осы жағынан келгенде‚ І жақ (мен) референтінің өзіндік ерекшелігі байқалады. Сондықтан қазақ тіліндегі І жақ көптік формасы инклюзив/эксклюзив коррелятында қолданыла алмайды. Ендеше, А.Байтұрсынұлы мен Қ.Кемеңгерұлының «анайы жіктеудің І жақ көпше түрі жоқ» деген тұжырымымен толық келісуге болады.


Біз есімдігінің (І жақ) жекеше, сыпайы түрде қолданылатынына мысал ретінде дастаннан мысалдарды көптеп келтіруге болады1:

Сағыныштан болдық зар,


Ақ жүзіңе ынтызар,
Біз – жалғызды жылатып,
Қайда жүрсің, ғашық жар?

Бізден хабар сұраса,


Көзі көрген жолдастар,
Бірге жүрген мұңдастар,
Бізді есіне алғандар,
Бізді көрмей қалғандар,
Бізден хабар сұраса,
Сәлемімді айтарсыз!

Бізге кетер күн жетті,


Сізге қалар күн жетті.
Қанды жасым көрсеңіз,
Ақ арулап көмсеңіз!
Бізді еске алыңыз,
Аман-есен болыңыз.

«Таһир-Зуһра» дастанында біз есімдігінің көпше тұлғада емес, жекеше тұлғада қолданылғанын байқауға болады. Оған біз-жалғыз деген қолданыс та нақты айғақ бола алады. Сонымен қатар өмірмен қош айтысқалы жатқан Таһирдің бақұлдасуында да сөз негізгі кейіпкердің жеке өзінің атынан берілген.


Қазіргі тілдік қолданыста ресми стильде, баяндама, конференцияларда біз есімдігі жиі жұмсалады. Яғни тілдік қолданыста есімдіктерді орынды пайдаланғанымызбен, тілдік парадигмада дұрыс көрсете алмай жүрміз.
Түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде ғалымдар жіктік жалғауының шығу төркінін жіктеу есімдіктерімен байланыстырады. Мәселен, А.Байтұрсынұлы жіктік жалғауларының жіктеу есімдіктерінен шыққанын айтады. Яғни жіктік жалғаулары мен‚ сен, ол жіктеу есімдіктерінен шыққан. Соған байланысты І‚ ІІ жақ жіктеу есімдіктері мен етістік әрдайым қиыса байланысады. Әрі жіктеу есімдіктері етістіктен кейін келіп, өзара қиыса байланысқан. Кейін қосымшаға айналып кеткен.

Ботасы өлген түйедей


Енді боздай қалдым мен.
Құлыны өлген биедей
Өле жаздай қалдым мен.

Ғараб құлға патша айтты сенейін мен,


Сөзіңе екіншілей ерейін мен.
Бақшаға бұлар кетсе хабар берші,
Анықтап өз көзіммен көрейін мен.

Рухтары гүл, Таһирсің,


Ләғілдей мислі Таһирсің.
Көзден аққан жастарым,
Меһірбан қыл, Таһир сен!

Бұтағынан қайрылған,


Гүлдей солып қалдың сен.
Құстарынан айрылған,
Бақшадай болып қалдың сен.

Мысалдардан байқап отырғанымыздай, жіктеу есімдіктері мен етістіктер өзара қиыса байланысқан. Ал Таһирсің – Таһир сен деген мысалдар тіл дамуының кезеңдерін нақты көрсете алады, яғни жіктік жалғауларының жіктеу есімдіктерінен шыққанын айғақтайды.


Бүгінде тілдік қолданыстан шығып қалған мана, сана тұлғалары да І, ІІ жақ тұлғалы жіктеу есімдіктерінен түзілген [159].
Академик Р.Сыздықова «Едіге» жырынан:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет