Үйде оқытылатын балалар


© Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017 ©Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2017. Кіріспе



бет2/78
Дата25.03.2024
өлшемі6.75 Mb.
#496419
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Үйде оқыту нұсқаулық (pdf.io) (1)

© Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017
©Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2017.

Кіріспе

Білім алуға құқығын қамтамасыз ету, білім алуға қажетті әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау, тегін мектепалды, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алу Қазақстан Республикасының азаматтары үшін білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер болып табылады [1].


Әлемдік тәжірибеде білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ең тиімді механизм ретінде инклюзивті білім беру танылды. Басқа көптеген мемлекеттер сияқты Қазақстан да инклюзивті бағыттағы жалпы білім беретін ұйым барлығы үшін орта білім беруді қамтамасыз ететін, сондай-ақ елде инклюзивті қоғамды құру мен дамытуға ықпал ететін тиімді механизм екендігін мойындайды.
Соңғы жылдары мүгедек балаларға білім беру саласындағы «тең мүмкіндіктер» доктринасына өту үрдісін айқындайтын өзгерістер білім беру процесі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды өмірге қажетті ғылымның негіздерін оқытып қана қоймай, баланың қоршаған ортаға бейімделуін қамтамасыз ететін әлеуметтік және тұлғалық маңызды өмірлік құзыреттерді қалыптастыратынын дәлелдейді. Алайда, қазіргі таңда денсаулығына байланысты оқушылардың белгілі бір бөлігі білім беру ұйымдарында емес, үйде оқытылуда.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы орта бiлiм беру ұйымдарына бара алмайтын азаматтар үшін үйде тегін жеке оқыту (бұдан әрі – үйде оқыту) ұйымдастыру қарастырылған. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды орта білім ұйымдарында немесе арнайы білім беру ұйымдарында тәрбиелеу мен оқыту медициналық көрсеткіштерге байланысты мүмкін болмаған жағдайда ата-ананың (немесе заңды өкілдердің) мүддесін ескере отырып, белгіленген тәртіпте оқыту үйде жүргізіледі [1,2].
Стандартқа сәйкес үйде оқыту бойынша мемлекеттік қызмет заңды өкілдің өтініші (еркін түрде) бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссия анықтамасының және мүгедек балаларға ұсынылатын білім беру бағдарламасы жөнінде психологиялық-медициналық-педагогтік консультация қорытындысының негізінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарымен көрсетіледі [3].
Әлемдік тәжірибеде медициналық көрсеткіштер бойынша мектепке бара алмайтын балаларды оқытуды ұйымдастыру үшін екі модель қолданылады: үйде оқыту және қашықтан оқыту.
Қазақстанның білім беру жүйесінде үйде білім алушылардың негізгі бөлігі оқытудың отбасылық ортасы мен саны шектеулі мұғалімдер және арнайы педагогтердің келуін қарастыратын дәстүрлі түрде білім алады.
Шын мәнінде, үйде оқыту білім берудің басқа да түрлері сияқты міндеттерді шешеді. Дегенмен, мектеп жағдайында оқытатын дәстүрлі түрден

3
ерекшеленетін оқытудың бұл процесінде берілген ұсынымдарда айқындалатын едәуір күрделі өзгешеліктер бар.


Әдістемелік ұсынымдарда негізгі ұғымдарды бір мәнде талқылау үшін денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және білім беру салаларындағы заңнамалық-нормативтік актілермен сәйкес келетін терминологиялық аппарат қолданылды:
мүмкіндігі шектеулі бала (балалар) - бұл белгіленген тәртіпте тұқым қуалаушылығына, туылғанына, жүре пайда болған жарақатына байланысты өмір әрекетінде белгілі бір шектеулігі бар психикалық және (немесе) дене дамуында ауытқушылығы бар он сегіз жасқа дейінгі бала (балалар);
мүгедек бала - тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған он сегiз жасқа дейінгі адам;
даму мүмкіндігі шектеулі балалар: есту қабілеті бұзылған (естімейтін, нашар еститін, кейіннен естімей қалғандар); көру қабілеті бұзылған (көрмейтін, нашар көретін, кейіннен көрмей қалған); тірек-қозғалыс аппараты бұзылған; сөйлеу тілі бұзылған; ақыл-ой кемістігі бар; психикалық дамуы тежелген; эмоциялық-еркi жағынан және мiнез-құлқы бұзылған; күрделi бұзылыстары бар, оның iшiнде соқыр-саңырау болып қалған балалар;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет