Үйде оқытылатын балалар
11 1.3.1 Үйде оқытылатын оқушыларға білім беру мазмұны Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені) [1]. Әрбір білім беру деңгейінің мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленетін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламалардың кешені (немесе жиынтығы) болып табылатын жалпы білім беретін бағдарламалармен айқындалады. Үлгілік қағидалардың 19-тармағына сәйкес инклюзивтік сыныптарда оқитын ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар, оның ішінде үйде оқытылатын балалар жалпы білім берудің оқу бағдарламасы немесе жеке бағдарлама бойынша білім алуы мүмкін. Ал 20-тармақта оқу және тәрбие процесі оқу жұмыс бағдарламаларына және оқу жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырылатыны атап көрсетілген. Үлгілік оқу жоспарының вариативті бөлімінің пәндері (оның ішінде түзету пәндері) бойынша үлгілік оқу бағдарламасы болмаған жағдайда, сондай-ақ білім алушылардың психофизикалық даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып үлгілік оқу бағдарламаларын бейімдеу кезінде үйде білім алушы үшін «жеке оқу жұмыс бағдарламасын» әзірлеу ұсынылады. Осылайша, үйде оқытылатын оқушылардың пәндік білім мазмұны жалпы білім беру пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламаларымен, қажет болған жағдайда білім алушылардың психофизикалық даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін, кемістіктің күрделілігін, ерік-жігер саласының ерекшеліктерін, сырқаттың жүру сипатын есепке ала отырып жасалған үлгілік оқу бағдарламалардың негізінде әзірленген жеке оқу жұмыс бағдарламасымен анықталады. Үлгілік оқу бағдарламаларының (немесе жеке оқу жұмыс бағдарламалар) негізінде мұғалімдер әрбір пән бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлейді, ол әдістемелік бірлестіктің отырысында талқыланады және мектеп басшысымен бекітіледі. 1.3.2 Оқу уақытын есепке алу және нормасы. Үйдегі оқытылатын білім алушылардың оқу нәтижелерін қадағалау Үйде оқыту сырқатқа байланысты қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді болады. Оқудың ұзақтығы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысында (немесе медициналық анықтама) көрсетіледі және анықтамада көрсетілген мерзімге байланысты сабақ кестесі жасалады. Үйде оқытылатын баланың сабақ кестесі сынып жетекшімен құрылады және ата-анамен (немесе заңды өкілмен) келісіліп, мектеп директорымен бекітіледі Кестені құру кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 бұйрығымен бекітілген 12 «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) басшылыққа алу ұсынылады. Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес сабақ кестесін құрған кезде бір күн (және бір аптаның) ішіндегі оқушылардың ақыл-ой еңбегіне қабілеттілік серпіні ескерілуге тиіс және қиындық бойынша пәндерді саралау кестесі пайдаланылады (Санитариялық қағидаларға 12-қосымша). Апта ішіндегі жоғары сынып оқушыларына арналған оқу жүктемесі сейсенбі және (немесе) сәрсенбі күндеріне оның барынша көп көлемі келетіндей; кіші және орта сынып оқушылары үшін сейсенбі мен бейсенбіге келетіндей бөледі. Осы күндері сабақ кестесіне ең қиын немесе орташа және жеңіл пәндерді қояды және қалған күндерге қарағанда пәндердің саны да көбірек болады. Сәрсенбіде кіші және орта сынып оқушылары үшін жеңілдетілген күн көзделеді. Бір күн ішіндегі баллдың ең аз саны дүйсенбі және сенбі күндеріне келуі тиіс. 2-кесте. Үй жағдайындағы жеке сабақ кестесінің үлгісі 13
Бір сабақтың ұзақтығы - 40 минут, арасында 15 минуттық үзілісі бар. Орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие жұмысын есепке алу сынып журналын жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Сынып журналын орта білім беру ұйымының әрбір мұғалімі электронды немесе қағаз түрінде жүргізуге міндетті мемлекеттік құжат болып табылады. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (немесе директор) мұғалімдерге әр пәнге бөлінген сағат санына сәйкес оқу жылында білім алушылардың үлгерімі мен қатысуын ағымдық есепке алуға журналдағы беттер санын бөлу туралы нұсқау береді. Мұғалім білім алушылардың білімін жүйелі түрде тексереді және бағалайды, сондай-ақ мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын әр сабақта белгілейді. Ашылған журналдың сол жақ бетіне мұғалім өткізілген сабақтың күнін жазады, сабаққа қатыспаған білім алушыларды "ж" әрпімен белгілейді. Журналдың ашылған бетінің оң жағына мұғалім өтілген сабақтың тақырыбын және үй тапсырмасын жазады. «Мұғалімнің ескертпелері» бағаны жекелеген білім алушылардың тәртібі туралы, олардың оқу барысындағы жетістіктері мен кемшіліктері туралы ескертулерді жазуға арналған. Жазба жұмыстарының бағалары сол жұмыс өткізілген күннің бағанына қойылады. Әр оқу тоқсанының қорытынды бағаларын мұғалім пәннің тоқсандағы соңғы сабағы өткізілген күні белгіленген жазбадан кейін қояды. Сонымен қатар тоқсандық бағалар білім алушылардың үлгерімі мен тәртібін есепке алудың жинақтық тізімдемесіне көшіріледі. Үйде оқытылатын білім алушылардың тегі, үлгерімі, сыныптан сыныпқа көшу туралы, аралық және мемлекеттік (қорытынды) аттестация нәтижелері, мектепті бітіру туралы мәліметтер оқушы тіркелген сәйкес сыныптың журналына енгізіледі. Сонымен қатар, әр үйде оқытылатын білім алушыға сабақтың өткен күні, өткен материалдың мазмұны, сағат саны жазылатын жеке сабақтарды есепке 14
Оқыту мен аралық аттестация (мерзімі мен формасы) білім алушының ата-анасымен (немесе заңды өкілдерімен) келісілген және білім беру ұйымының басшысымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Білім алушылардың білім, іскерлік, дағдыларын бағалауда әрекеттегі бағалау жүйесі қолданылады. Бағалар «Үйде жеке тегін оқытудың үлгерім журналында» қойылады. Қажет болған жағдайда әр сабақта ата-ана оқыту мазмұнымен және оқушының бағаларымен танысу туралы журналға қолын қояды. «Үйде жеке тегін оқытудың үлгерім журналындағы» бағалар педагогтердің жұмыс уақытын есепке алу табелін толтырғанға дейін айына бір рет сынып журналына көшіріледі. Үйде оқытуды ұйымдастыру бойынша бақылауды мектеп директорының бұйрығына сәйкес осы бағытта жетекшілік ететін директордың орынбасары жүзеге асырады. Мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың аралық аттестация нәтижелері, сыныптан сыныпқа көшу туралы ақпарат және мектепті бітіру туралы мағлұматтар сынып журналына уақытында енгізіледі. Үйде оқытылатын білім алушыны келесі сыныпқа көшіру туралы шешімді оқушыны (үйде) жеке оқыту үшін құрастырылған оқу жоспарының барлық пәндерінен білім беру бағдарламаларын меңгеруін талдау және жағымды жылдық бағалар болуының негізінде мектептің педагогикалық кеңесі қабылдайды. 15
жүктеу/скачать 6.75 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |