Үйде оқытылатын балалар



бет31/78
Дата25.03.2024
өлшемі6.75 Mb.
#496419
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   78
Үйде оқыту нұсқаулық (pdf.io) (1)

Тақырыптың атауы

Сағат саны

Кіріспе(1 сағат)

1

Физикалық география нені оқытады, Жер туралы географиялық білімнің дамуы. Саяхатшылар, зерттеушілер

1

Жер бетінің жазықтықта бейнеленуі. План және карта (5 сағат)

1-тақырып. Жергілікті жердің планы (2 сағат)

2

Масштаб, қашықтықты өлшеу

1

3

Азимут туралы түсінік, жергілікті жерде және план бойынша бағдарлау

1

2-тақырып. Географиялық карта (3 сағат)

4

Глобус – Жердің моделі. Географиялық карталар, олардың жіктелуі

1

5

Глобустағы және географиялық картадағы градус торы, географиялық ендік

1

6

Географиялық бойлық, географиялықкоординаталар ұғымы және координатты анықтау. №2 практикалық жұмыс«Бағыттарды, географиялық координаталарды анықтау»

1

Жердің қабықтары ( сағат )

1-тақырып. Литосфера және жер қыртысы(3 сағат)

7

Жердің құрылысы, негізгі ұғымдар. Тау жыныстары және минералдардың жіктелуі

1

8

Литосфералық плиталар (тақталар) туралы ұғым. Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер

1

9

Құрлықтағы таулар және жазықтар, олардың жіктелуі

1

2-тақырып. Гидросфера (3 сағат)

10

Гидросфера, су айналымы жайлы ұғым

1

11

Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері

1

12

Өзендер. Көлдер, жер асты сулары, мұздықтар

1

3-тақырып. Атмосфера (2 сағат)

13

Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы. Ауа температурасы

1

14

Ауа райы, климат. Климат құрушы факторлар

1

4-тақырып. Биосфера (1 сағат)

15

Биосфера ұғымы, биосфераның шекаралары. Топырақ, топырақтың түрлері

1

80



Географиялық қабық (1 сағат)

16

Табиғат кешені, географиялық қабық – Жердің ерекше кешенді қабығы

1

Курсты қорытындылау (1 сағат)

17

Туған өлкенің табиғат кешеніне саяхат

1


Мектеп оқушыларының білімді меңгеруі үшін мәтіндік, картографиялық, статистикалық және басқа да географиялық ақпарат көздерін: қолдана білу біліктерінің болуы «География» оқу пәнінің ерекшелігінің бірі болып саналады. Аталған біліктерді меңгеру практикалық жұмыстарды орындау барысында жүзеге асады.
Бағдарламалық практикалық жұмыстар келесі біліктерді қалыптастыруға бағытталған: географиялық түрлі нысандарды атау және картадан көрсету; нысандарды, құбылыстарды, аумақтарды, табиғат компоненттеру арасындағы өзара байланыстарды және тағы басқаларды сипаттау; бағытты, географиялық координаттарды анықтау; қашықтықты, азимутты өлшеу; жергілікті жердегі құбылыстарды, құбылыстарды бақылау; табиғат компоненттері арасындағы байланысты, географиялық, экологиялық және басқа да түрлі жағдаяттарды түсіндіру және бағалау; түрлі құбылыстардың және процестердің өзара байланысын, өзгерісін, даму бағытын болжау.
Бағдарламада қарастырылған практикалық жұмыстар жүйесін орындау білім алушылардың картографиялық, геоэкологиялық, геожүйелік тәсілдер мен әдістерді меңгерулеріне ықпал етеді. География пәнінен орындалатын практикалық жұмыстар мазмұны және оларды орындау үшін қолданылатын географиялық ақпарат көздерінің, нәтижелерді белгілеу формасының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Аталған алуан түрлілік ең алдымен зерделенетін материалдың мазмұнының, қолданылатын географиялық ақпарат көздерінің, білім алушының дайындық деңгейінің ерекшеліктерімен анықталады. Бағдарламаның «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» бөлімі практикалық жұмыстардың мазмұнымен және сипатымен тығыз байланысты.
Негізгі орта білім деңгейіндегі «Биология» оқу пәні «Өсімдіктер», «Жануарлар», «Адам және оның денсаулығы», «Жалпы биология негіздері» бөлімдерін оқытуға бағытталған. Бұл бөлімдердің мазмұны мен құрылымы биологиялық білімнің базалық деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік бере отырып, шығармашылық және жаратылыстанымдық іскерлікті, ғылыми көзқарасты, ізгілік пен экологиялық мәдениетті дамытуды, сонымен қатар өзін-өзі билеуге, еңбексүйгіштік пен табиғатқа қамқорлық жасауға дағдыландыруды қамтамасыз етеді. Пәнді оқытудағы тақырыптардың жүйелілігі негізгі биологиялық түсініктер мен құбылыстарды биожүйенің организмдік деңгейінен бастап одан жоғары деңгейлерге дейін қарастыру мен эволюциялық және экологиялық ойлау қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар табиғаттағы өзара байланыстылықты тірі жүйелердің тіршілік әрекеттерінің негізі ретінде қабылдауға және осы процестердегі адамның рөлін түсінуге бағыт береді.
Оқытудың мақсаты:
1) органикалық дүниенің құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің

81
ерекшеліктері туралы алғашқы түсінік қалыптастыру;


2) органикалық дүниенің көптүрлілігін орта жағдайларына бейімделушіліктің нәтижесі деп түсіну;
3) эволюциялық теорияның негіздері туралы ұғым қалыптастыру;
4) экологиялық ойлауды қалыптастыру, тірі организмдердің өзара және тіршілік ортасымен қарым-қатынасын түсіну;
5) өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің және адамның табиғаттағы рөлін түсіну;
6) өсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдер патшалықтарының өзіндік ерекшеліктері және жалпы алғанда тіршіліктің аса жоғары мәні туралы білімнің құндылығын түсіну;
7) нәтижелі практикалық іс-әрекет жүргізу мүмкіндігіне қолжеткізу;
8) тірі организмдердің жасушалық құрылысы, туралы, сонымен қатар организм және биоценоз тіршілік құрылымының ерекше формалары ретінде және биологиялық алуантүрлілік Жер табиғатындағы тұрақты дамудың бейнесі екендігі туралы негізге алынатын түсінік қалыптастыру;
9) оқушыларда тірі организмдердің жасушаға дейінгі құрылысы,тіршіліктің құрылым деңгейлері және биологиялық әртүрлілігі. Жер табиғатындағы түрақты дамудың бейнесі екендігі туралы, негізге алынатын түсінік қалыптастыру;
10) тірі табиғаттағы көптүрлілік эволюцияның нәтижесі екендігін оқушылардың түсінуі;
11) оқушыларда эволюцияның негіздері:өсімдіктер мен жануарлардың Бөлімдері, Кластары, Тұқымдастары, түрлері туралы пікір қалыптастыру;
12) «Өсімдіктердің жіктелуі», «Жануарлардың жіктелуі» ұғымдарын қалыптастыру;
13) түрлі таксондық бірліктердің: түр, туыс, тағы басқа шығу тегін білу; 14) мәдени өсімдіктердің және үй жануарларының кейбір
тұқымдастарының адам өміріндегі рөлін ашып көрсету;
15) мәдени өсімдіктердің және үй жануарларының кейбір тұқымдастары, түрлері мен іріктемелері, қол тұқымдары бойынша теориялық материалды оқыту барысында практикалық іс-әрекеттерге оқушылардың қатысуы.
Оқытудың міндеттері:
1) оқушыларда органикалық дүниені оқып білуге танымдық қызығушылықты дамыту;
2) тірі табиғат туралы бастауыш мектептегі табиғаттану және басқа да жаратылыстану сабақтарында алған білімдерін одан әрі дамыту;
3) оқушыларда география,химия, физика,математика және басқа да жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқып меңгеруге негіз болатын түсініктер мен тіректік білімдерді қалыптастыруға қажетті жағдай туғызу;
4) оқушыларда дүниенің біртұтас табиғи бейнесі туралы көзқарас қалыптстыру,
5) оқушыларда тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын оқып білуге танымдық қызығушылық қалыптастыру;
6) тірі табиғат туралы жаратылыстану сабақтарында алған білімдерін 82
одан әрі дамыту;
7) оқушыларда география, химия, физика,математика және басқа да жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқып меңгеруге негіз болатын түсініктер мен тіректік білімдерді қалыптастыру;
8) оқушыларда органикалық дүние бірлігінің біртұтас табиғи бейнесі туралы көзқарас қалыптстыру.
Биология пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1) 6-сыныпта – аптасына 1 сағат барлығы 34 сағат.
Төмендегі кестеде 6-сыныпқа арналған «Биология» оқу пәнінің үлгілік күнтізбелік-тақырыптық жоспары берілген (2-кесте)

29-кесте. 6-сыныпқа арналған «Биология» оқу пәнінің үлгілік күнтізбелік-тақырыптық жоспары







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет