«Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы



жүктеу 125.01 Kb.
Дата30.06.2016
өлшемі125.01 Kb.
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « »

№ ___ қаулысымен

бекітілген

«Үйде оқитын мүгедек балаларға

материалдық қамтамасыз етуді тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты



  1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді тағайындау».



  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

  2. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган).

  3. Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атауы:

  1. халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық);

  2. уәкілетті орган;

  3. «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

  1. Үйде оқитын мүгедек балалардың ата-аналары – Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ азаматтар және өзге де заңды өкілдері көрсетілетін қызметті алушылар болып табылады.




  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі




  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

  1. көрсетілетін қызметті алушының өтініші уәкілетті органда тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде;

  2. көрсетілетін қызметті алушы (талон алған кезде) өтініш білдірген күні сол жерде құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің ең ұзақ шекті уақыты бір көрсетілетін қызметті алушыға 30 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

  3. көрсетілетін қызметті алушыға өтініш білдірген күні қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты – 30 минуттан аспайды;

порталда:

электрондық өтініш уәкілетті ұйымның бөлімшесінде тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде.



  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:

  1. уәкілетті органда немесе орталықта:

үйде оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуді тағайындау туралы хабарлама (бұдан әрі – материалдық қамтамасыз ету) не осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.

Үйде оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуді тағайындау туралы хабарламаны не бас тарту туралы дәлелді жауапты жеткізу:

уәкілетті органға өтініш білдірген кезде – көрсетілетін қызметті алушы жергілікті жеріндегі уәкілетті органға өзі барған кезде не пошталық хабарлама арқылы;

орталыққа өтініш білдірген кезде – көрсетілетін қызметті алушының жергілікті жеріндегі орталыққа өзі барған кезде қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.

Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесін алу үшін өтініш білдірмесе, орталық бір ай бойы оның сақталуын қамтамасыз етеді;

2) порталда - жауапты адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында материалдық қамтамасыз етуді тағайындау туралы не себебін көрсете отырып тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама.

Портал арқылы өтініш білдірген кезде материалдық қамтамасыз етуді тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.


  1. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

  2. Жұмыс кестесі:

  1. уәкілетті органда:

демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі;



  1. орталықта:

демалыс және Заңда белгіленген мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, орталықтың филиалдары мен өкілдіктері үшін сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін белгіленеді.

Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін:

уәкілетті органға немесе орталыққа өтініш білдірген кезде осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының жазбаша өтініші мына құжаттармен бірге ұсынылады:



  1. көрсетілетін қызметті алушының, заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат;

  2. тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауылдық әкімнің анықтамасы);

  3. психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;

  4. мүгедектігі туралы анықтама;

  5. банкте шотының барлығы туралы құжат;

  6. мүгедек баланың үйде оқитындығы фактісін растайтын оқу орнының осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтамасы;

  7. дербес деректері бар жеке тұлғаның немесе оның заңды өкілінің осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімі.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары қайтарылады;

портал арқылы өтініш білдірген кезде – мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне осы тармақта көзделген құжаттардың негізінде толтырылған электрондық өтініште көрсетілген мәліметтерді растау үшін сұрауларды жүзеге асырады.



  1. Мыналар:

  1. уәкілетті органға өтініш білдірген кезде – көрсетілетін қызметті алушының тіркелген және мемлекеттік қызметті алған күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты және әкесінің аты көрсетілген талон;

  2. орталыққа өтініш білдірген кезде – қабылданған құжаттардың тізбесі, өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), өтініш беру күні және уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарды беру күні көрсетілген қолхат көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар пакеті қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, орталықтың немесе уәкілетті органның қызметкері қабылдаудан бас тартады және осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі


  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

  1. уәкілетті органның, орталықтың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің басшысына тікелей. Азаматтарды қабылдау кестесі мына интернет-ресурстарда: http://www.enbek.gov.kz; www.con.gov.kz орналастырылған;

  2. облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерінің, облыстың, Алматы және Астана қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, орталық басшыларының блогына;

  3. жазбаша шағыммен уәкілетті органның, орталықтың, облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, облыстың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері аппаратының кеңсесіне жүгіну арқылы жүзеге асырылады.

  1. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс. Шағым берген кезде шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, өтініш беру себебі мен талаптары көрсетіледі.

  2. Жазбаша шағыммен жүгінген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, күні және уақыты көрсетілген талон беріледі.

  3. Қабылданған шағым «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады.

  4. Шағымды қарау нәтижелері туралы көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша түрде хабарланады.

  5. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.



  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып

қойылатын өзге талаптар

20. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылады;

21. Консультативтік қызметтер мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығы call-орталығының (1414) телефоны арқылы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі call-орталығының (1411) телефоны бойынша көрсетіледі.
______________________________

«Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз

етуді тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша
Нысан
_________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ)

_________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)



Хабарлама
___________________________________________________________,

(уәкілетті органның/орталықтың атауын көрсету)

үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді тағайындауға

берген Сіздің өтінішіңіз бен құжаттар пакетіңізді қарап, мынаны (қажетін таңдау) хабарлайды:



  1. Сіздің құжаттарыңыз ресімделді және 20___ жылғы «___» ______________* бастап үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз ету ұсынылатын болады.

  2. үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді тағайындауға құжаттарды ресімдеуден мына себеп бойынша (себебін көрсету):

_______________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

бас тартылады.

____________________________________ _________________

(уәкілетті органның/орталық қызметкерінің ТАӘ) (қолы)

* үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді тағайындауға құжаттарды ресімдеген күннен бастап ______ жұмыс күні ішінде ұсынылуға тиіс.



____________________________
«Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз

етуді тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

Нысан
Жергілікті атқарушы орган немесе

жергілікті атқарушы органның уәкілеттігі

берілген мемлекеттік ұйымның басшысына

____________________________________

(Жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті

атқарушы органның уәкілеттігі берілген

мемлекеттік ұйым басшысының ТАӘ)
Өтініш
Тегі ______________________________________________________________

Аты ______________________________________________________________

Әкесінің аты _______________________________________________________

Туған күні _________________________________________________________

Мүгедектігі ________________________________________________________

Үйінің мекенжайы __________________________________________________

Телефон __________________________________________________________

Жеке басын куәландыратын құжат №________________

____ _____________ ______ жылы берілген

Жеке сәйкестендіру нөмірі (болған кезде) ______________________________


Мына құжаттарды

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ ұсыну үшін қабылдауды сұраймын.


Мына құжаттардың көшірмелерін тіркеймін:

1________________________ 2________________________

3________________________ 4________________________

5________________________ 6________________________

7_______________________ 8________________________

9_______________________ 10 ________________________


«Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

_________________________

(өтініш берушінің ТАӘ және қолы)
20___ жылғы «___» ___________
Құжаттарды қабылдаған:

_________________________

(лауазымы, ТАӘ, қолы)

20___ жылғы «___» ___________

* Осы өтініш әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

____________________________

«Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз

етуді тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымша




АНЫҚТАМА

_____________________________________________________________


           (бiлiм алушының және тәрбиеленушінің ТАӘ)

ол шын мәнінде жеке оқу жоспары бойынша үйде №_____________________мектептің « » сыныбында оқиды.

      (мектептің атауын көрсету)

Анықтама талап еткен орны бойынша ұсыну үшін берілді.


№___________________________________________ мектептің директоры

(мектептің атауын көрсету)

_________________________________________________

(аты-жөні және қолы)


М.О.


«Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз

етуді тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

4-қосымша



Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім

ЖСН: ____________________________

Өтініш берушінің ТАӘ: __________________________________________

Туған күні: ______ ж. «____» _____________


«Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

20 ____ ж. «____» ___________ Өтініш берушінің қолы ________________


__________________________


«Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз

етуді тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

5-қосымша
Нысан
___________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының

ТАӘ не ұйымының атауы)

___________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы

қолхат

«Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №____ бөлімі (мекенжайын көрсету) ______________ немесе уәкілетті орган _______________ (атауын көрсету) Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынбағандықтан «Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:

1) ________________________________________;

2) ________________________________________;

3) ….


Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

_______________________________________ __________________

(орталықтың немесе уәкілетті орган қызметкерінің ТАӘ) (қолы)

Тел._____________

Алдым: ________________________________ ____________________

(көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ) (қолы)


20 ____ ж. «____» ___________
_______________________


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет