Жедел бүйрек жетіспеушілігін диагностикалау критерийлері



бет21/48
Дата21.05.2024
өлшемі122.1 Kb.
#501634
түріҚұрамы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48
Жедел б йрек жетіспеушілігін диагностикалау критерийлері

58. Ұзақ уақыт диклофенакты жамбас бұлшықетіне қабылдаған науқаста тығыз, ауыратын түйін пайда болуына шағымданды. Асқынудың түрін және пайда болу себептерін анықтаңыз :
а)енгізу техникасы бұзылуы салдарынан болған ауалы және майлы эмболия
б)дәрі мөлшерінің дұрыс болмауынан аллергиялық реакция
в)асептика және антисептика ережелері бұзылуы салдарынан болған
иньекциядан кейінгі инфильтрат
г)енгізу жолы дұрыс таңдалмауы нәтижесінде болған некроз
д)препараттың фармакологиялық қасиеттеріне байланысты болған гематома
59. 70 жастағы науқас стенокардия ұстамасы кезінде 1 таблетка нитроглицеринді тіл астына қолданды. Ұстама тоқтамады, сол себептен аралығы 2 минуттан, 3 таблетка нитроглицеринді тағы қолданды. Науқаста қандай жанама әсер дамуы мүмкін:
а)бронхоспазм
б)АҚҚ жоғарылауы
в)АҚҚ төмендеуі
г)тыныс алу орталығының тежелуі
д)брадикардия
60. Науқатың қолдарына ампутация жасалған. Көктамырға дәріні енгізу орынын анықтаңыз:
а)жамбас аймағы
б)бұғанаасты көктамырлары
в)жауырынасты аймақ
г)іштің алдыңғы қабырғасы
д)жамбас бұлшықеттері
61. Медбике қандай жағдайда сальбутамолдың қалталы ингаляторын пайдалануға кеңес береді:
а)қан қақыру
б)құрғақ жөтел
в)тұншығу
г)көкірек тұсындағы ауырсынулар
д)аллергияда
62. Бүйрек ауруының өршу кезеңіндегі науқастың күтімін жасау барысында мейірбике ... қадағалау қажет:
а)ақуыз бен тұзды шектеумен №7 емдәмді ұстануды
б)жануар майы мен суды шектеумен №10 емдәмді ұстануды
в)сүтті тағамды және ірі талшықты өсімдіктерді шектеумен №4 емдәм ұстануды
г)баяу еритін майлармен экстративті заттарды шектеумен №5 емдәмді ұстануды
д)көмірсуларды шектеумен №9 емдәмді ұстануды
63. Ісігі бар науқастарға шектеу қажет:
а)талшықтарға бай өнімдерді
б)ұннан жасалған тағамдарды
в)ас тұзды
г)сүт-айран өнімдерін
д)қантты
64. Науқас ауыр бассүйек-ми жарақатымен стационарда ем алуда. Тексеру барысында жадының төмендеуі (сопор), рефлекстердің төмендеуі, бұлшықет гипотониясы, тыныс алу мен қанайналу бұзылыстары анықталды. Науқасты тамақтандыру бойынша ұсыныстар:
а)жасанды энтеральді тамақтандыру
б)мейірбике көмегімен пассивті тамақтандыру
в)белсенді тамақтандыру №12 емдәм
г)гастростома қою
д)тамақтануға тиым салу
65. 28 жастағы науқас оң жақ қабырға астындағы, оң қолға берілетін ұстама тәрізді ауырсынуға, өт аралас құсуға шағымданады. Дуоденалды зондтаудың алғашқы үш бөлігінде – шырышпен лейкоциттер, төртінші бөлігінде лямблиялар анықталды. Науқасқа барынша тиімді тағайындау:
а)№1а емдәм
б)№5а емдәм
в)№10а емдәм
г)№6 емдәм
д)№9 емдәм


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет