71. Науқас аузының құрғауына, үнемі шөлдеуге, жалпы әлсіздікке , жиі кіші дәретке шығуына шағымданады. Барынша тиімді ақпараттық зерттеу: а)Нечипоренко тәсілі бойынша несеп талдауы, көлемі 100-200 мл таза шыны
ыдыс дайындау
б)Зимницкий тәсілі бойынша несеп талдауы, 250-500 мл 8 таза шыны
ыдыс дайындау
в)жалпы несеп талдау, көлемі 150-200 мл таза шыны ыдыс дайындау
г)несептің бактериологиялық талдауы, көлемі 20 мл таза шыны ыдыс дайындау
д)несептің глюкозуриялық профилін талдау, көлемі 500 мл 3 таза шыны ыдыс дайындау 72. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде Зимницкий сынамасы немен сипатталады? а)Зәрдің салыстырмалы төмен тығыздығымен;
б)Зәрдің салыстырмалы жоғары тығыздығымен;
в)Ақуыздың жоғары құрамымен;
г)Лейкоциттердің жоғары құрамымен;
д)Лейкоциттердің төмен құрамымен.
73. Эритроциттердің гиперхромиясы және макроцитоз, 1,1 түсті көрсеткіш қандай қаназдықта бақыланады? а)Теміртапшылықты қаназдық; б)Созылмалы постгеморрагиялық қаназдық;
в)В-12 тапшылықты қаназдық;
г)Апластикалық қаназдық;
д)Гемолитті қаназдық.
74. Цилиндрурия (көру аясында 3-5 цилиндрлер) байқалады: а)Гломерулонефритте; б)Гепатитте;
в)Циститте;
г)Қант диабетінде;
д)Уретритте.
75. 50 жастағы науқас кейде пайда болатын төс артында қысып ауырсынуға шағымданады. Тексеру кензінде жүрек тондарының бәсеңдеуі, ЖСЖ 100 рет минутына, АҚҚ 110/70 мм.сын.бағ. Тиімді диагностикалық зерттеу әдісін таңдаңыз: а)электрокардиография, велоэргометрия
б)кеуде қуысының рентгенографиясы, ЭхоКГ в)фиброгастродуоденоскопия, электрокардиография
г)колоноскопия, кеуде қуысы рентгенографиясы
д)спирография, электрокардиография
76. 72 жастағы ер адам аздаған күштемеде пайда болатын айқын ентігуге жалпы әлсіздікке шағымданады. Тексеру кезінде аяқтарында ісіктер, тахикардия, гипотония анықталады. Науқасты ультрадыбыстық зерттеуге дайындау барысындағы мейірбикенің іс-қимылдары: а)зерттеу барысын түсіндіру б)тазалау клизмасын жасау
в)асқазан жуу
г)контрастты зат енгізу
д)нитроглицирин беру