Блок №8 Төтенше жағдай туындағанда көрсетілетін жедел жәрдем
№ 1.Cабақ ТАҚЫРЫБЫ: Суға бату. Тұншығу.
Мақсаты: Студенттердің странгуляциялық асфиксиядан зардап шегушіге ауруханаға дейінгі кезеңде көрсетілетін диагностикалық және жедел жәрдем дағдыларын дамыту.
Оқытудың тапсырмалары:
1.Студенттерді странгуляциялық асфиксияның және суға батудың клиникасымен , диагностикалық критерилерімен таныстыру.
2.Студенттерді странгуляциялық асфиксияның диагностикасы және емімен ауруханаға дейінгі кезеңде таныстыру
3. Студенттерді ащы және тұзды суға батудың ажырату диагнозымен таныстыру.
4. Студенттерді странгуляциялық асфиксия және суға батудан зардап шегушіге көрсетілетін тактикамен таныстыру.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Суға батудың жіктелуі
2. Ащы суға батудың клиникасы
3. Тұзды суға батудың клиникасы
4. Суға бату кезінде ауруханаға дейінгі этапта көрсетілетін емнің алгоритмі.
5. Асфиксияның жіктелуі
6. Странуляциялық асфиксияның клиникасы
7. Зардап шегушіні судан шығарғаннан кейінгі көрсетілетін емнің алгоритмі.
Оқытудың әдістері: ауызша сұрау, тестілеу, кіші топтармен жұмыс жасау, дискуссия, презентация, кері байланыс орнату.
Әдебиеттер:
1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко
С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. - М., 2008, 816 с.
2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.
В.М.Михайловича,2004. =704.
Бақылау:
Тесттер:
Суға батудың «ылғалды» түрі қай типке жатады:
А. Синкопальді
В. Асфиксиялық
С. Шынайы
Екіншілік
Судағы өлім
Суға батудың «құрғақ» түрі қай типке жатады:
Асфиксиялық
Екіншілік
Шынайы
Судағы өлім
Синкопальді
Суға батқанда ең маңызды факторға жатады:
Қанның электролиттік құрамының өзгеруі
Қанның көлемінің өзгеруі
Эритроциттердің гемолизі
Тыныс жетіспеушілігі
Гиперкапния
Мұздық шок (крио. дамиды:
Жоғары тыныс жолдарына суық судың түсуі
Дыбыс байламдарының рефлекторлы спазмы
Жүректің біріншілік рефлекторлы тоқтауы
Мидың ишемиясы және жүректің рефлекторлы түрде тоқтауы
ЖҚА салыстырмалы түрде ұлғаюы
Қандай суға батуда құтқарғаннан кейін біршама уақыттан соң су аралас құсық және асқазан сөлдері пайда болады.
Синкопальді
Шынайы
Асфиксиялық
Судағы өлім
Екіншілік
Қай суға бату кезінде «жалған респираторлы» тыныс болуы мүмкін:
Шынайы
Асфиксиялық
Судағы өлім
Синкопальді
Екіншілік
Қандай суда клиникалық өлімнің уақыты ұзарады:
Ащы
Теңіз
Жылы
Суық
Ыстық
8. Суға бату кезінде көрсетілетін медициналық жәрдем тәртібіне кірмейді.
Тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету
Оттегімен оксигенация
Белсенді жылыту
ӨЖЖ, ауызбен ауызға , мұрынмен ауызға
Наркотикалық анальгетиктерді қолдану
9.Суға бату кезінде өкпенің ісінуіне қарсы күресте қандай препарат қолданылмайды.
Преднизолон
Дексаметазон
Метилпреднизалон
Фуросемид
Морфин
10.Странгуляциялық асфиксияның ауырлығы мен болжамы байланысты:
Мойындағы жіптің орнына және мойынды қысу ұзақтығына
Асылу түйінінің механикалық қасиетіне байланысты
қысу, басу еніне байланысты
алкогольдік мас болу дәрежесіне байланысты
қоршаған ортаның температурасына байланысты
11.Қылқыну ізі қай жерде орналасқанда странгуляциялық асфиксиядан болатын өлім процесі тезірек дамиды?
көмейдің тұсында
көмейден жоғары
көмейден төмен
мойынның алдыңғы жағы
мойынның артқы жағы
12. Геймлих тәсілі қолданылады:
тырысу болғанда
тыныс жолында бөгде зат болғанда
мұрында бөгде зат болғанда
бас миының ісінуінде
жарақаттың көп болуы
13. Қандай асфикцияда тыныс қимылдарында тырысулар пайда болады:
механическалық
жарақаттық
аспирациялық
странгуляциялық
асфиксикалық
15.Асфиксиядан кейінгі тырысу кезінде қандай препараттар антигипоксант және седативті ретінде қолданылады:
оксибутират
бензодиазепиндер
барбитураттар
морфин
пентамин
Достарыңызбен бөлісу: |