аулағанды ұнатады екен. Бірде тамағына қылтанақ тұрып қалады. Операция
алдында Королева айтты дейді:
– Талай балықтың
тамағына қармақ салып едім, енді балық менен өшін
алды, – депті.
Патша басымен қақалғаны ұят болған екен.
Бұл да бір кем дүние.
Кім қарыздар?
43-ші жылғы қаһарлы қыс. Есік алдындағы күлтөбе. Шымшықтар
күлден тамақ іздейді. Күлде қандай тамақ бар?
Шымшықтар аш. Біз де ашпыз.
Күл үстіне қыл тұзақ қоямыз. Тұзаққа түскен
шымшықты отқа қақтап
жейміз.
Обал. Қазір күнде балконға жем шашып тастаймын. Шымшықтар,
баяғымды кешіре гөр деп.
Бірақ сол шымшықтар біз тоқымдай жерге тары еккенде жеп қоятын.
Сонда кімнен кім кешірім сұрау керек?
Бір Алла біледі.
Кəусар жыр
Баяғыда ақын Дулат:
–
Кеудеме қайғы толған соң, кəусар жырмен жуынам, – деп жазып еді.
Ал, кəусар жыры жоқтар не істейді?
Бір Алла біледі.
Аз сөйле,
көп тыңда
Адамда бір ауыз, екі құлақ бар. Демек, аз
сөйлеп, көп тыңда деген
белгісі шығар Жаратқанның.
Бір Аллаға аян.
Достарыңызбен бөлісу: