Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет28/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   69
Бір кем дүние

Салауаттың арманы
Салауат неше жасында,
Жасыл кəмшат бөркі басында.
Дұшпанды қырған сол Салауат
Ақ Еділ, Орал тасында.
(Башқұрт халық жыры)
Баяғыда патша Пугачев көтерілісін басып, оның басын дөңбекте шауып
тастады ғой.
Пугачевтің бас көмекшісі, бас сардары Салауат Жолай баласы да қолға
түскен. Патша əскерін ойсырата қырған Салауатты өлім жазасына кесуге
көзі қимай, əйел патша Эстонияның ар жағындағы, Балтық теңізіндегі
Палдиск деген аралға айдатып жіберген (əкесі Жолаймен бірге).
Сол аралда Салауат өле-өлгенше (аяқ-қолы кісендеулі) тас тасып,
шведтердің шабуылынан сақтайтын қамал соқты.
Əрі жас, əрі көркем, əрі ақын Салауаттың сонда туған жерін, Орал
тауын, Ақ Еділін аңсап шығарған жырларын Бас қасқыр (Башқұрт) елі осы
күнге дейін сүйіп айтады.
Қайтар едім, жолым жоқ,
Сулар буған менің жолымды.
Жұлдыздардан көпір салар едім,
Бұғаулады тағдыр қолымды...
Пугачевтан генерал атағын алған, аса дарынды қолбасшы, сегіз қырлы,
бір сырлының құлжасы – Салауат арманына жете алмай, туған жерден


алыста, Балтық теңізіндегі аралда мəңгі қалды.
Бір кем дүние деген осы да.
Туған халқы қанша заман өтсе де осы күнге дейін:
Жайлауда жүрген жылқының
Аласы көп те, бозы жоқ.
Дұшпанды қырған сол Салауат,
Аты қайтты, өзі жоқ... –
деп жырға қосып, жоқтау айтқандай болады.
Шын бір кем дүние.
Кестелі қалта
Алматыдағы Қонаев ескерткішін айналдыра скамейкалар қойылған.
Ғабең (Мүсірепов) сол жерде демалып отырады. Кейде мен қасына барып
отырамын. Ғабең «Космос» деген сигаретті тұтата бастайды.
Мен:
– Бұл темекіні қай уақыттан бастадыңыз? – деп сұраймын.
Сірə, 18 жастан, – дейді. – Бір қыз маған моншақтап, кестелеген кисет
(қалта) тігіп сыйлады. Кисетті қалтаға бос салып жүрмейсің. Саратов
махоркасын толтырып, жұқа шылым қағаз сатып алып, соған орап, «козья
ножка» жасап тартамын. Түтінді ішке тартпаймын. Қос танаудан түтінді
жарыстыра шығарсаң, қыздар қызығатын сияқты.
Əне, бұл «дос» содан басталған.
Бұл кезде Ғабең 84 жаста еді.
Ал темекіні 18 жаста бастаса, шынында да «ескі дос» болған.


Бірақ бұл да бір кем дүние.
Мен:
– Өкпеге зиян шығар, – деп едім.
Ол:
– Ысталған ет көпке шыдай ма, əлде жас ет көпке шыдай ма? – деді.
Бір жылдан кейін, 85-те қайтты.
«Қаламгерде»
Мың да тоғыз жүз жетпіс жылдың он бірінші қазаны еді.
Ғабең (Мүсірепов) маған ақша беріп, бір шөлмек коньяк алдыртты.
– Қазір Шəкір Əбен деген шал келеді. Өзі дəстүрлі халық ақыны,
философ ақын, – деді Ғабең. – Семейден...
Кешікпей Шəкір ақын келді. Басында дөңгелек құндыз бөрік. Сақалы
аппақ. Қолында таяқ.
Шағын стол басында үшеуіміз отырмыз. Сөзді Шəкір ақын бастады.
Ғабеңе қарата:
– Сені бір көрсем деп едім. Басқа арызым жоқ. Жасым сексен екіде.
Құжат бойынша – жетпіс алты, – деді Шəкір ақын.
– Е, келесі жылы мен де жетпіс беске келемін. Менен бір жас үлкен
бола ғой. Кісінің жасын туған күнімен емес, қай шақта, қандай қайратта,
соған
қарап есептеу керек, – деді Ғабең.
Сол жетпіс беске мен (Ш. М.) биыл (2007 ж. 28 қыркүйек) келдім.
Шəкір ақын мен Ғабит Мүсірепов о дүниелік болғалы қай заман...
– Жасты қайратыңа қарап есепте, – деп еді Ғабең. Кім біледі...


Бəрібір бір кем дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет