Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет17/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69
Бір кем дүние

Бір тамшы жас
О, Сүйiнбике! Алтын Орда хандарынан қалған тəбəрiктей асыл жан.
Сен жасыңда дəуiрледiң.
Қазан халқының ханы болдың. Қазанды билеген əйел затынан шыққан
тұңғыш хан.
Сенiң сорыңа орыс патша Иван Грозный замандас болар ма?!
Қазанды сол қиратты.
Қазан қамалын зеңбiректен атқылап құлатып, сенi тұтқынға алды.
Сен Қазанмен қоштасарда көзiңде жалғыз тамшы жас тұрып қалды.


Кейiн тамаша суретшi Бақи Орманшы (Урманче) сенiң суретiңдi
ағаштан ойып салғанда, кiрпiктерiңнiң астынан сол бiр тамшы жас ерекше
көрiнiп тұрды. Сол тамшы жас болмаса, суретте жан болмас едi. Сол
тамшы жас болмаса, бiр кем дүние – шын кем дүние болар едi.
Пəруана
Тоқсанбай бабадан тараған төртеудің біреуі Жылтыр ата, одан Төлетай,
одан Сұлтан деген ағамыз еді ғой.
Шыр
бітпеген
қу
сирақ
кедей.
1932
жылғы
Голощекиннің
ашаршылығында, "асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын" деген ұран
шыққан заманда, ауданнан келген уəкіл, ауылдан шыққан белсенділер үй-
үйді тінтіп, бір түйір дəн табылса, кəмпескелеп келе жатып, Сұлтан
көкеміздің құжырасының тұсынан өтіп бара жатады.
– Бұрылмаймыз ба? – дейді ауданнан келген уəкіл.
– Бұл байғұс битін сығып, қанын жалап отырған қу кедей, – деп
ауылсовет бұрылмайды.
Бұларды көрген Сұлтан жертөлесінен шығып:
– Оу, мырзалар, мə, мынаны ала кетіңдер, бір тостаған арпа... ала
кетіңдер, – дейді.
– Ой, байғұс-ау, өзің аштан өлесің ғой, – деп жаны ашығансиды
ауылсовет.
– "Көппен көрген ұлы той" деген, – депті Сұлтан көкеміз.
Сол Сұлтан қыстың күні жүні шыққан жаман көрпесін жамылып
жүруші еді. Басқа киер лыпасы жоқ.
Сөйткен Сұлтанды, бір ауыз орысша білмейтін, əліпті таяқ деп
танымайтын, өмірі мылтық ұстап көрмеген тақыр сауатсыз Сұлтанды
əскерге алып, Совет өкіметі Ұлы Отан соғысына салды-ау. Сталинград
қасапханасына.
Моласы белгісіз, ешкім оған арнап дұға да оқымайды. Еске де алмайды.


Бір кем дүние.
Құмырсқа ғұмыр
Ұйықтап жатқан құмырсқаны көрмедім. Бəрі қыбырлап-жыбырлап жем
тасып бара жатады.
Біз ғой түске дейін ұйықтаймыз. Түстен кейін қыдырамыз.
Бай баласы байға ұқсайды,
Байланбаған тайға ұқсайды, – деген осы. Жалқаумыз.
Бір кем дүние.
Қылыш пен қалам
Қылыш ел шауып, қазына құрайды.
Қалам қазына тауып, қайыр сұрайды.
Мұны Жүсіп Баласағұн баяғыда жазып кеткен. Қалам ұстаған міскіндер
əлі сондай...
Бір кем дүние.
Жекеше көне ме
Өз пайдаңды ойлама,
Ел пайдасын ойла!
Өз пайдаң соның ішінде.
Бірақ бəрі солай ойламайды ғой.
Бір кем дүние.
Не істеу керек
"Сұлу əйел алған адам өмір бойы қарауыл болып өтеді. Бай əйел алған


адам өмір бойы құл болып өтеді", – депті Баласағұн бабамыз.
Бір кем дүние.
Шұғыланың назы
"... Бірақ кейде көңілге ауыр алатын жағдайлар да бар. Кеудесін қуаныш
кернеп, алып-ұшып келген қандастарды орыс тілін білмегені үшін кінəлап,
кейбір мемлекеттік мекемелерде дұрыстап жауап та бермеген сəттері болып
жатады" (Шұғыла, "Астана хабары", 16. 12. 06 ж.).
Кейбір жерлерде шошқа бақтырып қорлайтынын қайтерсің?!
Бір кем дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет