Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет67/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Бір кем дүние

Асыранды кірпі
Батыстың телехабарларына қарап отырсаң – не жоқ, бəрі бар. Соның
ішінде жабайы аң-құстар, жан-жануарлар туралы арнайы бағдарлама,
арналар да бар.
Біз үйренер бір қасиеті – үйсіз, күйсіз қалған ит, мысық сияқты
мақұлықтарды қорғайтын қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді.


Ал енді біздің жақта тəртіп сақшылары көшеде бұралқы ит көрсе атып
тастайтынын көргенбіз.
Ертеректе, Мəскеуде оқып жүргенде, Виктор деген курстас жолдастың
үйінде асыранды кірпіні көріп таң қалғаным бар. Сөйтсе кірпі қандала,
тарақанға қырғидай тиеді екен. Қабырғасы қарағайдан соғылған ескі
үйлерде қандала, тарақан көп болады. Кірпісі бар үйге ондай қансорғыштар
жоламайды екен.
Тікенектері тікірейген кірпінің сол Виктордың үйінде тəрелкеден сүт
ішіп жатқанын көріп едім.
Кірпіні киелі деуші еді, рас шығар. Қандала, тарақандар тасыраңдап
кетсе, ол да зиян.
Бір кем дүние.
“Хассақ” дейді…
Бала кезімде естігенім есімде. Біздің Мыңбұлаққа көршілес, Күркүреу
су бойындағы қырғыздарға бара қалсақ:
– Иə, хассақ бала, – деп қарсы алар еді.
Кейін-кейін, жол түсіп Моңғолияға барғанымызда:
– Хассақтар келді! – деп құшақтасты.
Ал біздің тарихшылар, оқымыстылар əлі күнге дейін “қазақ” деген
сөздің төркінін дөп басып айта алмай, əр саққа жүгіртеді.
Ау, сонда бізді бір заманда “сақтар” “сақ” дегені рас қой. Ал енді “хас”
деген сөздің мағынасы “нағыз”, “анық”, “шын” дегенге саяды. “Сақ”
сөзімен біріксе – хас+сақ!
Мына бізбен ежелден аралас-құралас қырғыздар, моңғолдағы дүрбіт,
ұрыңқай, халха, ойрат, бұйрат, маңғыттар бізді “хассақ” десе, солар өтірік
айтпайтын шығар.
Ақиқатын бір Алла біледі. Əйтсе де ежелгі көршілер бекер сөйлемес.


Сондықтан аузы түкті қазақтармен шатаса бермей, хассақ болған абзал
шығар.
Бір кем дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет