Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет61/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   69
Бір кем дүние

Қызғалдақсыз көктем
Тышқан жылы (2008) сəуір тəуір болмады.
Жас келіндей жасанған өрік ағаштары ақ гүлден бұтақтары көрінбей
есіре гүлдеп еді, бір түнде үсік ұрып кетті (13 сəуір). Қарайып кеткен
діндері қалды.
Далада жауқазын жоқ. Қызғалдақ шықпай қалды. Мұндай жағдай
бұрын болмап еді-ау. Тəңіртаудың қызғалдағы дүние жүзіне даңқы шыққан.
Қазір Голландия өсіріп, дүние жүзіне таратып, қымбатқа сатып жүрген
гүлдің түпатасы осы Тəңіртаудың «Грейг» аталып кеткен біздің елдің


қызғалдағы.
Құдай рахым етіп, мейірім төкпесе, бұл жыл жұтаң. Тасаттық беріп,
құдайы тамақ үлестіріп жатқан мұсылмандар баршылық.
Итқызғалдақ (мак) көріне бастады. Итқызғалдақтың өмірі өте қысқа.
Қыз дəурен сияқты өте шығады.
Көк көтерілмей қалды. Қыс қиын болар. Жұрт күні бұрын малын матап
сатып жатыр. Асырай алмайды.
Бір кем дүние.
Шыңғыс шыңы
Біздің ауыл Мыңбұлақта. Оның оңтүстік-шығыс жағында, жиырма бес
шақырым жерде Тəңіртаудың ең биік шыңы Манас тау асқақтап тұрады.
Бүгін Манастың аспанға шаншылған асқақ шыңын қалың қара бұлт
орап алыпты.
Етегіндегі Шекер-айыл да қара жамылған.
Бұл — адамзаттың Айтматовының ауылы.
Осыдан отыз жыл бұрын Шыңғыс Айтматов елу жасқа толғанда,
Алматыдан алты жазушы екі машинаға мініп, сол Шекерге барып едік:
Тахауи Ахтанов, Зейнолла Қабдолов, Қалтай Мұхамеджанов, Сейдахмет
Бердіқұлов, Асқар Сүлейменов жəне мен — Шерхан Мұртаза.
Сонда Қалтай тау жаққа қарап тұрып:
– Ана Манас шыңымен тетелес қатар жатқан еңселі шың — Шыңғыс
шыңы,— деп еді.
Сол айтқаны келді-ау деймін. Шын дүниеде Шыңғыс енді Манас
бабасымен табысқан шығар.
Бұл Шыңғыс бұдан шамада 900 жыл бұрын жасаған Шыңғыспен де
табысар. Ол Шыңғыс жарты əлемді қылышпен жаулап алса, бұл Шыңғыс


бүкіл əлемді қаламмен баурап алды.
Рухтары мəңгі сөнбейтін алыптар екі дүниеде де жарқырайды.
(11. 06. 2008).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет