АТО-4822 агрегаты тракторлар мен комбайндарға, сондай-ақ кӛлік техникасына дала жағдайында 1-ТҚК және 2-ТҚК жұмыстарын жүргізуге арналған. Бір агрегат ауылшаруашылық машиналармен қоса 25...30 тракторга техникалық қызмет кӛрсете алады. Агрегат ГАЗ-52-01 автомобилінің шассиінде орналастырылған. Ол жоғарғы және тӛменгі қаңқалардан тұрады. Тӛменгі қаңқаның рамасына агрегаттың барлық
бӛліктері мен механизмдері орналасқан. Қаңқа шасси рамасына резина тӛсем арқылы қамытпен тартып бекітілген. Алмалы-салмалы жоғарғы қаңқа агрегаттың құрал-жабдықтарын жауын-шашыннан, шаңнан және басқа да зиянды әсерлерден қоргауга арналған. Жоғарғы және тӛменгі қаңқалар ӛзара болттармен бекітілген. Агрегат боліктеріне қол жеткізу үшін қаңқаның бүйір немесе жоғарғы бетіндегі есікшелер орналастырылған. Қаңқа ішінде дизелдік жанармайына арналған 200л бак, жуу сүйыгына арналған 50 литрлік ыдыс және үстідегі алдыңгы есікше астында сиымдылыгы 20 кг солидол шанагы орналасқан. Барлық ыдыстар жылдам ашылып-жабылатын қақпақшалармен жабдықталған. Ыдыстарды вакуум арқылы сұйықпен толтыру үшін, агрегаттың алдыңғы бӛлігінде, ыдыстардың құю мойындарына тыгыз бекітілген ұиіықтары бар екі шланг қарастырылған. Суга арналған ыдыстың құю мойнына кеңірдектелген шланг тұрақты жалғанған. Ыдыстар толық толған кезде, ауа түтіктеріне сұйық ӛтіп кетпеу ұшін, су мсн дизелдік жанармай ыдыстарының жоғарғы бӛлігінде қалтқылы құрылғы орналастырылған. Ыдыс тола бастағанда қалтқы сырығы шарикті кӛтеріп, корпустағы тесікті жабады да ыдыстан ауа соруды тоқтатады.
Суға арналған ыдыстың тӛменгі бӛлігіндегі бензинмен жұмыс істейтін жылытқыш орнатылған.
Агрегатттың сол жақ бүйірінде басқару қалқаншасымен қатар су мотор майын және дизелдік жанармай беру шлангілері, сондай- ақ пневматикалық солидол айдағыш, бӛлшектерді жууға арналған ыдыс пен аспаптарға арналған жәшік орналасқан. Агрегаттың ал- дыңғы бӛлігіндегі тӛменгі қаңқаның астында ресивер орнатылған.
Үлестіру шүмектері жалғанған мотор майы мен дизелдік жанармай беру шлангілері ӛздігінен оралатын барабандарға оралып жиналған. Дизелдік жанармай желісінде дифференциалды манометрмен жабдықталған сүзгіш қондырылған. Диферинциалды- манометрдің жылжымалы шкаласының кӛрсеткіші мен жебесі қозғалмайтын шкала бойынша сүзгішке дейінгі және онан кейінгі қысым шамаларын кӛрсетеді. Қысымның ӛзгеру шамасына қарай сүзгіштің ластану дәрежесі анықталады. Егер қысымның ӛзгеру шамасы (яғни айырмасы) 0,15 МПа жетсе, онда сүзгіш элементтерін жуып тазалау қажет. Агрегаттың дизелдік жанармайды беру ӛнімділігі 25...30, ал мотор майын 4...5 л/мин. Вакуум желісінде, оған ӛтіп кеткен сұйықтың бар-жоқтығын кӛруге және ыдыстарға жалғанған вакуум жолын клапан арқылы жабуға мүмкіндік беретін автоматты ажыратқышпен жабдықталған шыны түндырғыш қойылған.
Салқын күндері жылыту үшін, солидол шанағының қуыс қаптамасы суға арналған ыдыспен жалғанған. Шанақтың тӛменгі бӛлігіндегі кранға, үшында ӛткермесі бар шланг жалғанған. Ӛткерме сол жақ алдыңғы жәшіктің тіреуішіне бекітілген және солидол айдағышты солидолмен
толтыруға арналған.
Агрегаттың оң жақ бӛлігіндегі компрессор мен су айдау сорапының жетегі, сондай-ақ ыдыстарға сұйық беруге арналған шлангілер мен ашпалы есігі бар жұмыс сӛресі және аспаптар мен құрал-саймандарга арналған жәшіктер орналасқан.
Компрессор мен су сорапының берілістері жетекті автомобильдің қуат алу қорабынан алады. Кабинадағы иін арқылы, компрессорға айналмалы қозғалыс беретін қуат алу қорабын қосып- ажырытуға болады. Кабинаның оң жағындағы иінімен тісті муфтаны жылжыта отырып, су сорапын іске қосады.
Тексеру, реттеу операция ларын орындау үшін агрегат клапандардагы саңылауды реттеуге, сақтандырғыш муфталарды күйіне келтіруге, центрифуга роторын бӛлшектеп қайта құрастыруга қажетті құрал-саймандармен және КИ-13901 тасымалы диагностикалық аспабымен жабдықталған. Қаңқаның артқы бӛлігінде қосымша доцгалақты бекітіп қоюга арналған арнайы орын, су copy шлангісін жалғауга арналған ӛткерме, жермен үштастыру тізбегі және саты қарастырылған.
Сурет 1. АТО-4822 агрегатының басқару қалқаншасы. 1 - панель; 2 - су температурасының кӛрсетікіші; 3 - манометр; 4 - мановаккуметр; 5 - жанармай ыдыстарындағы деңгейлік сезгіштерді ажыратып қосқыш; 6 - ауа краны; 7 - сақғандырғыш түймесі; 8 - жұмыс режимінің краны;9, 14, 15
- ауа тарату крандары; 10 - жалпылама қосқыш; 11, 12 - жарық беру лампалары мен ӛлшеу құралдарын қосу тумблері; 13 - ауа редукторы.
Басқару қалқаншасы агрегат боліктерінің жұмысын басқару және бақылау қызметін атқарады. Оның панелінде 1 (1-сурет) ыдыстагы 2 су температурасының кӛрсеткіші; ресивердегі 3 сыгылған ауа қысымен кӛрсететін манометр; агрегат 4 ыдыстарындыгы және ауа желісіндегі қысым немесе вакуум шамасын кӛрсететін мановакуумметр; дизельдік жанармай ыдыстарындагы 5 деңгейлік сезгіштерді ажырытыгі-қосқыш;
сақтандырғыш түймесі 7; ыдыстарга 13 берілетін ауа қысымьшың реттеу редукторы; жұмыс режимінің ауа краны 18 ; ауа тарату крандары 9, 14, 15; құралдар мен жарық беру шамдарын қосу тумблері 10, 11, 12 орналасқан.
Жылыту жүйесінің қалқаншасы - жылыту жүйесінің жұмысын басқару қызметін атқарады. Тұтандыру білтелері, қосқыш электромагнитті клапан мен желдеткішті қосып ажыратқыш, бақылау шиыршыгы, шыны сүзгіш, тұтандырғыш және электромагниттік клапанды реттеу бұранда шегесі қалқаншаның артқы бетінде орналасқан.
Компрессордың 2 (2-сурет) кӛмегімен сыгымдалған ауа сақтандырғыш клапан арқылы 0,7 МПа шектеліп, ресиверге 3 үздіксіз беріліп отырады. Ресиверден шыққан ауа май ажыратқыш 4 арқылы ӛтіп, түтікпен редукторга 5 беріледі. Редуктордан шыққан ауа қысымы оның тұтқасы арқылы реттеліп, жұмыс режимі кранына 33 бағытталады.
Осы кранға екінші желі бойымен компрессордың copy түтігінен тұндырғыш және ваккумды қосу автоматы 31 арқылы ваккум жеткізіледі. Жұмыс режимінің краны 33 арқылы жоғары қысымдағы ауа немесе ваккум тарату крандарына 28, 29, 30, ал олардан ыдыстарға беріледі. Басқару қалқаншасының артында орналасқан сақтандырғыш клапан 34 ОДМПа қысымға реттелген. Ол ыдыстардағы ауа қысымын бір қалыпты ұстап тұру қызметін атқарады.
Сурет 2. АТО-4822 – машиналарға техникалық қызмет кӛрсету ӛткізуге арналған жылжымалы шеберханасы.
1 – барабандар; 2 – ресивер; 3 – шлангтар және крандар; 4 – огнетушитель; 5 – басқару қалқаны; 6 – вакуумндық сақтау құрылғы; 7 – форсункалар тексеру және реттеу арналған аспабы; 8 – солидол салу механизмінің қуат бункері; 9 – сұйық жылыту механизмінің басқару қалқаны; 10 – жоғары каркасы; 11 – инструменталдық кассеталар; 12 – дизель отын күю арналған бак; 13 – жуып-шаятың сұйықтарға арналған бак; 14 – саты; 15 – запас дӛңгелегі; 16 – пайдаланатың жуып-шаятың сұйықтарға арналған бак; 17 – заземление; 18 – автомобильдық шасси; 19 – тӛмен каркасы; 20 - сұйық жылыту казаны; 21 – пистолет-солидолонагнетатель; 22 – жылыту механизмінің вентиляторы; 23 – бӛлшектерді жуу арналған ваннасы.
Ресиверден шыққан екінші сығымдалған ауа беру желісі кран 35 аркылы солидол айдағышқа б немесе солидол шанағына 14 жалғанады. Солидол шанағына сығымдалған ауа, солидол айда- ғышты кранмен 40 ӛткерме арқылы солидолмен толтыру кезінде ғана айдап берілуі тиіс. Ауа желісіне кран 35 арқылы үрлеу кранын және манометрлі ұштық жалғауға болады (агрегат аспаптары жиынтығында бар).
Машина жуу кезінде, су ыдыстан 17 солидол шанағы 14 сыртындағы су жолдары арқылы сорып алынып, реттелетін су шашқыш шүмекке 8 айдап беріледі. Су жылытқыштың 39 кӛмегімен жылытылады. Оған ауа желдеткішпен 38 беріледі.
Жылытқышқа жанармай (бензин) бактағы сүзгіш 22, кран 37 және электромагнитті клапан арқылы ӛтеді. Алғашқыда жанармай білтенің кӛмегімен тұтандырылады да, камерада тұрақты жалын пайда болғанда білте ажыратылады. Әрі қарай тұтану жанып жатқан жалынның кӛмегімен жалғастырылады. Жылыту жүйесіндегі су айналымы термосифон принципі бойынша жүреді: су жылытқышқа тӛменгі түтікшемен ағып келеді де, жылу алмастырғыш бойымен ӛтіп, жылыту түтіктері арқылы қыздырылады. Ыдыстардағы 15, 16 дизелдік жанармай сүзгіш 12 арқылы ӛтіп, үлестіру шүмегіне 10 беріледі. Мотор майы ыдыстан 18 шлангілер арқылы үлестіру шүмегіне 9 беріледі. Ӛздігінен оралу барабаны 11 мотор майы мен жанармай шлғангілерін ӛзіне оран жинауға арналған. Ыдыстағы
19 жуу сүйығы үлестіру шүмегінің 27 кӛмегімен машина бӛлшектерін жууға арналған астауға 26 құйылады. Пайдаланылған жуу сүйыгы шлангы арқылы ыдысқа 23 сорып алынады. Пайдаланылған жуу сүйығын ыдыстың тӛменгі жағында ораналасқан шүмек 25 арқылы агызып алуға болады. Пайдаланылған мотор майы шлангі арқылы ыдысқа 20 сорып алынады. Ал ыдыстагы майды ағызып алу үшін шүмек 25 қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |