Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық


Созылмалы майлау материалдарымен майлау жұмыстарын орындау



бет14/74
Дата02.09.2023
өлшемі2.36 Mb.
#476413
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   74
Лаб.жұмыс

5.Созылмалы майлау материалдарымен майлау жұмыстарын орындау


Жалпы мағлұматтар. Майлау жұмыстары пневматикалық солидол айдағыштың кӛмегімен атқарылады. Ол штокпен 6қатаң байланысқан күштік және оның бойында еркін қозғалатын екі поршень 5, 8орналасқан цилиндрден 4(3-сурет), сондай-ақ сақинадан 7 және поршеннің ерсілі- қарсылы қозғалысын шектейтін қақпақтардан 3, 9тұрады. Поршендер
цилиндр қуысын үш бӛлікке бӛледі. I - солидолға арналған, II және III сығымдалған ауа алма кезек берілетін бӛліктер. Жоғары қысымдық сораптың негізгі бӛлшектері: жоғарғы қақпақ 9;плунжер гильзасы 15;шток 6; шток үзартқышы 13;май сауытқа жалгауға арналған шток ұштығы 14.

Жұмыстың орындалу реті


  1. Моторды оталдырған соң компрессор іске қосылады.

  2. Кран түтқасын 35солидол айдағышқа ауа жіберу қалпына қойған соң (2-сурет), солидол айдағыштың (3-сурет) шүріппесін 19 қысып қайта жіберу қажет.

  3. Шанақтың зарядтау ұштығынан және солидол айдағыштың зарядтау штуцерінен сақтандырғыш қалпақшаларды шешіп алып, зарядтау ұштығын ұясына кигізген соң кран 40ашылады. Кранды 35«Ауаны шанаққа жіберу» жағдайына ауыстырып, ресиверде қысым 0,5 МПа жеткенде саңылаулардан солидол кӛрінгенше айдағышты толтыру керек.

  4. Крандарды (35 және 40)жауып, зарядтау ұштығын шығарып алған соң, сақтандырғыш қалпақшалары орнына кигізіледі.

Машинаның майсауыттарына солидол айдау үшін, кранды 35 солидол айдағышқа ауа беру жағдайына ауыстырып, айдағыштың ұштығы майсауытқа кигізіледі. Солидол айдағыштың шүріппесін 2..3 секунд басып қайта жіберген соң майсауытқа солидол қысыммен беріледі.





Сурет 3. Солидол айдағыш:.
1 - золотник; 2 - арна; 3,
9 - қақпақтар; 4 - цилиндр;
5 - күштік поршень; 6 -
шток; 7 - сақина; 8 - жылжымалы поршень; 10 - зарядтау ұштығы; 11 - клапан; 12 - плунжердің кері клапаны; 13 - ұзартқыш; 14 - айдағыштың ұштығы; 15 - плунжер гильзасы; 16 - гильзадағы тесік; 17 - алдыңғы қақпақтағы қуыс; 18, 20 жэне 21 - арналар; 19 - үлестіру механизмін ің шүріппесі; 22 - сығымдалған ауа
шлангісіне жалғанатын ұштығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет