Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық


Тақырып: «Техникалық қызмет көрсету құралдарының құрылысы



бет10/74
Дата02.09.2023
өлшемі2.36 Mb.
#476413
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   74
Лаб.жұмыс

Тақырып: «Техникалық қызмет көрсету құралдарының құрылысы мен оны пайдалану ережелерін оқып үйрену»


Жұмыс мақсаты. Техникалық қызмет кӛрсету агрегаттарының құрылысы мен олардың жұмыс істеу принципін оқыпүйрену. Агрегатты пайдалануды іс жүзінде меңгеру.
Жұмыс мазмұны. АТО-4822 агрегатының құрылысымен, яғни оның негізгі бӛліктері, аспаптары және басқару жүйесінің орналасуы, сондай-ақ олардың атқаратын қызметімен танысу. Агрегат ыдыстарын мұнай ӛнімдерімен, сумен толтыру немесе машинаға май құю кезінде ауаның, судың және мұнай ӛнімдерінің ағын жолдарын анықтау. Солидол мен суды жылыту. Машинаны жуу. Май тарату жұмыстарын жүргізу. МТЗ-80 тракторына технологиялық картада кӛрсетілген техникалық қызмет кӛрсету және диагноз қою операцияларын орындау.
Жұмыс орныньщ құрал-жабдықтары. АТО-4822 агрегаты, мотордың диагностикалық аспаптар жиынтығы, дизель форсункаларына тікелей диагноз қоюга арналған КИ-9917 құрылғысы, жанармай сорабының прецизион жұмыстарына диагноз қоюга арналған КИ-4802 құрылгысы, қызмет кӛрсетілетін МТЗ-80 тракторы, май құюға арналған ыдыстар.
Зертханалық жұмысты орындау барысындағы қауіпсіздік ережелері. Сақтандырғыш клапанда ақау болған жағдайда АТО-4822 агрегатында жұмыс істеуге тиым салынады; үлестіру крандары май түтіктерінен, ыдыстардан май ағып тұрғаны кӛрінсе, жұмыс тоқтатылады; қысым немесе вакуум жағдайларында ыдыс қақпағын ашуға үзілді-кесілді тиым салынады, ыдыстардағы қысым шамасын 0,3 МПа-дан арттыруға рұқсат етілмейді; агрегатқа жақын аймақта шылым шегуге және от жағуға болмайды; агрегаттың ӛрт сӛндіру құралы мен электр желілерінде ақау болса және электр желісі жермен тұйықталмаса, онда агрегатты іске қосуға болмайды; ауа алмасуы тӛмен орында және тез тұтанатын материалдардан 15 м жақын жерде жылытқышты іске қосып жұмыс істеуге болмайды; ТҚК және диагноз қою барысында барлық бӛлшектеу- жинақтау жұмыстары дизелдің ӛшкен кезінде жүргізілуі тиіс; агрегатты іске қосу және басқа да жұмыстар оқытушының немесе оқу шеберінің қадағалауымен жүргізілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет