Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық


Әдебиет Негізгі әдебиет: 1,4,6,7 Қосымша әдебиет: 3,4,7,9 Зертханалық жұмыс 17



бет66/74
Дата02.09.2023
өлшемі2.36 Mb.
#476413
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   74
Лаб.жұмыс

Әдебиет


Негізгі әдебиет: 1,4,6,7
Қосымша әдебиет: 3,4,7,9

Зертханалық жұмыс 17


Тақырып: «Электрондық басқару блогы (ЭББ)»


Жұмыс мақсаты: Студентерді электрондық басқару блогы жұмыс принципі үйрету.
Материалдық қамтылуы: Электрондық басқару блогы

Басқарудың электронды блогы (сурет 1) отын бүрку жүйесінің басқарушы орталығы болып табылады. Ол әр түрлі сезгілерден келетін ақпаратты ұдайы қадағалайды және қалдық уыттылығы мен автомобильдің жұмыстық кӛрсеткіштеріне әсер ететін жүйелерді басқарады. Электрондық басқару блогы (ЭББ) жүйедегі диагноз қою қызметін атқарады. Ол ауытқулардың бар-жоғын анықтай алады, солар туралы жүргізушіге


«CHECK ENGINE» шамымен хабар беріп, ақау сипатын белгілейтін және механикке жӛндеу жүргізуге кӛмектесетін кодтарды сақтай алады. Моторды басқарудың осы жүйесінде GM фирмасының «EFI-4» моделді ЭББ қолданылады.



Сурет 1. Электрондық басқару блогы




Сурет 2. «Mono-Jetronic» отын орталық жіберу жүйесінің сұлбасы.
1 – отын сорапы; 2 – отын сүзгісі; 3 – отын жіберу орталық форсунка; 4 – салқындауы сұйықтің температурлық сезгісі; 5 – кислород сезгісі (лямбда-
зонд); 6 - электрондық басқару блогы; а – дроссель қалқалағыштың потенциометр; b – қысым реттеуші; c – форсунка; d – ауаның температура сезгісі; е - дроссель қалқалағыш жетегінің электроқозғалтқыш

Сурет 3. Электрондық басқару блогының құрылғысы
1 – отын жіберу моментінің сезгісі; 2 - дроссель қалқалағыштың қалпыны сезгісі (дроссельдіқ потенциометр); 3 – ауа температурасының сезгісі; 4 – салқындауы сұйықтің температурлық сезгісі; 5 – қозғалтқыш иінді біліктің айналысы жиілігінің сезгісі; 6 – сервожетегінің сӛндіргіш; 7 – кислородтық сезгісі; 8 – электромагниттық катушка (соленоид); 9 – ауа температурасының сезгісі орнату орны;10 – сеткалық фильтр; 11 – жабу клапаны; 12 – тозаңдатқыш соплы; 13 – араластыру зонасы; 14 – дроссель қалқалағыш; 15 – отын жіберу орталық форсунка; 16 – корпус; 17 – қысым реттеуші; 18 – қайтару бензомагистраль; 19 – беру бензомагистраль.

ЭББ форсунка электронды тұтату жүйесі, бос жүріс реттегіші, түрлі реле тізбектері сияқты шығу тізбектерін жерге ӛткізу тізбегінде орналасқан транзисторлар арқылы басқарады. Тек қоректендіру жүйесінің релесін басқару тізбегі ғана оқшау болады. Қоректендіру жүйесінің реле тізбегі реле шарғысына берілетін 12В кернеуді ЭББ басқаратын жалғыз тізбек болып табылады. Қоректендіру релесінің шарғысы жерге ӛткізу ұшымен мотор массасына жалғасқан.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет