Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық


Калибрлеуді еске сақтау құрылғысы



бет67/74
Дата02.09.2023
өлшемі2.36 Mb.
#476413
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   74
Лаб.жұмыс

Калибрлеуді еске сақтау құрылғысы


Мотордың калибрлеуін еске сақтау құрылғысы ЭББ ішінде орналасқан және автомобиль массасы, мотор, берілістер қорабы, берілістер саны мен бірқатар факторлар туралы ақпарат ұстайды. Әртүрлі автомобильдерде біртекті ЭББ қолданылуы мүмкін. Бірақ автомобильдің
әр түрлі моделі үшін калибрлеудің еске сақтау құрылғыларының ӛзіндік ерекшелігі бар. Сол себепті калибрлеудің еске сақтау құрылғыларын ауыстырғанда тетік нӛмірінің қосалқы бӛлшектер туралы соңғы каталог пен техникалық ақпараттар бюллетеніне сай болуы аса маңызды.
  1. Электронды басқару блогының (ЭББ) жадысы


ЭББ жадысының үш типі бар: тұрақты, оперативті (жедел) және бағдарламаланатын жадылар.

Тұрақты еске сақтау құрылғысы (ТЕСҚ)


Тұрақты еске сақтау құрылғысы калибрлеудің еске сақтау құрылғысында болатын ЭББ – нан шығарып алатын тұрақты жады түрінде болады. ТЕСҚ «басқару алгоритмі» деп аталатын жалпы бағдарламадан және операциялық нұсқаулар жиынтығынана тұрады. ТЕСҚ басқару алгоритмдерінен тұратындықтан, ЭББ калибрлеудің еске сақтау құрылғысын алып тастағанда, жұмыс істей алмайды.
ТЕСҚ бағдарламаланғандықтан ӛзгертілмейді. Жадының бұл типі энерготәуелсіз және оны сақтауға қоректендіру қажет емес.

Жедел еске сақтау құрылғысы (ЖЕСҚ)


Жедел еске сақтау құрылғысы ЭББ –нің баспа платасында орналасқан басқару блогының тұрақсыз бӛлігі түрінде болады. ЖЕСҚ негізінен басқа есептеулер үшін пайдалануы мүмкін және мәндерді есептеу мен уақытша сақтауға арналған. Микропроцессор оған мәліметтер енгізуі немесе қажет болғанда есептеулер жасауы мүмкін. Қорек беру тоқтаған кезде ЖЕСҚ сақтаулы барлық ақаулардың диагноз қоюшы кодтары мен есептік мәндері ӛшеді.

Бағдарламаланатын тұрақты еске сақтау құрылғысы (БТЕСҚ)


Бағдарламаланатын тұрақты еске сақтау құрылғысы автомобильдің нақты моделіне және орындау қажет нақты уыттылық нормаларына қатысты моторды калибрлеудің әр түрлі ақпараттарынан тұрады.
БТЕСҚ сақталатаын мәліметтерді тек қана ЭББ санайды немесе пайдаланады. БТЕСҚ энерготәуелсіз және сақтау үшін қоректендіруді қажет етпейді.
БТЕСҚ калибрлеудің еске сақтау құрылғысының құрамына кіреді және оны басқарудың электронды блогынан алып тастауға болады. ЭББ- ын ауыстырғанда калибрлеудің еске сақтау құрылғысын қалдыру қажет.
Экспортқа шығарылатын алдыңғы берілісті ВАЗ автомобильдерінде GM фирмасының мотормен басқару жүйесі орналастырылған. Жүйе орталығы ISFI-2S электронды басқару блогы болып табылады. Бұл автомобильдер оттекті сезгісінен, нейтрализатор және бензинді – буды ұстау жүйесінен тұрады.
Бұл жүйе негізінен 8 клапанды 1,5 литражды және де аз мӛлшерді 16- клапанды моторларда орналасқан.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет