Бар
|
1,0
|
0,9
|
0,8
|
0,7
|
0,6
|
0,5
|
0,4
|
0,3
|
0,2
|
0,1
|
0
|
КПа
|
100
|
90
|
80
|
70
|
60
|
50
|
40
|
30
|
20
|
10
|
0
|
Кернеу,
V
|
4,9
|
4,4
|
3,8
|
3,3
|
2,7
|
2,2
|
1,7
|
1,1
|
0,6
|
0,3
|
0,3
|
Дроссель қалақшасы жабық жағдайында мотор қозғалса абсолюттік қысымының кӛрсету мәні салыстырмалы тӛмен кернеуді кӛрсетеді, осы кезде дроссель қалақшасы толық ашық болса, абсолюттік қысымның мәні жоғары қысымды кӛрсетеді. Шығару түтігі ішіндегі қысым сыртқы қысымдай болғанда жоғарғы кернеудің пайда болады. Сондықтан қоршаған атмосфералық қысым 100 пайыз салқын.
Шығару түтігі сезгісімен электронды басқару блогы (ЭББ) қысымды есептейді. Жоғарғы қысым кезінде кӛп мӛлшерде отын берілісін қажет етеді. Ал тӛменгі қысым кезінде аз мӛлшерде отын берілісін қажет етеді. Оталдыру және жанармай беруін басқару кезінде абсолюттік қысым сезгісінің дабылын пайдаланудағы ЭББ-ның маңызы зор.
|
Сурет 6. Бос жүріс реттегіші
|
|
Абсолюттік қысым сезгіш желісінде ақау пайда болғанда, ЭББ белгіні бір уақыт ішінде ақау кодын жадына сақтап және «CHECK ENGINE» бақылау шамын іске қосып ақау барын білдіреді. Осы кезде ЭББ иіндібіліктің айналу жиілігі мен дроссельдің ашылу мӛлшері бойынша
«апаттық» қысымды есептейді.
Абсолюттік қысым сезгіш желісіндегі ақауды 33 немесе 34 код қателері енгізеді. Осы кодтар желілердегі ақау барын ескереді. Сондықтан сезгілерді дұрыс ауыстыру жолдарын және электр ӛткізгіш ақауларын дұрыс жӛндеу үшін диагностика картасын пайдаланамыз.
Дросселды қалақша жағдайының сезгісі (сурет 4). Бұл дроссельге қалақшаның ағымды жағдайын анықтап және осы хабарды ЭББ береді. ЭББ-ның дроссель қалақшасының жағдайы туралы мәлімет форсунканы басқару дабылын есептеуге қажет. Ал оның айналасына жауап ретінде
акселератор педалін қозғалтады. Дроссельді қалақшасының басқару тұтқасы ӛздігінен айналыс қозғалысын дроссельді қалақшаның жағдайының сезгісіне береді. Осы кезде сезгісінің шығу дабылында кернеудің ӛзгеруі байқалады. Осы дабыл басқару блогына ӛңдеуге беріледі. ЭББ сезгі дабылдағы кернеудің тез ӛсуін пайдалану арқылы жанармай берілісі қажеттілігін куәландырады және форсунканың бүркуіндегі басқару импульсі мӛлшерінің ұлғаюын бұйырады. Бұл карбюратордың үдеткіш сорғы функциясына ұқсас.
Сезгідегі шығу кернеуінің мәні тӛмендегі сандарының ЭББ дроссельді қалақшаның ағымды жағдайын анықтайды. Ал кернеудің ӛзгеруінің тӛмендеу салдарынан ЭББ дроссельдің жабылу немесе ашылу процесін анықтайды. Дроссельді қалақша жағдайының сезгісі реттелмейді. Бос жүріс режимінде ЭББ ең тӛменгі кернеу дабылын есептеу нүктесі ретінде пайдаланылады (0 пайыз дроссель), сондықтан бұл ешқандай реттеуді қажет етпейді.
Оттегі концентрациясының сезгісі (сурет 5) бензинді моторда ауа және жанармай қоспасының қатынасы 14,6 – 14,7 %: 1 тең болғанда ғана ӛте нәтижелі басқарады. 14,6:1 дегеніміз – 1 кг жанармай жану үшін 14,6 кг ауа қажет дегенді білдіреді. Тап осы ауа қатынасы «стехиометриялық» деп аталады.
Осы ауа жанармай қоспасының құрамындағы каталистік нейтрализатор кӛмірсутек мӛлшерін, кӛміртек және азот тотықтарын, мотордағы сыртқа шыққан газдарды нәтижелі кемітеді. Ӛңделген газ құрамын оптимизациялау мақсатында, каталистік нейтрализатор жұмысын қамтамасыз ету үшін, оттегі сезгі дабылының кері байланысы мен жанармай берілісінің басқару жүйесі қолданылады.
Абсолюттік қысым, иіндібіліктің айналыс жиілігі (7-сурет), салқындатушы сұйықтық температурасы, ауа температурасы және т.б. шығу дабылы бойынша ЭББ форсунканың бүрку ипмульсінің ұзақтығын есептейді. Отынды бүркуден кейін мотордағы оттек концентрация сезгісінің дабыл кӛрсеткішін форсункадағы бүрку импульсінің есеп- қисаптарын түзету үшін қолдануға болады.
Тұйық ілмектің кері байланыста пайдаланылған газдағы оттегі концентрациясы сезгісінің жанармай берілісін басқарудағы рӛлі зор.
Пайдаланылған газдардағы қалған оттегі құрамы негізінде ЭББ оттегі концентрциясының сезгісі арқылы дәл есептеп отырады (сурет 8).
|
Сурет 8. Басқару педальдің сезгісі. ӛткізіш
|
|
Ӛңделіп шыққан газдағы оттегі құрамы оттегі концентрациясы сезгісімен әрекеттесуінен шығу кернеуі пайда болады. Бұл кернеуді дабыл бағанасы (шкаласы) ретінде қараймыз. Бұнда 0,1В диапазоны (жоғары оттегі концентрациясы – нашар қоспа) 0,9В диапазонға дейін (тӛменгі оттегі концентрациясы – бай қоспа) болады.
Сезгі салқын жағдайда болғанда пайдалануға болмайтын ешқандай кернеуді немесе баяу ӛзгерілетін кернеулерді бермейді.
Сезгі нәтижелі жұмыс істеу үшін температура кемінде 360 градус болу керек. Мотор, іске қосылғанда сезгіні жылдам қыздыру үшін, ішкі электрлі қоздырғыш элементімен жабдықталған. Қыздыру элементі қоректі автомобиль оталған кезде алады.
ЭББ сезгі желісіне ең тӛменгі токпен тұрақты 450 милливольт тірек кернеуін үзбей жіберіп тұрады. Бұл кӛрсеткіш тек диагностика үшін пайдаланылады. Сезгі суық-күй жағдайында (немесе үзілген) ешқандай кернеу бермейді. Осы кезде ЭББ тұрақты тірек кернеуін кӛрсетеді. Мотор жұмыс істегенде сезгі қызып, оның ішкі кедергісі тӛмендейді де, ол кернеудің тез ӛзгеруін кӛрсетеді. ЭББ кернеуінің ӛзгеруінен сезгі қызғанын біліп, одан шыққан мәлімет «жіңішке күйге келтіру» ретінде пайдалануға дайын екенін білдіреді. ЭББ орташа кернеу (жуық шамамен 300...600 милливольт) диапазон шектерінің ӛзгеруін қадағалау арқылы тұйық ілмекті кері байланысты басқару режиміне ӛтуге шешім қабылдайды. Диагностикалық аспап «ТЕСН-1» дайындық жағдайын «оттекті сезгі дайын» - хабары арқылы білдіреді. Бүрку жүйесінің қалыпты жұмысында кері байланысты тұйық ілмекті режимдегі сезгі кернеуі секундына бірнеше рет стехиометриялық бағалық нүктесінен арту немесе кему жақтарына күшті ӛзгереді.
Этилденген бензинді пайдалануда немесе силикон мӛлшері кӛп болуынан, моторды жинау кезінде бӛлме температурасының
герметиктерінің вулканизациялануынан оттек концентрациясының сезгісі улануы мүмкін.
Герметик силиконынан ұшқыштығы ӛте жоғары болғандықтан силикон буы картердің желдеткіш жүйесіне және жану камерасына түсуі мүмкін. Қорғасын мен силикон заттары белгілі бір уақыттан кейін отын концентрациясы сезгісінің істен шығуына әкеліп соғады.
Жерлендіру желісі немесе сезгінің дабыл желісінің үзілуі сезгі ақаулығы, сезгінің салқын күйі, улану нәтижесінен істен шығуы, осының бәрі 350...550 миливольт диапазондағы кернеу дабылын атқаруы мүмкін. Сондықтан тұйық ілмекпен енгізілген қателік 13 коды бойынша жанармай берілісін басқаруын сақтап тұрады.
Егер ЭББ нашар қоспа құрамы жӛнінде ұзақ уақыт бойы дабыл алса, онда жады 44 коды қатені енгізеді. Қоспаның нашар болу себебі – шығару коллектріндегі ауаның шығуы, тӛсемшенің герметиктілігі немесе жанармай қысымының тӛмендігі. ЭББ мен сезгіні дабыл желілерінің массамен тұйықтауынан нашар қоспа туралы жалған дабыл шақырылуы мүмкін.
Егер ЭББ бай қоспа құрамы жӛнінде ұзақ уақыт бойы дабыл алса, онда жадына коды 44 қатені енгізеді. Қоспаның бай болу себебі – жанармай қысымының кӛбеюі.
Иіндібілік жағдайының сезгісі (датчигі) (сурет 7). Оталдыру жүйесі иіндібілік жағдайының сезгісі дабылын ЭББ жібереді және иіндібіліктің айналыс жиілігімен оның жағдайы туралы хабарлайды. Иіндібілік жағдайының тірек дабылының импульс базасына ЭББ бүрку импульсін береді. Иіндібілік жағдайының сезгісі желісіндегі ақау пайда болғанда, ЭББ белгілі бір уақыт ішінде ӛз жадына 19 қателік кодын енгізіп және
«CHECK ENGINE» бақылау шамын жағып ақау туралы дабыл соғады.
Осы қателік коды кернеудегі ақау барын білдіреді. Сондықтан электр желісіндегі ақауды жойып, оның дұрыс жӛндеу жолдарын қолданып, сезгілерді ауыстыру үшін диагностика картасын пайдалануды естен шығармау керек.
Автомобиль жылдамдығының сезгісі импульсті дабылды кӛрсетеді. Бұл ЭББ автомобиль қозғалысының жылдамдығы туралы хабарлайды. Автомобиль жылдамдығының сезгісі желісінде ақау пайда болғанда ЭББ белгілі бір уақыт ішінде ӛз жадына 24 қателік кодын енгізіп және «CHECK ENGINE» бақылау шамын жағып, ақау туралы дабыл соғады.
Октан-түзету потенциометрі оталдыру бұрышын түзету дабылын кӛрсетеді. Октандық саны тӛмен жанармайды пайдалану мақсатында оталу моментінің кешігуін таңдау үшін ЭББ октан түзету потенциометрі дабылын пайдаланады. Бұл реттеу диагностикалық аспап «ТЕСН-1» аспабын пайдалану арқылы тек қана техникалық қызмет кӛрсету бекеттерінде орындалады.
Бұл реттеуді зауыт автомобильді жинау кезінде кӛбінесе нӛльдік
кешігу мәніне қояды. Ӛйткені, ол нӛл мәнін кӛрсетеді. Себебі бұл диагностикалық аспап «ТЕСН-1» арқылы октандық санды реттеу үшін керек.
Октандық саны тӛмен бензинді пайдаланудың қажеттілігі арқасында техникалық қызмет кӛрсету бекетіндегі механик, «ТЕСН-1» аспаптың кӛмегімен октан потенциометрді реттеу арқылы октан саны тӛмен жанармайды қолдану үшін оталдыру бұрышының озу мәнін түзетеді. Иіндібіліктің айналыс жиілігінің және мотордың жүктелуі үшін жоғары шеткі нүктеге дейін октандық саны жоғары бензин үшін оталдырудың толық озу бұрышы 35 градус болады. Егер механик оталдырудың озу бұрышын 80 азайтты делік, онда «ТЕСН-1» аспабында - 80 октандық санының реттелуін кӛрсетеді және оталдырудың ӛз бұрышы жоғарғы шекті нүктеге дейін 270 болады.
Октан түзету потенциометрі желісінде ақау пайда болған кезде ЭББ белгілі бір уақыт бойы ӛз жадына 54 қателік кодын енгізіп және «CHECK ENGINE» бақылау шамын жағып, ақау туралы дабыл береді. Осы қателік коды желідегі ақау барын білдіреді.
Салқындатқышты қосудың сұраныс дабылы. ЭББ жүргізушіге салқындатқыштың жұмысының қажет екенін кӛрсетілген дабылды алу арқылы біледі. Аспаптар панелінде орналасқан салқындатқыш жүйесінің ауыстырып қосқышы арқылы дабыл соғылады. Алынған дабылды ЭББ мына мақсаттарға пайдаланады:
Мотордағы салқындатқыш компрессорына түскен қосымша жүктемені ӛтеу мақсатында реттегіштегі бос жүріс жағдайын реттеу үшін.
Релені қосып салқындатқыш жұмысын басқару үшін.
Достарыңызбен бөлісу: |