Қоректендіру кӛзінің кернеуін тексеру керек. Ол үшін жұмыс түрін айырып-қосқышты "Контроль питания" режиміне қояды. Егер прибор тілі 70-ке дейінгі белгіні кӛрсетсе, прибор зарядтауға қойылады.
Приборға кіріктірілегн аккумуляторларды зарядтау үшін келесі
операциялар орындалады:
жұмыс түрін айырып-қосқышты "зарядка аккумулятора" режиміне қояды;
қоректендіру кабелін "зарядка аккумулятора" ұяшығына қосады, қабельдің бос сымын жерге қосқыш шинаға жалғайды, ал вилканы 220 В кернеулі торапқа қосады. Зарядтау уақыты - 15 сағат.
Сурет 2. Диагностикалық аспаптың жалпы кӛрінісі (ЭМДП-2).
1 - тілді индикатор; 2 – электрлік импульс тоқтату блогының қосу және сӛндіру тумблері; 3 – «ӚЛШЕУ» сигналдық лампочкасы; 4 – жұмыс түрлерін айырып-қосқыш; 5 – бас телефондарын қосатын ұяшық; 6 – діріл сезгіш қосатын ұяшық; 7 - ВМТ электромагниттік және тахометрлық сезгіштің штепсельдік ұясы; 8 – температура сезгіш қосатын ұяшық; 9 – отын беру сезгішін қосуға арналған штепсельдік ұя; 10 – температура сезгіш кабелі; 11 – дірілді сезгіш кабелі; 12 – ВМТ электромагниттық және тахометрлық сезгіші; 13 – отын беру сезгіші; 14 – штепсель айыры; 15 – бас телефондардың кабелі; 16 – бас телефондар.
ЭМДП-2 приборымен жұмыс жасау тәртібі
Температураны бақылау.
Приборды қосар алдында зарядкасын тексеру қажет. Температураны ӛлшеу келесі ретте жүргізіледі:
температура сезгіш май деңгейін кӛрсеткіш щуп орнына қозғалтқыштың май поддонына салынады да сезгіш приборға қосылады;
жұмыс түрін айырып-қосқыш "Температура" режиміне қойылады;
сезгіш қызғаннан 2-3 минуттан соң температура прибор шкаласымен ӛлшенеді.
Судың температурасын есептеу үшін де осы сезгіш қолданылады.
Айналыс санын тіркеу.
Қозғалтқышты іске қосып, салқындатқыш сұйық 75-85ºС, картерлік май 75-85ºС дейін қыздырылады;
приборды іске қосып, қорек деңгейін тексеру;
ВМТ бақылау щупін ағытып алып, орнына айналыс жиілігін сезгішті орнатамыз, ЭМДП құрылғысына орналастыру;
максимал режимде иінді біліктің толық уақытын тексеру. Шыққан санды 20 санына кӛбейтеміз.(кесте №1)
Достарыңызбен бөлісу: |