ТҚ (АТО) жылжымалы механикаландырылған агрегаттарды негізінен, РТО бригададан (бӛлімшеден) белгілі бір қашықтықта жұмыс жасайтын ТО-I және ТО-2 машиналарын жүргізу барысында қолданады.
Олар келесі типтерді шығарады: ГАЗ-52-0I автомобилінің шассиі базасындағы АТО-4822, компрессорды жүргізуге арналған УД-2Ц автономды қозғалтқышы бар 2ПТС-2M тракторлы тіркемесіндегі АТО- 9966В және I500Г, жүк кӛтерімділігі 0,5 т болатын ӛздігінен жүргіш Т-I6М және ТАЗ-704 бір білікті автомобиль тіркемесіндегі АТО-I768A.
ГАЗ-66 шассиындағы, ГАЗ-52-0I шасси базасындағы АТО-9966Б және АТО-9994, 2ПТС-4М, тіркеме базасындағы АТО-9966В, ГАЗ-52-04 шассиіндегі АТО-9999, АТО-9966A шығарылымы игерілген. Бұл агрегаттар, АТО-4822 ГосНИ агрегаты құрылымын жетілдіру болып табылады және кейбір кӛрсеткіштердің кӛлеміне, кӛбіне жұмыс орындары мен ғимараттырының ыңғайлы орналасуына қарағанда ӛзгешеленеді. АТО-9994 және АТО-999-те еңбекті ӛтеудің сыйымдылығынан басқа барлық сыйымдылықтар, тігінен бекітілген және сұйық мұнай ӛнімдерін қайта айдауға арналған 03-9930A вакуум-сорғысы бар. Олармен қызмет кӛрсететін тракторлардың саны 20-30, ал АТО-9966В –I5-20. АТО-I768 агрегатының құрылғыларын игеру болып табылатын, Т-I6M ӛздігінен жүргіш шассидегі АТО-9993 ГосНИ агрегаты шығарылады. Оның тіркемесі болмайды, кӛбіне жиынтық агрегаттар тұтас ораналасқан, сұйық мұнай ӛнімдерін айдауға арналған 03-9930A вакуум-сорғысы қолданылады. Олармен қызмет кӛрсететін тракторлардың саны I5-20.
Агрегаттардың құрылғалары, машиналарды жууды, тазалауды механикаландыруға, жуғыш сұйықтықтағы тораптары мен детальдарын жууға, маймен толтыруды және ӛңделген майларды жинауды механикаландыруды, жағудың консистенцияларымен түйінін жағуға, машиналарды дизель отыны және сумен толтыруға, жеке тораптардың техникалық жағдайын қадағалауға және сәйкес келетін реттеуіштерді жүзеге асыруға, шинаға ауаны үруге және радиатор ӛзегіне қысылған ауа айдауға, кіші ақауларды жӛндеуге кӛмек болады.
АТО-ң қысқаша техникалық сипаттамасы [I] нұсқаулығында кӛрсетілген.
Ауыл шаруашылық техникасын сақтауға дайындау үшін, сақтау мерзімінде қызмет кӛрсеті және оны сақтау орнынан ТҚП-ға шығару, машиналар орналасқан аумақтарда және сақтау алаңдарында Т-I6M ӛздігінен жүргіш шасси базасындағы АТО-9984 ГосНИ агрегаттары белгіленген.
Достарыңызбен бөлісу: |