80
4.4. Мұнай өндіруге арналған штангалы
винтті сораптықондырғылар
4.4.1. Қондырғының құрылысы жəне ерекшеліктері
Мұнайды өндіруге арналған штангалы сорапты қондырғылардың бір
түрі болып, жер бетіндегі жетекті винтті штангалы сорапты қондырғылар
(ВШСҚ) табылады (4.9-сурет).
Терең мұнай ұңғымаларынан мұнай өндіруге арналған ВШСҚ мұнай
кəсіпшілік нарығында 80-жылдардың басында АҚШ жəне
Францияда
пайда болды. Қазіргі кезде берілісі 0,5-тен 1000 м
3
/тəу жəне қысымы 6 ÷
30МПа аралығында болатын ВСШҚ көптеген түрлері жасалған.
4.9-сурет. Мұнай өндіруге арналған штангалы винтті сорапты
қондырғының ұңғыма сағасында орналасуының жалпы көрінісі
ВСШҚ жеткілікті кеңінен таралуының себебі мұнай өндірудің басқа
механикалық əдістерімен салыстырғанда, олардың
техника-экономикалық
көрсеткіштерінің жоғары болуы.
ШҰСҚ-мен салыстырғанда:
- жетегінің құрылысының қарапайымдылығы мен салмағының
аздығы;
- қондырғы жетегін орнату үшін фундаменттің қажет еместігі;
- тасымалдау, құрастыру жəне газданған сұйықты айдау мүмкіндігі;
- ұңғымалы сорапты клапандардың болмауы.
Электр жетекті винтті сораптармен салыстырғанда:
81
- сорап құрылысының қарапайымдылығы (шарнирлі қосылыстардың
қосу муфталарының, радиалды жəне остік подшипниктердің болмауы);
- жетекші электр қозғалтқыштың жер бетінде болуы (оның құнының
төмен болуы, гидроқорғаудың жəне ұзын кабель болмауына байланысты).
ВСШҚ пайдаланудың
қолайлы облысы жоғары тұтқырлы, газ
құрамы жəне механикалық қоспалар жеткілікті жоғары,
тік ұңғымалар
болып табылады. ВСШҚ 3÷ 100 м
3
/тəу беріліс жəне ағыны 1000÷1500м
тереңдіктегі ұңғымаларда қолданады. Бірақ, ВСШҚ кейбір түрлері одан да
көп көлемде сұйық өндіру мүмкіндігіне ие болады.
ВСШҚ жер бетіндегі жəне ұңғыма жабдықтарының құрамынан
тұрады.
Жер бетіндегі жабдықтар ұңғымада құбыр басында орнатылады жəне
жетекші электрқозғалтқыштың энергиясын
айналатын штанг тізбегінің
механикалық энергиясына айналдырып беруге арналған.
Жер бетіндегі жабдықтар:
- қабаттық сұйықты шығаруға арналған үш жақты құбыр (тройник);
- жетекші бас;
- жетекші қозғалтқышты бекітуге арналған рама;
- трансмиссия;
- жетекші қозғалтқыш, басқару құрылғысымен;
- шынықтырылған штокты ұстауға арналған құрылғы.
Жетекші бас штанг тізбегіне айналу моментін беруге,
штанг
салмағынан осьтік күштерді жəне сораптың жұмыс органдарынан
гидравликалық
күштерді
қабылдауға
жəне
ұңғыма
сағасын
саңылаусыздандыру үшін арналған.
Құрылысы жағынан жетекші
бас флянецті немесе резбалы
қосылыспен үш жақты құбырда (тройникте) орнатылған. Остік күшті
қабылдайтын тіректі подшипник ретінде конусты немесе сфера тəрізді
роликті подшипниктер қолданылады.
82
4.10-сурет. Штангалы винтті сораптың технологиялық схемасы
Айналатын
жетекші
білікті
жəне
сағалық
штокты
саңылаусыздандыру үшін нығыздағыш сақина жəне орамды сальникті
құрылғы қолданылады.
Жетекші
қозғалтқыш тоқтағаннан кейін, штанг тізбегінің кері
айналуын болдырмау үшін тежегіш құрылғысымен жабдықталады.
Достарыңызбен бөлісу: