Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан



Pdf көрінісі
бет41/67
Дата22.12.2023
өлшемі3.01 Mb.
#487590
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   67
BURXANOVUH

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
4.12 - сурет. Винтті сораптың статоры мен
ротордың көлденең қимасы 
Бұл қуыстар ұңғыманың шығарылатын өнiмiмен толтырылған, жəне 
өнiм ротордың бұрылысында бiр айналымға оның өстерiн бойлай lc 
қашықтығына ауысады. 
Сонымен бірге, винтті сораптың нақты тəуліктік өнімі Q
3
/тəу) 
келесі өрнекпен анықталады: 
Q = 4eDl
c

Q=60·24·4eDl
c
(4.7) 
немесе 
Q=11520 eDl
c
(4.8) 
мұндағы е — эксцентриситет, м; 
— ротор диаметрі, м; 
l

— статор мен ротордың сəйкесінше адымы, м; 
п — ротордың айналу саны, 1/мин; 
ŋ— қондырғының беріліс коэффициенті, бірл.бөлігі. 
Жоғарыда бір винтті батырмалы сораптың негізгі ережесі 
қарастырылған, оның басты конструктивтi жетiспеушiлiгi ротор жұмыс 
iстейтiн шығару жəне қабылдауында қысымның төмендеп кетуі есебінен 
өстік күштiң пайда болуы болып табылады. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Винтті сораптың жұмыс жасау принципін түсіндіріңіз? 
2. Ротор мен статордың қызметтері қандай? 
3. Винтті сораптың нақты тəуліктік өнімі қалай анықталады? 
4.Статордың қандай кемшілігін білесіз? 


86 
4.4.3. Штангалы винтті сорапты қондырғылардың 
классификациясы 
ВСШҚ ұңғымалы жабдықтары СКҚ тізбегінен, сорап статоры жəне 
роторынан, штанг тізбегінен жəне СКҚ тізбегінің төменгі бөліктерінен 
тұрады (көмекші ұңғымалы жабдықтары) [5]. 
СКҚ тізбегінің төменгі бөлігіндегі жабдықтар ұңғымаларды 
пайдалану шарттары бойынша келесі элементтер болуы мүмкін: 

фильтр (сүзгі); 

газ жəне құм сепараторлары; 

динамикалық якорь (анкер); 

центратор; 

кері клапан; 

сорап тірегі. 
Шетелдік жəне отандық практикада ВСШҚ көптеген схемалары 
жəне типтік өлшемдері белгілі, оларды төмендегідей түрде топтастыруға 
болады: 
- жетек түрлері бойынша: электр жетекті, көлемдік гидрожетекті, газ 
қозғалтқышты қондырғыларға бөледі. Кеңінен таралған номинальды 
айналу жиілігі 1000 айн/мин айнымалы токты асинхронды электр жетекті 
ВСШҚ. Электрқозғалтқыш қуаты 3÷100 кВт. 
- жетектің кинематикалық схемасы бойынша ВСШҚ бір жəне екі 
сатылы трансмиссия болып бөлінеді. Бір сатылы трансмиссия ременді, 
шынжырлы немесе тісті берілістерден жасалуы мүмкін. Екі сатылы 
схемасы (бірінші саты-ременді беріліс, екінші саты-тісті беріліс) тез 
жүрісті жетекші қозғалтқышты қолдануға мүмкіндік береді. 
Бір сатылы ременді трансмиссиялы жетектер схемасы кеңінен 
қолданылып жүр. Ременді беріліс түрі бойынша жетектер - сыналы 
ременді жəне тісті ременді болып бөлінеді. 
Көп жағдайларға ВСШҚ қарапайым, көп қатарлы сыналы ременді 
берілістер қолданылады. Жетекші басты білігінің құрылысы бойынша 
бүтін жəне жартылай білік түрінде жинақталады. 
Бүтін білікті жинақ шынықтырылған штокпен бірге жасалынады 
жəне роторды тік бағытта реттеу мүмкіндігін азайтады. Сондықтан 
жетекші білік жартылай түрінде жасалып, штокқа қосылады.
Жетекші қозғалтқыштың орналасуы бойынша қозғалтқыш өсі тік 
жəне көлденең орналасуы мүмкін. Қозғалтқыштың тік орналасуы бір 
сатылы ременді трансмиссияға қолайлы, көлденең орналасу (қозғалтқыш 
өсі ұңғыма өсіне перпендикуляр орналасқан кезде) тісті конусты берілісті 
жетектер үшін. 
Жетекші біліктің жылдамдығын реттеу əдістері бойынша ВСШҚ 
реттелетін жетекші қозғалтқышты (электрлі немесе гидравликалық) жəне 
трансмиссияның беріліс қатынасы реттелетін жетектер болып бөлінеді. 


87 
Статордың бекітілу схемасы бойынша құбырлы (статор СКҚ 
тізбегінің соңына резьба арқылы бекітіледі) жəне салынатын (статор 
штангы арқылы ротормен бірге түсіріледі жəне СКҚ тізбегіне арнайы 
құлып көмегімен бекітіледі) винтті сораптарға бөлінеді. 
Шегендеуші құбырларға СКҚ төменгі бөлігінің бекітілу схемасы 
бойынша еркін жəне якорлы жинақ түрінде болады. 
Сораптың кинематикалық схемасы бойынша екі вариантта жасалады: 
ішкі элементі айналатын (винтті) жəне сыртқы элементі айналатын 
(обойма). 
Винтті айналатын типтік схема - конструктивтік жағынан да, 
пайдалану жағынан да қарапайым, əрі тиімді болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет