Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан



Pdf көрінісі
бет40/67
Дата22.12.2023
өлшемі3.01 Mb.
#487590
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   67
BURXANOVUH

 
Бақылау сұрақтары: 
1. Штангалы винтті сораптың басқа сораптардан айырмашылығы? 
2. Штангалы винтті сораптың негізгі жабдықтарын атаңыз? 
3. Жетекші бастың қызметінтүсіндіріңіз? 
4.Айналу моменті дегеніміз не? 
1 - Ұңғыма сағасы. 
2 - Төрт жақты құбыр.
3 - Задвижка ЗМ65*21. 
4 - Катушка. 
5 - Винтті сорап. 
6 - Шарикті кран. 
7 - Сынама алатын кран. 
8 - Винт. 
9 - Манометр МПУ. 
10 - Обойма. 
11-Сорапты-омпрессорлы
құбыр. 
12- Муфта. 
13- Анкер.
 


83 
4.4.2.Винтті сораптың жұмыс жасау принципі 
 
Винтті сорап бірінің ішіне бірі орналасқан екі геликоидты тісті 
берілістен тұрады (4.11-сурет).
4.11 - сурет. Винтті сораптың қимасы: 
 
а — ротор; б — статор; в — жинақталған сорап; 
1 — сорап корпусы; 2 — статор мен ротордың арасындағы қуыс. 
 
Ротор - жылжымалы iшкi бөлшек, бір батуы бар геликоид болып 
табылады, яғни, қарапайым бұрандалы бет болып құрастырылған. Ол 
берiктiгi жоғары жəне тозуға қарсы тұру үшiн қатты металлдық жiкпен 
гальваникалық жамылғымен қапталады. 
Ротор штангалардың бағанасымен жалғастырылады жəне онымен 
айналады, бұл бағана жоғары беттен айналма қозғалыс жасайды.
Ротор берiктiгi жоғары, арнайы токарь қондырғысында өнделген 
цилиндрлiк болат құбырдан дайындалады. Токарь қондырғысында 
өнделгеннен кейін, электрохимиялық өңдеу көмегiмен оған қатты 
металдан гальваникалық жамылғысы қапталады, əдетте хром металы 
қолданылады. 
Қазіргі таңда сораптың əрбiр үлгiсi үшiн статордың бiр-ақ өлшемi, ал 
ротордың бiрнеше өлшемдерi бар. Сораптың əрбiр үлгiсi үшiн 
диаметрлердiң сəл айырмашылығы болатын 14 роторларына дейiн болатын 
қатары шығарылады. Хром жамылғысының əр түрлi жуандықтарымен 
қиыстырылатын диаметрлердiң бұл қатары керiлiстiң дəл реттеуiн 
қамтамасыз етуге мүмкiншiлiк бередi. Барлық роторлар бiр пiшiлген 
дайындама заттарынан өндiрiледi: бұрандалы бет үздiксiз болуы керек. Бір 
жағының соңы сору штангаларының бағанасына қосу үшiн сыртқы 
бұрандамен жабдықтандырылады. Роторлардың ұзындығы өнеркəсiптiк 


84 
өндiрiстерінде бар болат ұзындығымен шектелген. Қазіргі таңда 
механикалық өңдеу көмегiмен басын жəне бұрандамасын қоса есептегенде 
максимал ұзындығы 9,25м (30,3 фут) болатын роторлар өндiрiледi. 
Əйтсе де, KUDU фирмасы берілісі жоғары тиімді сораптар алу 
мақсатында ұзындығы 12 м (40 фут) асатын роторлар пiсiруде, өте табысты 
əрекет жасауда. Сораптардың барлық үлгiлерiндегi ротордың жалпы 
ұзындығы статордың ұзындығынан 45÷50 см-ге (1, 5 фут) асады. Бұл 
ұзындықтар ротор бір-біріне дұрыс орналастырғанда ротордың басы 
статордан асып тұруы үшін керек. 
Статор - жылжымайтын сыртқы бөлшек, 2 батуы бар геликоид 
болып табылады. Ол эластомер түріндегі формада құйылған болаттан 
жасалған құбырға бекiтiледі жəне ол сорапты-компрессорлық құбырына 
қосылады. Статор болаттан жасалған құбыр мен стерженнің аралығында 
жоғары температура мен қысымда серпiмдiлiк өлшегiштiң жiберуiмен 
өндiрiледi. Стержень қимасы статордың iшкi профилiнiң «негативі» болып 
табылған екі кірісті роторға ұқсас. Болаттан жасалған құбырдың iшкi 
бетiне эластомерді толтыру алдында арнайы желiм жағылады. 
Эластомердің жоғары тұтқырлы болуына байланысты, техникалық 
себептермен статорлар ең жоғарғы ұзындығы 3 м етіп дайындалады. Олар 
симметриялы, бастарындағы сыртқы бұрамасы бірдей болып табылады. 
Ұзындығы 3 метрден жоғары болатын сорап моделдері 2,3 жəне 4 
элементтен дайындалған статор болып табылады.
Олар зауытта ерекше дəлдікпен жалғастырылады: қосулар үшiн 
қолданылған жалғағыш муфталардың қандай болмасын айналдырушы 
моментін еш уақытта қоса тiркеуге болмайды. 
Статордың кез-келген көлденең қимасында шеңбер жатады, бұл 
шеңберлердiң орталықтарының өсi ротордың айналу өсi болып табылған 
бұрандалы сызық үстiнде жатады. Ротордың кез-келген көлденең 
қимасында айналу өстерi айналма қима эксцентриситет деп аталатын «е» 
қашықтыққа жылжытқан. 
Статордың iшкi қуысының көлденең қималарының өстері бiрдей, 
бiрақ салыстырмалы түрде бiр-бiрiне бұрылған. Статор, бұл қималардың l
c
тең адымдарына дəл келедi. Статордың iшкi қуысының қимасы ротордың 
қимасының радиусына тең екi жартылай дөңгелек болып табылады
олардың орталықтары 4e қашықтыққа бұралып қозғалған. Ротордың 
айналуында ол меншiктi өстi айналады; онымен бірге ротордың өсi бiр 
уақытта 2e диаметрiмен дөңгелек бойынша айналма қозғалысты жасайды 
(4.12 - сурет). 
Оның барлық ұзындықтары бойынша ротордың спирал тарамы 
статормен үздiксiз байланыста болады; сонымен бiрге қимасының ауданы 
4e қашықтықтағы ротордың D диаметрiне тең, ал бұл қуыстың ұзындығы 
статордың l
c
адымына тең, ротор мен статордың аралығында қуыс пайда 
болады. 


85 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет