Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан


Батырмалы электрқозғалтқыштың гидроқорғағышы



Pdf көрінісі
бет46/67
Дата22.12.2023
өлшемі3.01 Mb.
#487590
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   67
BURXANOVUH

Батырмалы электрқозғалтқыштың гидроқорғағышы.
Гидроқорғағыш электрқозғалтқыштың ішкі жағына қабат сұйығының 
енуін болдырмау, температура жəне электроқозғалтқыш білігінен сорап 
білігіне берілетін айналу моментінің əсерінен электрқозғалтқыштың 
ішіндегі май көлемінің өзгерісін теңестіру үшін арналған. 
Қозғалтқыштың жетілдірілген сериясы үшін гидроқорғағыштың екі 
түрлі конструкциясы (5.6 - сурет) жасалынған: 
– ашық типті – П92, ПК92, П114, ПК114; 
– жабық типті – П92Д, ПК92Д (диафрагмалы), П114Д, ПК114Д. 
Гидроқорғағышты қарапайым жəне коррозияға төзімді («К» əріпі 
болады) етіп шығарады. 
Қарапайым орындалған гидроқорғағыш ФЛ-03-К (ГОСТ 9109-81) 
грунтовкасымен қапталған. Коррозияға төзімді етіп жасалынған 
гидроқорғағыш білігі үшін К-монельден ЭП-525, IV, 7/2 110°C эмалімен 
қапталған. 
ПЭД жинағы үшін гидроқорғағыштың негізгі түрі (типі) болып ашық 
гидроқорғағыш 
қабылданған. 
Ашық 
типті 
гидроқорғағыш 
электроқозғалтқыш ішіндегі май мен ұңғыдағы қабат сұйығының 
араласуын болдырмайтын физика-химиялық қасиеттерге ие тығыздығы 2 
г/см³-ке тең арнайы барьерлік сұйықты қолдануды қажет етеді. 
Жоғарғы камера барьерлік сұйықпен толтырылған, ал төменгі – 
диэлектрлік маймен толтырылған. Қозғалтқыштағы диэлектрлік майдың 
көлемінің өзгерісі гидроқорғағыш камерасындағы бір камерадан екінші 
камераға барьерлік сұйықтың ағуы есебінен теңестіріледі.
Жабық 
типті 
гидроқорғағыштарда 
резиналық 
диафрагма 
қолданылады, қозғалтқыштағы сұйық диэлектрлік көлемінің өзгеруін 
олардың иілгіштігі теңестіреді. 


102 
5.6-сурет. Ашық (а) жəне жабық (б) типті гидроқорғағыш: 
А – жоғарғы камера; Б – төменгі камера; 1 – бас; 2 – жоғарғы 
ниппель; 3 – тұлға; 4 – ортаңғы ниппель; 5 – төменгі ниппель; 6 – негіз; 7 – 
білік; 8 – шеткі тығыздағыш; 9 – қосқыш құбыр; 10 – диафрагма. 
Гидроқорғағыштың негізгі сипаттамалары 5.6 - кестеде көрсетілген: 
5.6 – кесте. Гидроқорғағыштың негізгі сипаттамалары 
Гидроқорғағыш
Камералардың 
сыйымдылығы, л 
Берілетін 
қуат, 
кВт 
Монтаждық 
ұзындық, 
мм 
Массас
ы, 
кг 
МА-ПЭД 
майы 
Барьерлік 
сұйықтық 
П92, ПК92 


125 
2200 + 5 
53 
П92Д, ПК92Д 
6,5 
0,15 
125 
2200 + 5 
59 
П114, ПК114 


250 
2300 + 5 
53 
П114Д, ПК114Д 8 
0,25 
250 
2300 ± 5 
59 
 
КТППНКС жинақталған сериялы трансформаторлық бекеттер. 
КТППНКС ұңғы шоғырынан мұнай алу үшін қажетті қуаты 16 ÷ 125 кВт 


103 
электроқозғалтқыштары бар төрт ортадан тепкіш электросорап, жəне төрт 
тербелмелі-қондырғы электроқозғалтқышының қорегі мен жөндеу 
жұмыстарын жүргізу кезінде қозғалмалы ток тұтынушылардың қорегін 
басқару мен қорғауға арналған. 
Кабель. Батырмалы сорап қондырғысының электроқозғалтқышына 
электр энергиясын жеткізу үшін негізгі қорек кабелінен тұратын жəне 
электроқозғалтқышқа 
кабельдік 
желінің 
саңылаусыз 
жалғануын 
қамтамасыз ететін кабельді енгізу муфтасы бар ұзартқыш кабельдік желі 
арқылы іске асырылады.
Арналуына байланысты кабельдік желілерге мыналар кіреді:
- негізгі кабель ретінде – КПБК, КТЭБК, КФСБК маркілі дөңгелек 
кабель мен КПБП, КТЭБ, КФСБ маркілі жалпақ кабельдер; 
- ұзартқыш ретінде – КПБП немесе КФСБ маркілі жалпақ кабельдер. 
Кабельді енгізу муфтасы – дөңгелек типті. Полиэтиленді КПБК жəне 
КПБП маркілі кабельдер, қоршаған ортаның температурасы + 90 °С-қа 
дейін. КПБК жəне КПБП кабельдері ток өткізгіш мыс сымнан жасалған. 
Сырты екі қабат, беріктілігі жоғары полиэтиленмен оқшауланған жəне 
өзара бұралып байланысқан (КПБК кабелінде) немесе бір жазықтыққа 
жатқызылып (КПБП) жасалған (сонымен қатар жастық пен қорғаны 
болады). 
КТЭБК жəне КТЭБ кабельдері термоэласто-қабаттан жасалады. Бұл 
кабельдер қоршаған орта температурасы + 110 °С болған кезде 
пайдалануға арналған. КФСБК жəне КФСБ кабельдері фторлық қабатпен 
оқшауланған жəне де қоршаған орта температурасы + 160 °С болған кезде 
қолдануға арналған. Бұдан басқа кабельдің көптеген түрі бар. 
ЭОТС-ты 
ұңғымаға 
тағайындау 
бұрғылау 
кезінде 
енгізу, 
механикалық өндіруге ауыстыру есептері арқылы МГӨБ əдісінде 
қабылданған тиімділік пен қарқындылық (ТУ бойынша) ЭОТС-ты 
пайдалануды қадағалау барысында жасалады.
Есептер МГӨБ-ның қолда бар төмендегідей барлық ақпарат негізінде 
шешіледі:
– берілген 
ұңғыманың 
өнімділік 
коэффициенті 
(ұңғыманы 
гидродинамикалық зерттеу нəтижелері бойынша); 
– инклинометрия мəліметтері; 
– газ факторы; 
– қысым: - қабат қысымы жəне қанығу қысымы; 
– өндірілетін өнімнің сулануы; 
– шығарылатын бөлшектердің концентрациясы. 
Бұл ақпараттардың дұрыстығын мұнай өндіру цехының бас геологы 
өз жауапкершілігіне алады. 
Таңдау үрдісі кезінде МГӨБ-мен қабылданған əдісті жетекшілікке 
алу қажет. Бұл кезде газайырғышы жоқ қондырғылар үшін сораптың 
қабылдауындағы еркін газдың құрамы 25 %-дан аспауы керек. Егер 


104 
сораптан механикалық қоспалар немесе тұз шөгінділері айтарлықтай 
білінсе, онда ЭОТС-ты шламұстағышсыз түсіруге тыйым салынады. 
Таңдау нəтижесінде белгілі болғаны: 
– есептік тəуліктік шығым (дебит); 
– сорап арыны; 
– пайдалану тізбегінің минимальді ішкі диаметрі; 
– түсіру тереңдігі; 
– есептік динамикалық деңгей; 
– ЭОТС көтергіші участогы мен түсіру аймағындағы жинау 
қисығының максимальді қарқыны. 
Пайдаланудың ерекше жағдайлары: 
– көтергіш аймағындағы сұйықтың жоғары температурасы; 
– сораптың қабылдауындағы еркін газдың есептік пайыздық құрамы; 
– механикалық қоспалар мен тұздың құрамы; 
– айдалатын сұйықтағы көмірқышқыл газы мен күкіртсутегінің болуы 
паспорт-формулярға енгізіледі. 
Қондырғыны ұңғымаға түсіруге дайындау: 
– жинақталған ОТЭС желісінің нөмірі мен типі пайдалану 
паспортына енгізіледі. Паспорт барлық монтаж жұмыстарынан бастап 
жөндеу базасына дейін ЭОТС-пен бірге болады; 
– қозғалтқыш, сорап, гидроқорғағыш, кері клапан, кабельдік желі ТУ 
бойынша бекітілген толық циклды сынақтан өтуі қажет; 
– қыс мезгілінде ұңғымаға жөнелтілуге дайын тұрған қозғалтқыш пен 
гидроқорғағыш ғимарат ішінде сақталуы керек, ал сораптың жұмысшы 
сатылары қатпайтын маймен майлануы керек. 
ЭОТС-ты монтаждау: 
– ЭОТС-ты ұңғымаға жеткізу тек қана желілерді бекіткіші бар
барлық керекті құралдармен жабдықталған арнайы көлік құралымен 
жүзеге асырылады; 
– ЭОТС-ты тиеу-түсіру жұмыстары ТКРС (ұңғыманы ағымдағы 
күрделі жөндеу) бригадасымен монтаждаушы бригаданың бірігуі жəне 
қондырғыны жеткізуші арнайы техниканың жүк көтергіш құрылғыларын 
қолдану арқылы орындалуы қажет. ЭОТС желілерін түсіру ТКРС 
бригадасының қабылдаушы көпіршелерінің аймағын мұнай өнімдері мен 
құмнан тазартудан кейін жүзеге асырылады. Ал кабельді барабан 
автоорамамен түсіріледі. 
ЭОТС-ты ұңғымаға түсіру, саңылаусыздандыру жəне сынамалы қосу. 
ЭОТС-ты түсіру ағымдағы жөндеу бригадасы мен ұңғыманы жөндеу 
графигіне сəйкес жүзеге асырылады. 
Түсіру жұмыстары аяқталысымен бригада сальникті енгізгішті 
саңылаусыздандырғанға дейінгі жəне кейінгі оқшаулау кедергісін өлшейді
(5 МОм-нан аз емес). 


105 
Кабель қорғағышының бос жатқан ұшын сағалық арматураның 
төменгі фланеціне гайкамен бекітеді де, сағадан басқару бекеті немесе 
клемма қорабына дейін кабель төсейді. Пайдалану паспортына түсірілген 
СКҚ саны, көтергіш тереңдігі жəне кабель ұзындығы енгізіледі. 
Сынамалы қосу кезінде жүзеге асырылатын жұмыстар: 
– 40 кг/см²-қа тең қысымға дейін ЭОТС-пен жұмыс істейтін лифтті 
қысымға сынайды; 
– сағалық арматураның саңылаусыздығы мен құбыр сыртындағы кері 
клапанның жұмысы тексеріледі; 
– өшіру сұйығын жинау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет