Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан



Pdf көрінісі
бет54/67
Дата22.12.2023
өлшемі3.01 Mb.
#487590
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   67
BURXANOVUH

 
 


123 
6. МҰНАЙ ЖƏНЕ ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ 
 
6.1. Мұнай жəне газ ұңғымаларын пайдалану жəне 
тасымалдау кезіндегі еңбекті қорғау 
 
Еңбекті қорғау жүйесінде адамның қауіпсіздігі, денсаулық сақтау 
жəне жұмыс қабілетіне кепілдік беретін əлеуметтік-экономикалық жəне 
емдеу-профилактикалық шаралары қарастырылады. 
Денсаулық жəне еңбектің қауіпсіз жағдайы, жұмыс беруші мен 
жұмысшы құқықтарының негізі 2007ж. 15 мамырдағы №251-ІІІ Қазақстан 
Республикасының Еңбек Кодексіне [17] сəйкес болып табылады. Онда осы 
еңбек саласында ұлттық саясаттың негізгі қағидаларымен қатар, жұмыс 
беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі 
мен еңбек жағдайына жауапты тұлғалардың міндеттері, өндірістегі 
жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру реті, ұжымдық жəне еңбек шарты, 
жұмыс режимі, өндірістегі зиянды жəне (немесе) қауіпті факторлар туралы 
жəне басқа да шаралар айқындалған.
Еңбекті қорғау жұмыстары мен талаптары негізгі үш бағытта жүреді:
1)құқықтық; 2)техникалық; 3)санитарлы-гигиеналық, еңбек гигиенасы мен 
өндірістік санитария. 
Кəсіпорындардағы мұнай өндірумен байланысты өндірістік қауіп-
қатердің негізгі көздеріне қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстар, 
атмосферада кездесетін көмірсутектердің, күкіртсутектердің, улы 
заттардың булары, сонымен қатар көміртегі тотықтары, əртүрлі 
жұмыстарға арналған улы химиялық реагенттер, əртүрлі механизмдердің 
айналу бөлшектері, жоғары кернеудегі электр қондырғыларының, 
құралдардың, газдардың, сұйықтардың өртенуі жəне жарылуы жатады 
[17,18]. 
Мұнай газ кен орындарында газдың немесе мұнайдың жеңіл 
фракцияларының шығуынан болатын бу-ауа қоспаларынан күшті 
жарылыстар, мұнай құбырлары мен резервуар парктеріндегі үлкен 
көлемдегі өрттер, қышқыл, сілті жəне тағы да осы сияқты күшті əсер ететін 
уытты заттардың үлкен алаңдарға төгілуі сияқты төтенше жағдайлар 
болуы мүмкін. 
Негізгі экологиялық проблемаларға ұңғымадағы жер асты 
апаттарынан болатын су горизонттарының ластануы, мұнайдың жер мен су 
қоймаларына төгілуі, газдың ұңғыма сағасына шығуы, алаулардағы газдың 
иісті газ түзе отырып, толық жанбауы сияқты факторлар жатады. 
Жоғарыда аталған өндірістік қауіп-қатерлерді, төтенше жағдайларды 
жəне экологиялық проблемаларды жою мақсатында кен орындарында 
келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуі қажет: 
1) өндіріс қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету; 


124 
2) төтенше жағдайлар кезінде жұмысшылар мен инженерлі-
техникалық кешенді қорғау бойынша іс-шаралар жүргізу; 
3) қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жасау. 
Ұңғыманы сұйықпен ауыстыру əдісімен игеру үшін оған сұйықты 
сораптар арқылы жоғары қысыммен айдайды. Осы уақытта гидравликалық 
соққылар мен дірілдер пайда болып, айдау желісі қосылған жерлерден 
ажырауы мүмкін. 
Қабат қысымын қалыпты ұстау жүйесінде сұйықты қабатқа жоғары 
қысыммен (15мПа-ға дейін) жоғары температурада (70-80
0
С) айдайды. 
Сондықтан техника қауіпсіздігі жағынан төзімділікке, беріктілікке жəне 
бақылау-өлшеу құралдарының, су құбырларының, сорапты жəне 
технологиялық қондырғылардың жылуды өткізбеу қасиеттеріне аса назар 
аудару керек [20].
Қабат қысымын қалыпты ұстау жүйесінің құрылыстарына су алатын 
ұңғымалар, су жинауға арналған бассейндер, тазарту құрылыстары, сорап 
станциялары, су өткізу жолдары жəне тағы сол сияқты нысандар жатады. 
Шоғырланған сорап станцияларының айдау ұңғымаларынан судың 
қайта жіберілуін болдырмау үшін сораптың шығысында кері клапандар 
орнатылған.
Жұмыс барысында ПТБ-10/160 қыздыру пешін қолдану кезінде, 
жылу алмасу камерасының жоғарғы бөлігінде үш сақтандырғыш 
(жарылғыш) клапандар бар, олардың жағдайын байқау үшін пештің алаңы 
болады, оған жеңіл баспалдақпен көтерілуге рұқсат етіледі. Пешті жағу 
автоматты түрде іске қосылады. Барлық электр жабдықтары жерге 
тұйықталуы керек. Қызметкерлерді күйдіру қауіпін туғызатын бүкіл 
құбырлар алшақтатылған немесе қоршалған болуы тиіс. Қысымда тұрған 
герметикалық жүйелерге барлық құбыр желілері, резервуарлар, газ 
баллондары жəне жоғары қысымдағы газ немесе сұйықтығы бар басқа да 
ыдыстар жатады.
Кен орындарында қысымда тұрған ыдыстарды пайдаланудың арнайы 
регламенті жасалуы қажет. Пайдалануға қайтадан енгізілген герметикалық 
жүйелер күтілген жоғары қысымнан 1,5 есе жоғары қысымға түседі. 
Жабдықтың рұқсат етілген қысымнан 10% жоғары мəнге есептелген 
сақтандырғыш 
клапандары 
бар. 
Жабдықтың 
материалы 
жəне 
конструкциясы беріктікке тексеріліп есептелген. Тығындаушы жəне 
реттеуші арматура су соққыларын болдырмау үшін бір қалыпты, ақырын 
ашылып жабылады. Қысымда тұрған жабдықтың фланецтік қосылысын 
бекітуге рұқсат етілмейді. Қосылыстарды ажырату жəне жалғау жүйедегі 
атмосфералық қысымда ғана орындалады. Жерде орналасқан құбыр 
желілерінің үстіне сəйкес белгілер орнатылады. 
Саңылаусыздандырылған жүйелерді пайдалану қауіпсіздігі бойынша 
аталған шаралардан басқа мұндай жүйелердің кемшіліктерін төмендетудің 
дамып келе жатқан бағыттарының бірі, адамның қысымда тұрған жүйе 
аймағында болуының алдын алатын əртүрлі сезімтал құралдардың жəне 
орындау механизмдерінің қондырылуын қарастыратын процестердің 
автоматтандырылған жүйесі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет