128
құралдарын пайдалану негізінде мүмкін болмаса,
онда жеке қорғаныс
құралдары пайдаланылады.
Мұнай өндіруші мекемелердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау
қызметі қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге
қатысты жұмыстарды ұйымдастыру кезінде төмендегідей шараларды
орындайды:
-жеке қорғаныс құралдарының өндіріс жағдайларына, стандарттарға,
санитарлы-гигиеналық
талаптарға
жəне
өндірістік
эстетиканың
талаптарына сəйкестігін анықтайды;
-жеке қорғаныс құралдарын жетілдіруге жəне олардың жаңа түрлерін
жасауға, енгізуге қатысты техникалық талаптар мен шарттарды əзірлейді;
-арнайы киімдерді, арнайы аяқ киімдерді жəне басқа да жеке
қорғаныс құралдарын тегін берудің типтік
ведомствалық нормаларын
өзгерту жəне толықтыру жөнінде негізделген ұсыныстарды дайындайды;
-арнайы киімдерді, арнайы аяқ киімдерді жəне басқа да жеке
қорғаныс құралдарын қолдану жөнінде əдістемелік ұсынымдарды,
нұсқауларды, көмекші құралдарды əзірлейді;
-жеке қорғаныс құралдарының дұрыс берілуін,
сақталуын, күтіп
ұсталуын жəне пайдаланылуын бақылайды.
Жеке қорғаныс құралдары, жұмыс қауіпсіздігінің қондырғылар
конструкциясы, өндіріс процестерін ұйымдастыру, сəулетті-жоспарлау
шешімдерімен жəне ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге
болмайтын кезде пайдаланылады.
Жеке қорғаныс құралдары:
-жуған, химиялық тазалау жəне залалсыздандырудан
кейін өзінің
қасиеттерін жоғалтпауы керек;
-қорғаныс, физиолого-гигиеналық жəне пайдалану көрсеткіштеріне
байланысты бағалаудан өту керек;
-белгілі бұйымның міндеті жəне қызмет ету уақыты, оны пайдалану
жəне сақтау ережелері туралы нұсқаулығы болуы керек.
Мақсатына қарай жеке қорғану құралдары төмендегі кластарға
бөлінеді:
-жабық костюмдер (пневмокостюмдер, суөткізбейтін костюмдер,
скафандрлар);
-тыныс алу органдарын қорғайтын құралдар (газқағарлар,
шаңқағарлар, пневлошлемдер, пневмомаскалер, пневмокүртешелер);
-арнайы қорғаныс киімдері (тұлыптар, пальтолар, тондар,
жамылғылар, плащтар, халаттар, костюмдер, күртелер, көйлектер,
шалбарлар, комбинезондар, күртешелер, алжапқыштар жəне т.б.);
-аяқты қорғау құралдары (етіктер, бəтіңкелер, туфлилер, галоштар,
тəпішкелер, сандалдар, унттар, шұлғаулар жəне т.б.);
-қолды қорғау құралдары (əртүрлі мақсаттағы əртүрлі
матадан
жасалған бес саусақты, төрт саусақты, үш саусақты, екі саусақты жəне
129
алақанды қорғауға, білезікті, шынтақты жəне қол терісін қорғауға арналған
қолғаптар);
-басты қорғау құралдары (каскалар, шлемдер, құлақшын, береттер,
жəне т.б.);
-көзді қорғау құралдары (көзілдіріктер, жапқыштар жəне т.б.);
-бетті қорғау құралдары (бетті қорғау жапқыштары)
-есту органдарын қорғау құралдары (шуға
қарсы шлемдер,
құлаққаптар жəне т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: