«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы»


Жұмысты жүргізу әдістемесі



бет4/6
Дата02.07.2016
өлшемі411 Kb.
#172373
1   2   3   4   5   6

Жұмысты жүргізу әдістемесі

Беймата жаймаларының сызықтық тығыздығын нақты үлгіде анықтайды. Үлгінің ұзындығын және енін сызғышпен әртүрлі үш жерінен әр бағытта өлшейді, ортасынан және 50 мм қашықтықтағы екі шетінен өлшейді.

Өлшеуді 1 мм дейін қате жібермей өлшеген дұрыс. Осы үш рет өлшенген өлшеудің орташа арифметикалық санын шығарады, ол ұзындығы және ені бойынша болады. Жайманың қалыңдығы қалыңдық өлшейтін аспап көмегімен нақтылы үлгінің 10 жерінен 0,01 мм дейін қате жібермей өлшейді. Одан кейіннақты үлгіні тахникалық таразыда 0,1 г дейін қате жібермей өлшейді.

Тоқылған-тігілген беймата жаймаларының тігісінің қалыңдығын 50 мм шалу қатары және бағасының санын сынау арқылы анықтайды. Мұнда санау үшін тоқыма лупасы және ине көмегіне сүйенеді. Тігістің тығыздығын үлгінің әр жерінен бес рет ұзындығы (Пд) және ені (ПШ) бойынша өлшеп, оның арифметикалық орташасын табады.

Шалудағы жіптің ұзындығын анықтау үшін 100х100 мм өлшемдегі үлгіні аламыз. Үлгінің шетінен 20 мм қашықтықта 5 шаруалар бағанасын белгілеп, оның әр қайсысынан 100 мм шалу санын санау. Одан кейін шалу бағаналарын түсіреді. Осылай шалудағы жіптің ұзындығын есептейді, олөлшенген жіптің ұзындығының қосындысын бағанадағы шалу санына бөледі. Содын кейін осы жіпті таразыда өлшеп төменде келтірілген формуламен тігістегі жіптің сызықтық тығыздығын есептейді.

Т = m/L


мұндағы, m – жіптің массасы, г; L – жіптің ұзындығы, км.

Қиыстырылған айқаспаларда шалудағы жіптің ұзындығын әр бір айқаспа түрі үшін жеке есептелінеді.

Жайғақтың сыртқы қабатындағы талшықтарды сызғыш және бұрыш өлшегіш көмегімен анықтауға болады. Желімденген беймата жаймаларының құрылымын микроскоп көмегімен желімдертүріне сурет салып алады. Ал, инетесу әдісімен алынған жаймаларды лупа көмегімен 1 см2 бөлігіндегі тесік санын есептейді. Нақтылы үлгінің әр түрлі жерінен бес рет тесіктер санын есептеп, орташа арифметикалық санын табады.

Есепке тігістегі айқаспа түрлерінің графикалық жазбасы және желімденген жаймадағы желім түрі, сонымен бірге өлшенген нәтижелер мен беймата жаймаларының құрылымдық сипаттамасын көрсеткен дұрыс.

9 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырып: Трикотаж жаймаларының өлшемдік және құрылымдық көрсеткіштерін анықтау

Жұмыс мақсаты: трикотаж жаймаларының сызықтық өлшемдерін, құрылымдық сипаттарын және беттік тығыздығын анықтайтын әдістерді оқып үйрену. Тоқыма өрімдеріне талдау жасау

Тапсырма.


  1. Трикотаж жаймаларының құрылымдық сипаттарын, сызықтық өлшемдерін есептеу, анықтау әдістерін оқып үйрену.

  2. Трикотаж жаймаларының сызқтық өлшемдерін, құрылымдық сипаттарының көрсеткіштерін және беттік тығыздығын анықтау.

Жалпы мағлұматтары

Иілмелі трикотаж бір, екі немесе одан артық бірге алынған жіптерден құрылады, олар бір жіпжүргізгішке сабақталып, бірден инеге салынып, ілмектер тоқылады. Әлмектер қатарлары жіптің бірізді иілеу жолымен алынады, бір қатар құрылғаннан кейін жіп екіншіге ауысады, кейін үшіншіге.

Иілмелі трикотаж ілмекті қатарлар бойынша (горизонталь бағытпен) жеңіл тарқатылады, ал жіп үзілгенде ілмекті бағанша бойынша (вертикаль бағытпен) тез сөгіледі.

Желіжіптік трикотаж бір-біріне параллель орналасқан жіптердің жүйесінен (желіжіп) құралады.

Ілмекті қатарда алу үшін бірмезгілде жіптердің жүйесі иіліп, әр жіпөз инесіне салынады. Сондықтан ілмекті қатарда әр жіп бір (екіден көп емес) ілмек құрайды, сонан кейін келесі қатардың көршілес бағаншасына ауысады.

Мұны орындау үшін бір жіп кезегімен екі шектес инеге салынады: ІІ қатардағы 2 инеге салынған жіп, ІІІ қатарда 3 инеге салынады, ал ІV қатарда қайтадан 2 инеге.

Сонымен желіжіптік трикотаждың әр ілмекті бағаншасы көршілес бағанамен созылма арқылы бірігеді.

Желжіптік трикотаж ілмекті қатар бойынша тарқатылмайды және ілмекті бағанша бойымен тым аз тарқатылады.

Желіжіптік трикотажда ілмектін құрылысы, иілмегеліге қарағанда біршама ерекшеленеді. Желіжіптік трикотаджың ілмегі таяқшалардан, ілмек басы және бір ілмекті екінші ілмекпен біріктіретін созылмалардан тұрады.

Трикотаж құрылысының негізгі сипаттамалары және оларды есептеу әдістер

Трикотаж тығыздығы, жіптің қалыңдығы, ілмектің ұзындығы жіне массасы трикотаждың маңызды параметрлері болып табылады.

Трикотаж тығыздығы оның бірлік ауданына келетін ілмектер санымен сипатталынады.

Трикотаждың бірлік ауданына ұзындығы 100 мм тең квадрат қабылданған. Тығыздық екі бағытта анықталынады: горизонталь және вертикаль бойынша.

Гризонталь бойынша тығыздығы трикотаждың ені бойынша 100 мм келетін кесіңдіде қанша ілмек бағаншасы бар екенін көрсетеді, және ПГ деп белгіленеді. Вертикаль бойыншатығыздығы трикотаждың ұзындығы бойынша, 100 мм келетін кесіндіде қанша ілмек қатары орналасқанын көрсетеді, және ПВ деп белгіленеді. Тәжірибеде тығыздықты трикотаждың үлгісі, жайма немесе бұйым бойынша 100 мм тең кесіндідегі ілмек қатары мен ілмек бағаншаларын есептеу арқылы анықтайды.

Трикотажды жобалаған кезде тығыздығты жіптің берілген сызықтың тығыздығы немесе машинаның классы бойынша теориялық түрде есептейді. Тығыздықтарды есептелген кезде тығыздық бойынша анықталатын ілмек қадамы А деп және ілмек қатарының биіктігін В деп білу қажет.

Ілмек қадамы А деп ілмек қатарындағы екі қатар орналасқан ілмектердің өстерінің ара қашықтығын айтады.

Ілмек қадамын, мм, горизонталь бойынша тығыздығына кері пропорционалды өлшем ретінде анықтауға болады:

А = 100 / ПГ

Горизонталь бойынша тығыздығын, ілмек қадамының өлшемі бойынша келесі формуламен есептеуге болады

ПГ = 100 / А

Ілмек қатарының биіктігі В деп бір ілмек бағаншадағы биіктігі В деп бір ілмек бағаншадағы қатар орналасұан екі ілмек өстерінің ара қашықтығын айтады. Ілмек қатарының биіктігі, мм, вертикаль бойынша тығыздығына кері пропорционалды шама ретінде анықталынады:

В = 100 / ПВ

яғни, қыншалықты вертикаль бойынша тығыздығы жоғары болса, соншалықты ілмек қатарының биіктігі төмен болады.

Вертикаль бойынша тығыздығын ілмек қатарының биіктігі бойынша анықтауға болады:

ПВ = 100 / В

Трикотаждың дұрыс құрылуы тығыздықтар қатынасына байланысты. Тегіс тркотажда вертикаль бойынша тығыздығы горизонталь бойынша тығыздығынан жоғары болады. Горизонталь бойынша тығыздығының вертикаль бойынша тығыздығына қатынасын тығыздықтардың қатынас коэффициенті деп атайды және С әрпімен белгілейді және келесі формуламен анықтайды:

С = С*А


Жіптің қалыңдығы. Трикотажда ілмек құралатын жіптер кесіндісі қалындықпен сипатталынады. Жіптің қалыңдығын еркін жағдайда жіне қатты қысылған түрде деп бөледі.

Бірінші жағдайда жіптің қалындығын есептелген диаметрге теңейді.

de = 0,0357√Т*δ-1

екінші жағдайда – шартты диаметрге

dш = 0,0357√Т*φ-1

мұндағы, Т – жіптің сызықтық тығыздығы, текс; δ – жіптің көлемдік массасы, г/см3; N- жіптің нөмері, мм/мг; φ – жіптің заттық тығыздығы, г/см3.

Көп қолданылатын текстиль жіптердің тығыздығы мен көлемдік массасының мағынасы 7.2.1 – кестесінде көрсетілген.

Трикотаждың ілмек құрылымының еркін қалыптағы өлшемдерін есептелген кезде әдетте А өлшемі бойынша өлшенген ілмектегі жіптің орташа қалыңдығы өлшемін пайдаланады.

Жіптің орташа қалыңдығын мына формула бойынша анықтауға болады.

d = F≈( de + dш) / 2

ілмектегі жіптің ұзындығы, 1 мм трикотаждың бір ілмегіне келетін жіптің ұзындығы болып табылады.

Текстиль жіптерінің заттық тығыздығы мен көлемдік массасы 7.2.1 кестеде көрсетілген.



Кесте 7.2.1 Текстиль жіптерінің заттық тығыздығы мен көлемдік массасы



Жіптер мен иірімжіп

Жіптер мен иірімжіптердің заттық тығыздығы φ, г/см3

Жіптер мен иірімжіптердің көлемдік массасы, δ, г/см3



Мақта иірімжібі

1,52

0,75-0,85



Жүн иірімжібі

1,32

0,5-0,6



Вискоза жібі

1,5-1,53

0,7-0,8



Мыс-аммиакты жіптер

1,52

0,7-0,8



Ацетатты жіптер

1,3-1,33

0,6-0,8



Полиамидті жіптер

1,14-1,15

0,5-0,7



Полиэфирлы жіптер

1,38-1,39

0,55-0,7



Үшацетатты жіптер

1,28-1,33

0,6-0,8



Полиакрильнитрильді жіптер

1,17-1,19

0,6-0,7



Полипропиленді жіптер

0,9-0,91

0,4-0,45



Эластик жібі

1,14-1,15

0,032-0,035



Полиэфирлі текстурленген жіптер

1,38-1,39

0,04-0,06

Ілмек модулі σ ілмектегі жіптің ұзындығының осы жіптің шартты диаметріне қатынасын сипаттады.

Тоқыманың жиілігін шалудың созықты модулі сипаттайды және мына формула арқылы анықтайды:

σ = 1√N = 31,62l/√Т

Шалудың сызықты модулі шалудағы жіптің ұзындығының жіптің минимальды қалыңдығына немесе жіптің шартты диаметрінің қатынасын көрсетеді. Модуль неғұрлым аз болса, соғұрлым тоқыма жиі болады. 1м2 массасы – трикотаж қалыңдығының жанама сипаттамасы.

Жалаң өрімдер мен екітерістемелі біртегіс үшін 1 м2 массасы келесі формуламен анықталынады:

m = Пг Пв1 / N

қос өрімдер үшін:

m = 0,8 Пг Пв1 / N = 8 10-4 Пг Пв

жіптің кішіреюі У иілмелі трикотаж үшін келесі формуламен анықталынады:

У = 1/А


мұндағы, 1 – ілмектегі жіптің ұзындығы, мм; А – ілмек қадамы, мм.
10 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырып: Тоқыма материалдардың гигроскопиялық қасиеттерін анықтау

Жұмыс мақсаты: Текстиль жаймаларының гигроскопиялық қасиеттерінің негізгі сипаттамаларын оқып-үйрену және оларды анықтау

Тапсырма.

  1. Жайманың гигроскопиялық қасиеттерінің негізгі сипаттамаларын және оларды анықтау әдістерін оқып үйрену.

  2. Талшықтың құрама бойынша ерекшеленетін маталардың гигроскопиялығын, жылуөткізгіштігін анықтау.

  3. Талшықтық құрама әр түрлі маталардың ылғал сіңіргіштігін анықтау.

  4. Әр түрлі маталардың капилярлығын анықтау. Алынған мәліметтерді маталардың эементарлы үлгілерінің ерітіндіде көтерілуінің уақыт бойынша қисығын сызу. Әр түрлі маталар үшін берілген қисықтардың ерекшеліктерін түсіндіру.

Жалпы мағлұматтыр

Тоқыма жаймаларының гигроскопиялық қасиеттері бұл олардың су буларын және суды сіңіру қабілеттілігімен анықталады. Гигроскопиялық қасиетінің мағызды сипаттамалары: ылғалдылық, гигроскопиялық, ылғал беру, капилярлық, су сіңіру.

Ылғалдылық дегеніміз-материалда сіңірілген су буларының болуы. Жайманың ылғалдылығы талшықтар мен жіптердің ылғалдылығы сияқты анықталынады.

Гигроскопиялық дегеніміз-материалдың 100 % ауаның салыстырмалы ылғалдылығында ұзақ уақыт ұстап тұрғандағы ылғалдылығы.

Ылғал бері – материалдың сіңірілген суды қоршаған ортаға беру қабілеттілігі.

Капилярлығы және су сіңіру. Капилярлық көлденең ілінген тіктөртбұрышты элементарлы үлгіде сұйықтықтың көтерілуімен сипатталынады.

Су сіңіргіштігі материалды суға салғанда 60 минутта сіңірілген су көлемімен сипатталынады.

Жұмысты жүргізу әдістемесі

Текстиль жаймаларының гигроскопиялық қасиеттері ГОСТ 3861-81 бойынша анықталынады.

Мата үлгісінен гигроскопиялық және ылғал беруді анықтау үшін өлшемі 50*200 мм болатын элементарлы үлгілерді кесіп алып бюксаларға орналастырады. Бюксыларды ашық күйінде ішінде суыбар эксикаторларға орналастырады, мұнда ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 98±1% (гигрометрмен тексереді) жеткізіледі. Бұл жағдайда үлгілерді 4 сағат ұстайды. Содан кейін бюксыларды жауып, үлгілерді эксикатордан шығарып 0,001 г қателікте өлшейді. Гигроскопиялықты анықтағанда үлгілерді өлшегеннен кейін 107±2°С температурада кептіреді. Кептіргеннен кейін тағы да өлшейді.

Гигроскопиялықты Н (%) келесі формуламен анықтайды:

Н = 100(mb-mc) / mc

мұндағы, mb –ылғал үлгі массасы, mc – кептіргеннен кейінгі үлгі массасы, г.

Ылғал беруді анықтағанкезде алғалды үлгілерді кептіргеннен кейін күкірт қышқылы бар эксикаторға салады, мұнда ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 2±1% болуы қажет. Ол жерде үлгілерді ашық бюксалардың ішінде 4 сағат ұстайды, содан кейін бюксаларды жауып үлгілерді өлшейді. Үлгілерді кептіру шкафтарында 107±2°С температурада кептіріп қайта өлшейді.

Ылғал беруді В0 (%) келесі формуламен анықтайды:

В0 = 100(mb - mc) / (mb-mc)

мұндағы, mb – ылғал үлгі массасы, mc.к – эксикатордан алынған үлгі массасы, г; mc – кептіргеннен кейінгі үлгі массасы, г.

ылғал сіңіруді анықтау үшін өлшемі 50*50 мм болатын элементарлы үлгілерді кесіп алып 0,005 г қателікте өлшейді үлгілерді жүктері бар ілгектерге іліп (массасы 10 г және 2*1 см2 өлшемде) әшәнде дистилденген суы бар ыдысқа салады. Беттік тығыздығы 500 г/м2 болатын үшін және ылғалитергіштік қасиетпен өңделген маталар үшін – 1 сағат. Үлгілерді судан алып үш қабатқа бүктелген фильтрлі қағазға орналастырады, үстін үшке бүктелген фильтрлі қағазбен жауып бір рет білікпен, кейін үлгіні өлшейді.

Ылғал беру Вn келесі формуламен анықталынады:

Вn = 100 (mb-mc) / mc

мұндағы, mb – ылғал үлгі массасы, г; mc – бастапқы масса, г.

Капилярлықты анықтау үшін өлшемі 50*300 мм болатын үлгілерді қолданады. Зерттелетін үлгілерді көлденең планкада 1 орналасқан инелерге орналастырады. Үлгінің қасына сызғышты 2 іледі. Зерттелетін үлгінің төменгі жағына екі әйнекті таяқша 3 түріндегі жүктерді іледі, олардың шет жақтары резиналы сақиналармен бекітілген. Беттік тығыздығы 200 г/м2 аз болатын маталарға арналған жүк массасы – 2 г (әйнекті таяқшылар ұзындығы 60 мм, диаметрі 2,5 мм) беттік тығыздығы 200 г/м2 үлкендерге – 10 г (әйнекті таяқшылар диаметрі 6 мм).

Үлгінің төменгі жағын сыдысқа түсіреді, ол жерге екіхромқышқылды калий немесе эозин ерітіндісін құяды, ал сызғыштың нөлдік шамасы ерітінді деңгейімен сәйкес келуі тиіс. Үлгіні ерітіндіге түсірген кезде секундомерді қосады.

Капилярлықтың стнадартты көрсеткіші ретінде сынақ басталғаннан 60 минут өткеннен кейінгі сұйықтың үлгі боймен жоғары көтерілуін қабылдайды.

Процессті бұдан да нақтырақ зерттеу үшін 60 минут ішінде сұйықтықтың белгілі бір уақыт аралығында көтерілуін өлшейді.



Есеп беру бойынша нұсқаулар

Есеп берудің ішінде келесілер болуы керек: терминдердің анықтамасы, гигроскопиялық қасиеті, ылғалдылық, гигроскопиялық, суды сіңіру, ылғал беру, капилярлық, гигроскопиялық қасиетінің айтылған сипаттамаларын есептейтін формула: бұйымның гигроскопиялық қасиетін анықтау әдісі туралы қысқышы мәлімет; бұйымның гигроскопиялық қасиетін бағалаудың нәтижелері алынған нәтижелер анализін 9.1 кестеге толтырады.

Кесте 9.1

Сыналатын мата түрі

Ылғалдалған үлгі массасы, г.

Кептіргеннен кейінгі үлгі массасы, г

Гигроскопиялығы Н, %

11 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырып: Матаны үзілуге дейін созғандағы механикалық қасиеттерінің сипаттамаларын анықтау

Жұмыс мақсаты: Тоқыма материалдарын созу кезінде үзу сипаттамаларын және осы сипаттамаларды анықтау әдістерінзерделеу.

Тапсырма.


  1. РТ-250М-2 үзу машинасының жұмыс принципімен және құрылымын зерттеу.

  2. Анықтау әдістемесін зерттеу және матаның, тақыманың және бейматаның үзу сипаттамаларын есептеу.

  3. Матреиалдың үзуге дейінгі созылуына сынақ жүргізу және үзу сипаттамалары көрсеткіштерін анықтау.

Жалпы мағлұматтар

Матаны тартқандағы беріктігі – оның сапасын сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің негізгі көрсеткіштердің бірі. Білгілі бір мөлшердегі мата жолағын үзуге кететін ең аз салмақты үзілу салмағы деп айтады. Бұл салмақ үзу машинасында мата жолақтарын үзу арқылы анықталынады.

Үзу салмағын негіз және арқау бойынша бөлек есептейді. Барлық негіздер немесе арқаулар бойынша жүргізілген барлық сынаудың орташа арифметикалық нәтижесі үлгінің үзу салмағы болып саналады. Зартханада матаның сапасын бағалағанда оның үзілу салмағын анықтайды және стандарт нормасымен салыстырады. Халықаралық бірліктер жүйесіне (Си) сәйкес үзілу – ньютонмен (Н) өлшенеді. Мысалы, көйлектік мақта маталардың беріктігі негіз бойынша 313-343 Н, арқай бойынша 186-235 Н, костюмдік маталардың негіз бойынша 687-803 Н, арқау бойынша 322-680 Н.

Меншікті үзу жүктемесі Рм, Н.

Бұл материалдың құрылысының элементіне келетін үзу жүктемесі. Матада бұл желіс немесе арқау жіптері, ал тоқымада шалу қатары болып табылады.

Рм = Рр / n

мұндағы, Рр – ұзу жүктемесі, Н; n – үлгі ені бойынша алынған құрылымдық элементтер саны.

Салыстырмалы үзу жүктемесі Рс Нм/г. Келесі формуламен анықтайды:

Ро = Рр / (Мs b)

мұндағы, Мs материалдың беттік тығыздығы, г/м2;

b – элементарлы үлгі ені, м.

Кейбір маталарда негіз және арқау жіптерінің массасы әр түрлі болып табылады. Сондықтан бұл маталардың салыстырмалы үзу жүктемелерін аныұтау үшін әрқайсысының салмақ бөлігі бойынша анықталынады:

Ро = Рр / (Мs bс)

мұндағы, с үлгіні бұзу бағытындағы алынған жүйедегі жіптің массасының үлесі.

Негіз және арқау бойынща жіптің массасының үлесін, матаның құрылымдық көрсеткішіне байланысты есептейді:

Сн = ТН ПН /(ТН ПН + ТН ПН) негіз

СА = ТА ПА /(ТА ПА + ТА ПА) арқау

мұндағы, ТН ПН - негіз және арқауы бойынша жіптің сызықтық тығызығы, текс; ТА ПА – 100 мм негіз және арқау жібінің саны.

Абсолютті үзу ұзару lp, мм

Үзу моменті кезіндегі матаның ұзындығының ұзаруы, оны үзу машинасындағы шкала арқылы анықтайды.

Салыстырмалы үзу ұзару ɛр %, келесі формуламен анықталынады:

ɛр = 100 lp/L0

мұндағы, L0 – материалдың бастапқы ұзындығы, мм.

Жұмысты жүргізу әдістемесі

РТ – 250М – 2 үзу машинасының құрылысының сипаттамасы. Мата үлгісі машинаның жоғарғы жіне төменгі қысқыштарына бекітілген.

Төменгі қысқыштардың жылжу жылдамдығы 25-250 м/мин аралықта реттелінеді, ол электр қозғауыштың көмегімен жоғары, төмен жылжып отырады.

Үлгінің созу күші өлшегіш маятник көмегімен өлшенеді. Төменгі қысқыш төмен жылжығанда үлгі созылады, жоғарғы қысқышты төмен жылжытып жіп рычагын бұрады. Ол жүк бекітілген маятниктің ауытқуын туғызады. Күш өлшегіш тісті тақтайшаны жылжытып, оның осінде түскен жүк мөлшерін көрсететін жүк шкаласына бағытталған. Тілше орнатылған тісті дөңгелекті айналдырады. Тарту күшінің әсерінен үлгі ұзарып 2 қысқыштың арасы алыстайды. Ұзару мөлшері үлгінің ұзаруын көрсететін шкаладағы тілше бойынша анықталынады.

Үлгі үзілгеннен кейін маятник бастапқы қалпына келеді, ал бақылау тілшесі үзу жүктемесін көрсетеді.

Күш шкаласы үш көрсеткіштен тұрады:

А – 0 ден 50 кгс дейінгі 0,1 кгс бөліктен;

Б – 0 – ден 100 кгс дейінгі 0,5 кгс бөлігінен

Б немесе В шкаласына ауыстыру үшін жүк маятнигіне қосымша жүк ілінеді, Б – бір жүк, В – екі жүк.

Үлгінің абсолютті ұзаруын ұзару шкаласы арқылы мм өлшенеді.



Сынақ жүргізу шарты. Ол келесі жолмен жасалынады:

-үзу машинасы 220 В электр жүйесінің көмегімен «Сеть» тумблерін қосу арқылы сигнал шамы жанады;

- жоғарғы қысқышты тұтқаның көмегімен босатады;

- машина маятнигіне күшті ілу немесе оны алып тастау арқылы күш шкаласын таңдайды;

- шкалаға сәйкес төменгі қысқыштың жалжу жылдамдығын келтіреді;

- үлгінің ұзындығына сәйкес төменгі және жоғарғы қысқыштың арақашықтықтарын ретейміз;

- күш және ұзару шкалаларын нөлге келтіреміз;

- үлгінің бір шетін жоғарғы қысқышқа бекітіп, екінші шетіне қалыпты тартылыс болу үшін жүкті іліп, оны төменгі қысқышқа бекітеміз;

- «Төмен» тетігін басу арқылы төменгі қысқыш қозғалады;

Үлгі үзілгенде үзілу жүктемесінің Рр көрсеткіші үзілу шкаласы арқылы, ал ұзару lp көрсеткішін ұзару шкаласы арқылы анықталынады. «Күш – Ұзару» диаграммасы жазып алынады;



  • үлгінің бірте – бірте үзілу жағдайында машина автоматты түрде өшпеуі мүмкін, мұндай жағдайда «Стоп» тетігін басу арқылы тоқтатады;

  • көрсеткіштерді жазып алғаннан кейңн «Жоғары» тетігін басып төменгі қысқышты бастапқы қалпына келтіреді.

12 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС



Тақырып: Тоқыма материалдарының қыртыстанбауын анықтау

Жұмыс мақсаты: Материалдың қыртыстанбауын анықтайтын аспаптар мен әдістерін оқып үйрену

Тапсырма.

  1. Материалдың қыртыстытанбауын анықтайтын аспаптар мен әдістерін оқып үйрену

  2. Ориентацияланған және ориентацияланбаған қыртыстану әдістері арқылы матағазерттеу жүргізу. Қыртыстанбау коэффициентін анықтау.

Жалпы мағлұматтар

Қыртыстану дегеніміз – ылғал-жылумен өңдегенде, матаны бүктеп, орағанда оның мыжылып қалуын айтады.

Матаның қыртыстануы талшықтың құрамына, жіптің жуандығы мен шираттылуына, тоқылуына, матаның тығыздығы мен өңделуіне байланысты.

Жүн, таза жібек көптеген синтетикалық талшықтардан тоқылған маталардың серпімділік қасиеті жоғары болады, сондықтан олар көп қыртыстанбайды. Мақта, вискоза талшықтарынан, әсіресе зығырдан тоқылған маталар өте қыртыстанғыш келеді.

Матаның қыртыстанғышын сондай-ақ, оның құрылымын өзгерті арқылы немесе әртүрлі ширатылған жіптерді қолдану арқылы азайтуға болады. Матаның өрімдеріне байланысты пластикалық деформациялар әртүрлі болып келеді.

Кездемелік өрімдер өздерінің қатты құрылымына байланысты қыртыстығыш келеді, ар саржалық, сәтендік, крептік және басқа өрімді маталар аз қыртыстығыш келеді. Тығыз және қалың маталар азырақ қыртыстанады. Матаның қыртыстығышын 2 әдістпен анықтауға болады.



  1. Хаосты түрде (қолмен мыжу арқылы).

  2. Белгілі бір тәртіппен, арнайы зертханалық аспаптарда қыртыстандыру арқылы.

Маталар қыртыстану бойынша өзара бөлінеді:

  1. Аз қыртыстанатын

  2. Қатты қыртыстанатын

  3. Еш қыртыстанатын

Матаның қыртыстанбауын келесі формуламен анықтайды:

Н = 0,555 * L

мұндағы, L – қайтадан қалпына келу бұрышы.

Матаның қыртыстануына байланысты оларды зерттейтін қондырғылар мен әдістерді екі топқа бөліп қарастырады. Бірінші топқа оринтацияланған қыртыстануды зерттейтін қондырғылар мен әдістер жатады, яғни сыртқы күштің әсерінен материалдың үлгісі белгіленген, шектелінген бірінші бөлігінде бүгіледі және мыжылады. Оларға, СМТ, СТ-1, СТ-2 аспаптары жатады. Оринтацияланған қыртыстандыру әдісі стандартты болады.

Ал, екінші топтағы әдістер мен қондарғылар арқылы ориентацияланбаған қыртыстануды жүргізеді. Мұнда материалдың үлгісі хаосты түрде бүктеліп, мыжылады.

СМТ аспабы мақта мата, жібек, зығыр, аралас маталар, тоқылмаған кездемелердің қыртыстанбауын анықтауға арналған. Ал, СТ-1, СТ-2 апспаптары таза жүн, жартылай жүн маталарының қыртыстануын анықтауға арналған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет