«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы»


Тақырып: Тоқыма материалдарының бояуының беріктігін анықтау Жұмыс мақсаты



бет6/6
Дата02.07.2016
өлшемі411 Kb.
#172373
1   2   3   4   5   6

Тақырып: Тоқыма материалдарының бояуының беріктігін анықтау

Жұмыс мақсаты: Тоқыма материалдарының бояуларға физикалық-химиялық әсерлерге тұрақтылығын анықтау әдісін зерделек

Тапсырма.

  1. Сынау әдістерін және тоқыма маталардың бояуының физикалық-химиялық әсерлерге тұрақтылығын бағалауды оқып үйрену.

  2. Сыналатын материал түрінде және оның тағайындалуына химиялық әсердің комплексін таңдау.

  3. Сынауды өткізу және таңдалған әдіс түріне бояудың тұрақтылығын нормативті белгілермен салыстыру.

Жалпы мағлұматтар

Киімді шартты пайдалану бойынша тоқыма маталарын сынаған кездет жарық, ылғал, температура, механикалық күш және әр түрлі химиялық реагент әсер етеді, яғни нәтижелі қозғалыс, жарық, ауа, жуу, үтектеу, терлеу, химиялық тазарту, қыру нәтижесінде физико- химиялық өзгерістер болады.

Матаның тозуға төзімділігі деп – оның көптеген тоздырумен фокторларға шыдамдылық қасиетін айтады.

Құрылымдық болған талшықтар және жіптер, яғни матаның түрін өзгертеді. Түрлі – түсті, қайнатылған су, сабынның ерітіндісі, кебу және сулап сүрту, үтіктеу, химиялық тазарту химиялық – физикалық комплекстің қозғалыстарын әр матаның түріне қарап орналастырады. Әр түрлі материалдар үшін химия физикалық комплекстің әсері белгілеуге және пайдалану жағдайына байланысты жасалынады. ГОСТ 7780-78 зығыр маталары үшін, ГОСТ 7913-76 мақта маталары үшін, ГОСТ 7779-75 жібек маталары үшін, ГОСТ 23433-79химиялық талшықтардан жасалынған маталар үшін, ГОСТ 13527-78 жүн маталары үшін, ГОСТ 2351-88 тоқыма кездемелері үшін.

Алғашқы бояудың өзгеріс дәрежесін анықтау үшін, сұр этанолдар шкаласы қолданылады. Ол қара эталондар, барлық жұптар үшін тұрақты және түсті эталондар арасында бояуларының әртүрлі дәрежесі болатын бес жұп эталондардан тұрады. Белгілі бір шкалада сұр эталонның бояудың белгісі белгіленген. Сұр эталондардың екінші шкаласы ақ матаның боялу дәрежесін анықтау үшін қолданылады. Ол барлық жұптар үшін тұрақты және сұр түсті эталондар арасында бояуларының әртүрлі түстің интенсивтілігі болатын бес жұп эталондардан тұрады.

Әрбір эталондар жұбына 1 ден 5 дейінгі балл сандары сәйкес келеді. 1 балл төменгі, ал 5 балл жоғарғы үйкеліс тұрақтылығын көрсетеді.

Тоқыма материалдарының бояуға тұрақтылығы үш топқа бөлінеді:


  1. Әдеттегі

  2. Берік

  3. Өте берік

Зығыр маталары үшін екі топ белгіленген:

  1. Берік

  2. Өте берік

Жұмыстың жүргізу әдістемесі

Үлгіні сынаққа дайындау (ГОСТ 9733.6-83)

Сынақтың түріне байланысты келесі үлгілер қолданады:


  • Қарапайым үлгі, сыналатын материалдан жасалған

  • Құрама үлгі, қарапайым үлгі және бір немесе екі үлгіден алынған аралас мата.

  • Бақылаушы үлгі, сынақты бағалайтын бояу тұрақтылығы, алдын ала анықталған бақылаушы үлгі.

Сынаққа қолданатын екі маталар, олар біріншісі мақта мата жібінен немесе вискоза жібінен жасалынған мата, ал екіншісі сыналатын мата, ол сол мақта немесе вискоза жібінен жасалған мата болуы мүмкін немесе басқа қосылыстардан жасалынған мата болады. Қарапайым үлгіні негізінен 180х80 мм өлшемде кесіп алынады. Материалдың бояуының тұрақтылығын анықтауды үлгіні матаның әр түрі жерінен кесіп алады, себебі матада, сурет басу раппорты үлкен маталар немесе әр түрлі деңгейде және әр түрлі түспен боялған маталар кездеседі.

Егер үлгілер тегіс боялған, меланж, түкті мата немесе тоқыма болса, онда қарапайым үлгіні екі үлгінің арасына орналастырып, екі жағынан немесе төрт жағынан маханикалық әсерлерге үлгінің төзімді болуы үшін берік етіп тігеді.

Сынақ ПТ-4 құрылғысында жүргізіледі. Боялған матадан қарапайым үлгіні 180х80 мм өлшемде кесіп алады және оны үстелшеге сақина арқылы бекітеді. Боялмаған мақта матасы екі құрама үлгіні 50х50 мм өлшемде алады: біреуі құрғақ үйкелісте бояу тұрақтылығын анықтау үшін, екіншісі ылғалды үйкелісте бояу тұрақтылығын анықтау үшін алынады. Құрама үлгіні резиналы тетікке бекітеді және сақинамен қысады. Салмақты басу арқылы құрама үлгіні үстелшеге түсіреді. Мұнда жалпы қысым 1 даН құрайды. Қолша көмегімен үстелшені 100 мм арақашықтықта 10 рет екі бағытта қозғалтады. Біріншіде құрғақ матаны сынайды. Екіншіде матаны дистилденген сумен ылғалдандырып ылғалды матаны сынайды.

Материалдың бояу тқраұтылығын сұр эталон шкаласы бастапқы және болған соңғы үлгі бойынша анықтайды.



Пайдалаған әдебиеттер
1 Рысқұлова Б.Р., Құтжанова А.Ж.,Масанова Э.С., Маханова Ж.Ш. тігін өндірісінің материалтануы. ҚР ҒБМ., Алматы, 2011.-320б.

2 Бузов Б.А. Материаловедение в производстве изделий легкой промышленности (швейное производство) / Б.А. Бузов, Н.Д. Алыменкова ; под ред. Б.А. Бузова .- М.: Изд-ий центр «Академия» , 2008. – 448 с.

3 Лабораторный практикум по материаловедению швейного производства : учеб. пособие для вузов/ Б. А. Бузов ; Н. Д. Алыменкова; Д. Г. Петропаловский и др. – Изд.-во М.: Легпромбытиздат, 2008. – 432 с.

4 Жихарев А. П. Практикум по материаловедению в производстве изделий легкой промышленности : учеб. Пособие для студентов вувоз / А. П. Жихарев ; Б. Я. Краснов ; Д. Г. Петропаловский ; под ред. А.П. Жихрева .-М. : Изд.-во «Академия», 2004,- 464 с.

5 Материаловедение в производстве изделий легкой промышленности : учебник для студентов вузов / А. П. Жихарев ; Д. Г. Петропаловский, С. К. Кузин ; В. Ю. Мишаков.-М. : Изд.- во «Академия», 2004.-448 с.
Қосымша әдебиеттер

1 НТД. по определению показателей качества, структуры и свойств

материалов и одежды.

2 Журналы моды, текстильной и швейной промышленности, союза художников и дизайнеров.

3 Есина Г.Ф. ,Санкин Л.Б. Отделка меха.-М.: Легпромбытиздат. 2004

4 Бесшапошникова В.И. Ассортимент и свойства текстильних материалов : Учебное пособие .- Саратов .: СГТУ. 2001.- 136 с .

5 Бекмурзаев Л.А. Технология одежды из кожи: Учебное пособие.

-М.: ФОРУМ: ИНФРА-М, 2004.-144 с.

6 Зыбин Ю.П. Материаловедение изделий из кожи / Ю.П. Зыбин, А.А. Авилов, Ю.М . Гвоздев, Н.В.Чернов.- М.: Легкая индустрия, 1988.-384с. 7.2.7 Сивотянова О.А. Изделия из кожи обработка, элементы одежды, украшения./О.А. Сивотянова, Р.С. Андреева. – СПб.: Регата, Изд.Дом «Литера», 2000 – 192 с.

8 Ассортимент свойства и технические требования к материалам для одежды / Под ред. К.Г. Гущиной. – М.: Легкая индустрия, 2004 – 161 с.

9 Н.А. Материаловедение швейного производства: Учебное пособие / Н.А. Савостицкий, Э.К. Амирова – М.: Издательский центр «Академия», 2004. – 240 с.

10 Стельмашенко В.И., Розаренова Т.В. Материалы для одежды и конфекционирование. – М.: Академия. – 2008. – 240 с.

11 Бузов Б.А. Теоретические основы метода подготовки и выбора материалов для швейных изделий: учеб.пособие . – М.: Изд-во МТИЛП, 2006. – 48 с.

12 Трикотажные изделия. / ГОСТы. – М.: Издательство стандартов 2004



13 Бесшапошникова В.И. Оценка качества текстильных материалов: Учебное пособие. – Саратов.: СГТУ. 2008. – 93 с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет