Жеңілдету – диеталық терапия (ждт)


Г. С. ШАТАЛОВА БОЙЫНША ЕМДІК ТАМАҚТАНУ



бет5/5
Дата03.01.2022
өлшемі51 Kb.
#450086
1   2   3   4   5
емдік диета

Г. С. ШАТАЛОВА БОЙЫНША ЕМДІК ТАМАҚТАНУ

1. Г.С.Шаталова – табиғи денсаулық сақтаудың негізін салушы

2. Маусымдық принцип бойынша емдік тамақтану

3. Тамақтану мезгілдері




  1. Жүйенің негізі – адамның өзін-өзі рухани және физикалық денсаулық немесе зиянды әдеттер, наз (тамақты артық қабылдау, темекі шегу, арақ-шарап) жолдарын таңдайтын табиғат бөлігі, биологиялық түр ретінде ұғынуда.

Шаталова шақыратын бірінші жол – ұзақ өмір сүруге, онда агрессия, ашу, өзімшілдік, қызғанушылық болмау керек. Мысал ретінде Спарта әскерлері, олар бүкіл күндік рационын кешке сапта тұрып қабылдайтын; бар порция алақанға сиятын болған, бірақ олар төзімді және мықты болған.

Шаталованың айтуы бойынша адам энергияны тек тамақтан ғана алмайды. Аутолиз (өздігінен қорыту) құбылысы өткен ғасырда белгілі болған, оның мәні – адамның ас қорытуы 50 % фермент арқылы, ал асқазан шырыны тек сол механизмді іске қосады. Бұл байланыста өнімдерді ұзақ пісірмеу керек. Ол тәжірибе негізінде дәлелденген: термиялық өңдеусіз тағамдар тез қорытылған, ал пісірген кезде тағам структуралары бөлшектеп сақталғаннан қорытуды қиындатып, организмді ластаған.

Тағам ферменттері адам организміне «құлып пен кілттей» сәйкес келуі керек, сонда ас қорытуға минимум энергия кетеді. Сонымен қатар, адамның тұрып жатқан өңірінде өсірілген өнімдер оған сәйкес келеді.

Табиғаттың даналығы – аутолиз механизмін әр организмге бергендігінде. Картоп крахмалдан тұрады, бірақ қабығының астында крахмал айналдырушы заттар бар. Бұл заттар ұрықтың дұрыс дамуына көмектеседі. Бұның мағынасында түр бойынша тамақтану, яғни жер шарындағы әрбір түр басқа биологиялық объектілердің өздігінен қорытуына үйренеді (түйелер – тікенекті, бұғылар – бұғы мүгіне), басқаша айтқанда әрбіреуінде өзіндік тағам мен өзіндік анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері.

Мысалы, арыстанды тікенекпен, ал түйені етпен тамақтандырса олар өледі. Адамдар да сол сияқты. Оның түрлік тағамдары – жемістер, жидек, дәндер, жаңғақ, тұқымдар, түйнектер.


  1. Сондықтан Шаталова Г.С. бойынша емдік тамақтану бір тамақтану стилі бойынша ұсталуы керек (көбінесе өсімдік тағамдары мен кішкене ет).

Әбір өнімнің өзіндік қорытылу уақыты бар (ет – 7 сағат, көкөністер – 4 сағат, жемістер – 1 сағат). Әріреуінде өзіндік қорытылу бағдарламасы болады. Мысалы, сіз алма, картоп пен қара өрікпен піскен үйрек етін жедіңіз. Сіздің организміңіз желінген тамақты 3 бағдарлама бойынша қорытуы керек, бірақ ол бірден 3 бойынша қорыта алмай, ең қиынын таңдайды – етке (ішек жолдары мен сілтінің ең ақырғы шоғырлануы пайда болады) және ішек-қарын жолдары қабырғаларына үлкен салмақ салынады. Біздің тамақтануымыз әр түрлі, сондықтан біздің асқазанымыз үнемі, күшті жұмыс істеп тұрады.

Шаталованың айтуы бойынша рационнан жануар ақуыздарын алып тастау, жақсы денсаулыққа мүмкіндік береді. Ол тәжірибе арқылы адам күніне 5 есе аз калорий қабылдаса, өзін жақсы сезінетінін дәлелдеді.

Емдік тамақтану - жемістер, жидек, дәндер, жаңғақ, тұқымдар. Жануар өнімдерін, консервілер, ұн және кондитер өнімдерін сүт өнімдерін алып тастау керек. Қара шай, кофе, какао, шоколад, спирттер, қант, тұзды (тәулігіне 2 г/тәулік, теңіз тұзы жақсы) қолданбау керек.

Емдік таақтану мезгіл бойынша құрылады: көктемде – шөп, жазда – жемістер, көкөністер, күзде – күздік көкөністер, мен жемістер, қыста – дән, жарма, тұқымдар. Таза су (бұлақтан), алюминий ыдыстарын қолданбаған жөн.



Қанша жеу керек? Алақанымызда қанша су - сол біздің созылмаған асқазанымыз. Пісірудің ең аз уақыты, аз порциямен жеу, ұқыпты шайнау. Мұндай тамақтану салмақты төмендетіп, жұмыс қабілеттігін және шыдамдылығын арттырады.

  1. Емдік тамақтануға бірден көшу қиын. Біріншіден тамаққа деген сезім стереотиптерін өз ойымызда жеңіп алу, денсаулығымыз үшін жауапкершілікті сезіну. Тамақты 2 рет қабылдау, оған дайындалғанын – 1 рет, 1 реттік тамақ мөлшері – 350-450 см3 , аралығы 3-4 сағат, тамақтануға дейін су ішу керек. Тамақтану кезінде және 2 сағаттан кейін су ішуге болмайды– асқазан шырынын сумен араластырмау үшін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет