205
№ 1 САБАҚ. «ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТ ТЕЛЕФОН НӨМІРЛЕРІ»
Сабақтың мақсаты: оқушыларды шұғыл қызмет
желілеріне дұрыс және
тиімді қоңырау шалуға үйрету және жылдам әрекет ету үшін оларға қажетті
ақпаратты беру.
Негізгі міндеттері:
1. Оқушыларды «Жедел қызмет» туралы түсінікпен және желілерімен таныстыру.
2. Қандай оқиғаларда жедел қызметке жүгіну қажеттігін түсіндіру.
3. Жедел қызмет операторына ақпаратты
нақты және дұрыс хабарлауды
оқушыларға үйрету .
Сабақтың барысы
1.
Кіріспе
Жедел қызмет телефон нөмірлері туралы ақпарат ұсыну.
112 – төтенше жағдайлар департаментінің Бірыңғай кезекші-диспетчерлік
қызметінің телефон нөмірі. 112 телефон нөмірі бойынша тәулік бойы төтенше
жағдайдың қаупі немесе туындауы не шұғыл көмекті
қажет ететін өзге де
жағдайлар туралы хабарлама қабылдайтын болады. Егер сіз өмірге,
денсаулыққа, мүлікке, қоршаған ортаға нақты қауіп
төнгенде немесе аталған
қауіп-қатерлердің туындауының нақты себебі болғанда шұғыл көмекке мұқтаж
болсаңыз ғана осы нөмір бойынша қоңырау шалу қажет.
Қазақстанда 112 нөмірінен басқа барлық шұғыл қызметтердің нөмірлері
бар: өрт сөндіру қызметі – 101, полиция – 102, жедел медициналық көмек – 103,
авариялық газ қызметі – 104.
«Есте сақта!»
Өрт күзеті
Достарыңызбен бөлісу: