«жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар • Мектепалды даярлық (4-5 жас)



Pdf көрінісі
бет184/189
Дата25.09.2024
өлшемі3.59 Mb.
#504000
түріСабақ
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   189
12.08.2024 ЭЛЕКТРОННАЯ КНИГА Уроки ЛБ КАЗ.docx (1)

Пайдалы сілтемелер: 
https://youtu.be/tAhDCJC0Ttc?si=IBfvcpWxZl_t9moS 
https://youtu.be/LF-svPIBQVw?si=OECgGeLiP_frsUj0 
https://youtu.be/VjbLbO0uHIA?si=7viGekCfmv36Q5jV 
https://youtu.be/tApoEyYn2FE?si=DHdS5Xidrv5A8rJ1 
https://youtu.be/DY3DRxWokn8?si=W3rUjZA2AHnxn6Dp
 


245 
№ 7 САБАҚ. «СЕКТАЛАРДЫҢ ЫҚПАЛЫНА ҚАЛАЙ ТҮСПЕУГЕ 
БОЛАДЫ?»
 
Сабақтың мақсаты: секта туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен 
зардаптарын ұғындыру. 
Негізгі міндеттері: 
1) 
діни секталардың бала өміріне қауіптілігін түсіндіру;
2) 
деструктивті бағыттағы секталардың ұстанымдарын ажыратуға үйрету;
3) 
елін, жерін сүйетін, отанын, тілін, ата-бабасының дінін қастерлей 
білуге баулу
.
Сабақтың барысы 
1. Кіріспе (2 мин) 
Христиандықта, исламда және басқа діндерде қандай да бір басым бағыттан 
әртүрлі себептермен бөлінген сенушілердің бірлестігі секта деп аталады. 
Деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, отбасына, адам 
денсаулығына қауіп төндіреді. 
2. Негізгі бөлім (6 мин) 
Деструктивті діни ағым немесе ұйым – бұл адамның санасы мен еркіне толық 
бақылау орнатуға ұмтылатын деструктивті діни немесе жалған діни ұйым.
Деструктивті культтерге тарту тәсілдері мынадай жолдармен жүзеге 
асырылады:
- Әлеуметтік желілер ең тиімді және кең тарту жолы.
- Спортпен айналысатын жас жігіттер мен қыздарды тартады. Спорт 
түрлерімен айналысатын (күрес, бокс және басқа түрлері).
- Балалар үйлері, дағдарыс орталықтары, қарттар үйлері және мүгедектерге 
көмек көрсету орталықтары да қолжетімді. 
Деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, отбасына, адам 
денсаулығына қатер төндіреді. 
- Діни секталардың белгілері: ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерін 
(Наурыз мейрамын тойлауды, қазақ халқының «Беташар», «Сәлем салу» 
салттарын, өмірден озған жандарға құран бағыштауды және т.б.) жоққа 
шығарады. 
- Мемлекеттік рәміздерді және мемлекеттік мерекелерді құрметтемейді. 
- Дәстүрлі исламды ұстанатын мұсылмандарды кәпірлік жасайды деп 
айыптайды, өзге діндердің өкілдері мен дінді ұстанбайтын адамдарға 
төзімсіздік танытады. 
- Заманауи мәдениет және өнер түрлеріне (музыка, балет, бейнелеу өнері және
т.б.) өшпенділік танытады. 
- Заңда белгіленген міндеттерді (әскерде қызмет ету, міндетті орта білім алу және 
т.б.) орындаудан бас тартады. 
- Медициналық рәсімдердің кейбір түрлерінен (қан құю, вакцинация, ағза 
мүшелерін трансплантациялау және т.б.) бас тартады. 
- Білім мекемелеріндегі жекеленген пәндерге (биология, дене шынықтыру, ән-
күй, сурет салу және т.б.) қатыспауға шақырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет