«жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар • Мектепалды даярлық (4-5 жас)



Pdf көрінісі
бет185/189
Дата25.09.2024
өлшемі3.59 Mb.
#504000
түріСабақ
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   189
12.08.2024 ЭЛЕКТРОННАЯ КНИГА Уроки ЛБ КАЗ.docx (1)

Постер жасау және қорғау.
1-топ. «Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған діни бағыттағы 
ұйымдардың тізімі». 


246 
3-топ. «Діни секталардың белгілері». 
2-топ. «Сектанттардың қулықтарына қалай түспеуге болады?». 
 
3. Қорытынды: сабақты қорытындылау.  
 
Пайдалы сілтеме: 
https://youtu.be/mVKWd4Xkd7Q?si=spEFbKTVgePjbtQf
 


247 
№ 8 САБАҚ. «ШЫНАЙЫ ДОСТЫҚ ПЕН ЖАЛҒАН ДОСТЫҚТЫ 
АЖЫРАТУ»
 
Сабақтың мақсаты: оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, достықтың 
шынайы белгісі туралы түсіндіру. 
Негізгі міндеттері: 
- достық, сыйластық туралы пікірлесе отырып оқушылар арасында сыйластық 
қалыптастыру; 
- оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру, олардың өзін қоршаған 
ортасын дұрыс түсінулеріне, өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына, өз 
ойын, пікірін баяндай жеткізе білулеріне көмектесу; 
- оқушыларды достыққа адал болуға, имандылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың барысы 
1. Кіріспе (2 мин). «Ой қозғау» әдісі 
Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде замандастары 
шешеннен: 
– Достық нешеу? - деп сұрапты.
Әйтімбет: 
– Достықтың 2 түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық, - дейді. 
Дұрыс-ақ енді оларды қалай ажырата аламыз? 
Шешен:
– Адал достық – өмірлік нұсқа, амал достықтың өрісі қысқа, – деп жауап беріпті. 
Осыны қалай түсінесіңдер? 
2. Негізгі бөлім (6 мин) 
Рольдік ойын. 
 Екі дос арасындағы сүйіспеншілікті бейнелеу 
Жағдаяттан шығу: 
- Саған досың өкпелі. Неге екенін білмейсің. 2 күн болды сені көрсе 
қашқақтайды. Сен не істейсің? 
- Досың сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды. Қандай шешім қабылдар 
едің? 
- Сенің жаңа досың бұрынғы досыңмен араласпауыңды өтінді. Өзімен ғана дос 
болғаныңды қалайды. Не істейсің? 
- Досың сенің қимас ағаң сыйлаған сувениріңді ұнатып қалды. Қайта-қайта оны 
қызықтаумен болды. Қимас досың сұраса берер ме едің? 
3. Қорытынды (2 мин): сабақты қорытындылау, кеңес беру. 
Достықты қадірлей біліңдер. Досыңның кемшілігін кешіре біл. Достық сезім 
нұр құяды сезімге, досым үшін тойым дағы, төрім де. Қуаныштың ақ құсы боп 
самғаған, дос көңілдер шырқай берсін өмірде! Адам бойындағы барлық жақсы 
қасиеттер, адамгершілік нормалары, әлемнің татулығы – бәрі де осы достықтан 
бастау алады. Сол бастау сендердің бойларыңда қаланды деп сенемін! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет