№ 3 САБАҚ. «ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТ КЕЗІНДЕГІ
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ»
Ұзақтығы: 25-30
минут
Топ/сынып: мектепалды тобы/сынып (5 жастағы балалар)
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: балалардың
қауіпсіздігін
қамтамасыз ету және қолайлы даму ортасын
қалыптастыру мақсатында
ұйымдастырылған іс-шаралар кезінде тәртіптің (қауіпсіздік)
негізгі ережелеріне
үйрету.
Міндеттері:
▪ Балаларды топта/сыныпта тәртіптің (қауіпсіздік)
негізгі ережелерімен
таныстыру.
▪ Осы ережелерді сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.
▪ Тәртіп (қауіпсіздік) ережелерін бекіту үшін
балаларға рольдік ойындар
ойнатып, жаттықтыру.
Материалдар мен ресурстар:
▪ Тәртіп (қауіпсіздік) ережелерін бейнелейтін суреттер немесе карточкалар.
▪ Ұйымдастырылған іс-әрекет кезіндегі әртүрлі
жағдайлар бейнеленген
карточкалар.
Ұйымдастырылған іс-әрекет:
Балаларды қарсы алу
Ұйымдастырылған іс-әрекет кезінде ережелерді
сақтаудың маңыздылығын
түсіндіру (мысалы, барлығының өз қызығушылығына сай әрекеттермен айналысуы
үшін жайлы орта жасау).
Ережелердің топты/сыныпты барлығына жайлы
және қауіпсіз етуге қалай
көмектесетінін қысқаша талқылау.
Педагог ережелердің иллюстрацияларын пайдаланып, негізгі ережелерді
түсіндіреді:
Достарыңызбен бөлісу: