«жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар • Мектепалды даярлық (4-5 жас)



Pdf көрінісі
бет19/189
Дата25.09.2024
өлшемі3.59 Mb.
#504000
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   189
12.08.2024 ЭЛЕКТРОННАЯ КНИГА Уроки ЛБ КАЗ.docx (1)

Ұйымдастырылған іс-әрекет: 
Өрт сөндірушілер, полицейлер және медицина қызметкерлері кім екені және 
олардың адамдарға қалай көмектесетіні туралы қысқаша талқылау. 
Қайда және қалай қоңырау шалу керек екенін үйрену: 
- бейнеролик тамашалау; 
- қажетті телефон нөмірін теру
- анық және сабырлы (байсалды) сөйлеу. 
- өзін таныстырып (аты-жөнін, қайдан екенін айту) не болғанын айту. 
Сюжеттік-рольдік ойын: 
Балаларды жұптарға бөлу. Бір бала қоңырау шалушының ролін, екіншісі – 
төтенше қызмет операторының ролін ойнайды. 
Әртүрлі жағдайлар көрсетілген (өрт, адам құлап кетуі, көшеде біреу айқайлап 
жүр және т.б.) карточкаларды тарату. 
Қоңырау шалуға жаттықтыру. Ол үшін бала қажетті телефон нөмірін теріп
операторға ақпарат беруі керек. 
Төтенше қызметтердің телефон нөмірлерін қайталау: 
Ойын түрінде төтенше қызметтердің телефон нөмірлерін қайталау. Телефон 
нөмірлерін есте сақтау үшін ән немесе тақпақ (рифма) ойластыру. 
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің рефлексиясы. Балаларға үйде қайталау 
үшін төтенше қызметтердің телефон нөмірлері жазылған карточкалар немесе 
жапсырмалар тарату. 
Пайдалы сілтемелер: 
https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij
 
https://orken-instituty.kz/ru/dashboard/cpsp-material/poleznye-materialy-cpsp 
https://www.youtube.com/watch?v=HBgZoMfOcIE&list=PLA5eCSY2FeoQFtm
Gao7lWQuIA-hK_6ODD&index=12
 


№ 2 САБАҚ. «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ҚОҢЫРАУ ШАЛУ СКРИПТЕРІ» 
 
Ұзақтығы: 25-30 минут 
Топ/сынып: мектепалды тобы/сынып (5 жастағы балалар) 
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: балаларды төтенше қызметтерге 
дұрыс және тиімді қоңырау шалуға, жедел әрекет ету үшін қажетті ақпаратты 
беруге үйрету. 
Міндеттері: 
• Балаларды төтенше қызметтердің телефон нөмірлерімен (полиция, өрт 
сөндіру қызметі, жедел жәрдем, газ қызметі) таныстыру. 
• Төтенше жағдайлардағы қоңырау скриптерінің негізгі элементтерін көрсету. 
• Әртүрлі төтенше жағдайларда қоңырау скриптерін есте сақтау және төтенше 
қызметтерге қоңырау шалу бойынша жаттығулар өткізу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет