«жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар • Мектепалды даярлық (4-5 жас)


№ 7 САБАҚ. «МЕН АДАСЫП КЕТКЕН ЖАҒДАЙДАҒЫ БЕС



Pdf көрінісі
бет26/189
Дата25.09.2024
өлшемі3.59 Mb.
#504000
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   189
12.08.2024 ЭЛЕКТРОННАЯ КНИГА Уроки ЛБ КАЗ.docx (1)

№ 7 САБАҚ. «МЕН АДАСЫП КЕТКЕН ЖАҒДАЙДАҒЫ БЕС 
ҚАРАПАЙЫМ КЕҢЕС»
 
Ұзақтығы: 25-30 минут 
Топ/сынып: мектепалды топ/сынып (5 жастағы балалар) 
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: балаларды адасып кеткен 
жағдайда дұрыс әрекет етуге үйрету. 
Міндеттері: 
Балаларды адасып кеткен жағдайда көмектесетін бес негізгі кеңеспен 
таныстыру. 
Адасып кеткен жағдайда қай жерде қалудың маңыздылығын түсіндіру. 
Балалардың өздері туралы маңызды ақпаратты (толық аты-жөні, ата-анасының 
есімдері, телефон нөмірлері) есте сақтауларын дамыту. 
Материалдар мен ресурстар: әртүрлі жағдайлар, қабылдануы тиіс әрекеттер 
бейнеленген карточкалар. 
Ұйымдастырылған іс-әрекет: 
Балаларды қарсы алу 
Адасып кеткен жағдайдағы бес қарапайым кеңеспен таныстыру:
1-кеңес. Орныңда қал. 
Егер адасып кетсең, ең бастысы – орныңда қалу. Бұл ересектердің сені тез 
табуына көмектеседі. 
Көмекті күтіп, орнында тұрған баланың иллюстрациясын көрсету. 
2-кеңес. «Анашым/Әкем» деп қатты дауыстап, айналаға мұқият қара. 
3-кеңес. Егер телефон болса, ата-анаңа қоңырау шалып, тұрған жеріңді айт 
(немесе айналаңдағы нәрселерді сипатта). Телефон жоқ болса, ересек адамнан 
қоңырау шалуды өтін. Егер анаңның/әкеңнің телефон нөмірін білмесең, біреуден 
полицияға қоңырау шалуды өтін. Егер формадағы полицейді көрсең, оған барып, 
адасып кеткеніңді айт. 
4-кеңес. Егер көшеде/саябақта адасып кетсең, қауіпсіз жер тауып, сонда кір. 
Мысалы, жақын жердегі дүкен, бутик немесе кафе. 
Кассирге, сатушыға, әкімшіге, күзетшіге, даяшыға немесе тазалаушыға бару. 
Адасып кеткеніңді айтып, көмек сұра. 
5-кеңес. Бейтаныс адамдарға еріп кетпе 
Ешқашан бейтаныс адамдарға еріп кетпе, тіпті олар көмек сұраса да. 
Орныңда қалып, сенім артуға болатын адамдардың көмегін күт. 
Бейтаныс адаммен кетпей тұрған баланың иллюстрациясын көрсету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет