№ 8 САБАҚ. «МЕН АДАСЫП КЕТКЕН ЖАҒДАЙДАҒЫ БЕС
ҚАРАПАЙЫМ КЕҢЕС»
Ұзақтығы: 25-30 минут
Топ/сынып: мектепалды топ/сынып (5 жастағы балалар)
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты: балаларды бейтаныс адам оларды
алып кетуге тырысқан жағдайда дұрыс әрекет етіп, өздерін қорғап, көмек шақыруға
үйрету.
Міндеттері:
Балаларды бейтаныс адамдармен байланыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен
таныстыру.
Балаларға
бейтаныс
адамдардың
ұсыныстарынан
бас
тартудың
маңыздылығын түсіндіру (балмұздақ, кәмпит, сағыз, ойыншық және т.б.).
Балаларды күмәнді жағдайларды тануға және
мұндай жағдайларда дұрыс
әрекет етуге үйрету.
Материалдар
мен
ресурстар:
әртүрлі
жағдайлар
бейнеленген
иллюстрациялар
немесе суреттер, қабылдануы
тиіс әрекеттер бейнеленген
карточкалар.
Ұйымдастырылған іс-әрекет:
Балаларды қарсы алу. Бейтаныс адам
оларды алып кетуге тырысса, қалай
әрекет ету керектігін түсіндіру.
«Бейтаныспен кездесу»
графикалық бейнеролигін қарап,
негізгі қауіпсіздік
ережелерін талқылау:
1-ереже. Ешқашан бейтаныс адамдарға ерме
Балаларға бейтаныс адамдарға еріп кетуге болмайтынын (тіпті
олар қызықты
немесе тәтті нәрселер ұсынса да) түсіндіру.
Балаға бірдеңе ұсынған бейтаныс адам бейнеленген
иллюстрацияларды
көрсету.
2-ереже. Сенімді ересектерге жақын бол
Балаларды әрқашан ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің жанында болуға
үйрету.
Ересек адамның қолынан ұстап тұрған баланың суретін көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: