«жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар • Мектепалды даярлық (4-5 жас)


Жеке қауіпсіздік сабақтарын өткізу форматы



Pdf көрінісі
бет4/189
Дата25.09.2024
өлшемі3.59 Mb.
#504000
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   189
12.08.2024 ЭЛЕКТРОННАЯ КНИГА Уроки ЛБ КАЗ.docx (1)

Жеке қауіпсіздік сабақтарын өткізу форматы 
Сабақтарды өткізудің бірнеше форматы ұсынылады: бейнедәрістер, 
анимациялық дәрістер және мәтіндік дәрістер, бұл оқытудың әртүрлілігі мен 
ыңғайлылығын қамтамасыз етеді. Білімді бақылау үшін озық білім беру 
технологияларына негізделген тест, кейстік, жобалық және интерактивтік 
тапсырмалар пайдаланылады. 
Курс өтудің жеке траекториясын қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұл білім 
алушыларға түрлі бағыттардан, техникалық бағыттан гуманитарлық бағыттарға 
дейін олардың мүдделері мен қажеттіліктеріне сәйкес білім мен дағдыларды 
дамытуға мүмкіндік береді. 
Оқыту нәтижесінде балалардың мынадай дағдылары қалыптасады: 
1) нақты жағдайдың өмірге және денсаулыққа қауіптілік дәрежесін бағалау; 
2) қауіпті жағдайда жылдам әрекет ету үшін экстремалдық ойлау; 
3) өз эмоциясы мен мінез-құлқын бақылау; 
4) өз мінез-құлқының және айналадағыларға ықпал ету тәсілдерінің 
алгоритмін құру, жауапкершілік таныту; 
5) өз эмоциялық жай-күйін тұрақтандыру және іс-әрекеттерде қауіптілік 
деңгейін байыпты қабылдау жөніндегі өз ролі мен функцияларын түсіну; 
6) тез эвакуациялау немесе басқа да қауіпті, күтпеген, стресстік, стандартты 
емес жағдайларда шешім қабылдау
7) арнайы қызметтермен өзара әрекеттесу кезінде өз функцияларын түсіну. 
Оқыту нәтижесінде балаларда мынадай құзыреттер қалыптасады: 
1) қауіпсіз және қауіпті жағдайлар туралы хабардар болу;
2) даулы жағдайлар мен келіссөздерді шешу;
3) агрессия мен зорлық-зомбылықтан қорғау;


4) эмпатия сезімін және басқа адамдарға мейірімділікті арттыру;
5) әлеуметтік бейімделу және жаңа жағдайларға бейімделу;
6) өз қорқыныштары мен фобияларын бағалау және еңсеру;
7) өз қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сенімділікті арттыру.
8) қауіпсіздік сезімі және өзіне сенімділік;
9) жағдаятты талдау және дағдарыс жағдайларында шешім қабылдау;
10) өз әрекеттері мен денсаулығы үшін жауапкершілікті арттыру;
11) сын тұрғысынан ойлау және жағдайды бағалау қабілеті;
12) басқа адамдармен қарым-қатынас және өзара іс-қимыл жасай білу;
13) қажет болған жағдайда көмек сұраудың маңыздылығын түсіну;
14) әртүрлі жағдайда өз-өзіне және өзара көмек көрсету;
15) эмоциялық басқару және басқарушылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет